«Зима 2025»

"Менің балабақшам"

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің балабақшам»

Білім беру саласы /Образовательная дея-ть: Коммуникация

Бөлімі /Раздел: Қазақ тілі/ казахский язык

Тақырыбы /Тема: Сәлем! Сәлеметсіз бе! Сау бол! Сау болыңыз!

Мақсаты/Цель: Балаларды қазақша амандасып, қоштасу сөздерін дұрыс айтуға үйрету.

Міндеттері/Задачи: (5-6) Балаларға танысу, амандасу үлгілерін үйрету. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

(4-5) Амандасу үлгілерін үйрету. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы/Словарная работа: Сәлем! Сау бол! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!

Билингвальді компонент/Билингвальный компонент: Сәлем!-Привет! Сау бол!-Пока! Сәлеметсіз бе!-Здраствуйте! Сау болыңыз!-До свидание!

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің балабақшам»

Білім беру саласы /Образовательная дея-ть: Коммуникация

Бөлімі /Раздел: Қазақ тілі/ казахский язык

Тақырыбы /Тема: Сәлем! Сәлеметсіз бе! Сау бол! Сау болыңыз!

Мақсаты/Цель: Балаларды қазақша амандасып, қоштасу сөздерін дұрыс айтуға үйрету.

Міндеттері/Задачи: (5-6) Балаларға танысу, амандасу үлгілерін үйрету. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

(4-5) Амандасу үлгілерін үйрету. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы/Словарная работа: Сәлем! Сау бол! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!

Билингвальді компонент/Билингвальный компонент: Сәлем!-Привет! Сау бол!-Пока! Сәлеметсіз бе!-Здраствуйте! Сау болыңыз!-До свидание!

Көрнекілік құралдары/Оборудование: кесте-сурет, доп, қуыршақтар.

Сабақтың бөлімдері

Части занятия

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Действие воспитателя

Балалардың қызметі

Деятельность детей


Кіріспе бөлім


- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де, (Қолдарымен өздерін көрсетеді)

Қуанасың сен де.(Қолдарымен бір-бірлерін көрсетеді)

Қуанайық досттарым, (Барлығы қолдарын ұстайды)

Жарқыраған күнге! (Қолдарын тербетеді)

Балалардың амандасуы.

Педагогпен бірге қайталайды.


Негізгі бөлім



Педагог балаларға екі бала амандасып тұрған суретті көрсете отырып, олар өзара: «Сәлем», - деп амандаса алатынын түсіндіреді де, бір баламен: «Сәлем», - деп өзі амандасып көрсетеді. Осыдан кейін балалардың назарын үлкен адаммен амандасу үлгісіне аударып, үлкен кісілермен «Сәлеметсіз бе!» - деп амандасатындарын үйретеді. Осылай қоштасу үлгісі бойынша берілген суреттермен де жұмыс жасалады.

Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, амандастырып жаттықтырады. Мысалы: - Арман, сәлем! – Сәлем, Қанат! Атын атай отырып амандасу, қоштасу – балалардың бір-бірінің атын есте сақтауына, өзара жылы қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.

Педагог осыдан кейін балалардың үлкен адаммен амандасуы мен қоштасуын жаттықтыруға көшеді. Ол үшін қонаққа ұл, қыз, ата, әже қуыршақтары арнайы шақырады. Олардың қатысуымен амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтырады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Педагог балалардың назарын суретке аударып, суретте берілген адамдармен қалай амандасатындарын, қоштасатындарын қайталай отырып тақырыпты бекітеді.

Балалар өздері білгендерін, үлкендермен амандасуды айтып береді. "Сәлемесіз бе!" және «Сау болыңыз!» деп амандасу керектігін айтады.

Балалар достарымен қалай амандасу керектігін және қалай қоштасу керектігін түсінеді, қайталайды.


Балалар бір-бірлерін аттарын атап айту арқылы есте сақтайды.








Сергіту сәтін қайталай отырып қимылдармен орындайды.

Қорытынды бөлім

Педагог балалармен оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды.

Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее