«Зима 2025»

Мен әжемді мақтан тұтамын

Менің әжем-өмірдегі ең қымбат адамым. Мен оны бар жүрегіммен жақсы көремін. Әжем көпті көрген жан.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Мен әжемді мақтан тұтамын

Менің әжем-өмірдегі ең қымбат адамым. Мен оны бар жүрегіммен жақсы көремін. Әжем көпті көрген жан. Өмірден көргені,түйгені мол.

Жас кезінде ауылда тұрған. Он бір бала тәрбиелеп өсірген. Атам өмірден қайтқан кезде менің әкем 9-сыныпта оқыған екен. Әжем басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп,бар баласына жоғары білім алуға жағдай жасаған.Әжем- сиыр сауып май,құрт жасаудың шебері.

Құрты сондай тәтті-ақ. Қолы да шебер. Ою өрнектеп көрпе тігеді. Әжем білімді де,ол маған неше қилы жаңылтпаш, жұмбақ,ертегілер айтып береді. Әжем айтқан ертегілерді мен әлі кітаптардан кездестірген жоқпын. Әжем мені үнемі «құлыным», «ботам» деп еркелетіп отырады. Тіпті кейде жасаған қателіктеріме де ұрысып,жекімейді. Оның маған деген мейірімі шексіз. Жазғы демалыс кезінде екеуміз ауылға, басқа қалаларда тұратын туыстарымызға қыдырып барамыз. Әжемді жұрттың бәрі сыйлайды. Құрметпен қарайды.Әжемнің суреті кеңес үкіметі кезінде Ақтоғай ауданында көше ортасындағы құрмет тақтасына ілініп тұрды. Қазір сол суреті ауданның музейінде қойылған. Менің әжем дүниедегі ең жақсы,аяулы әже! Мен әжемді мақтан тұтамын.


Әжем менің ардақты,құрметті адам,

Немерелері сүйсініп, таласады оған.

Әжем-жаным,қамқоршым,шежіре жыр,

Ауырмашы жан әже,жасай берші,
Бар жақсылықты тілеймін өмірде саған.



Балқаш қаласының «№15 мектеп-лицейі» КММ

4 «В» сынып оқушысы Шаймұратұлы Али












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее