«Зима 2025»

Менің қарындаштарым мен бояуларым

Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні:

Сынып: 3

Пән: қазақ тілі


Сабақ тақырыбы:

Менің қарындаштарым мен бояуларым


Жалпы мақсат:

Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Сабақтың мақсаттары

Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс ұстап, қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету

Күтілентін нәтижесі:

Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.


Негізгі идеялар:

Сөйлеу әдістері мекн сөздік қорларын дұрыс пайдалана отырып қатесіз орындау

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Үлестірмелі материалдар

  2. АКТ

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

, диалогтік оқыту

  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Менің қарандашым берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz


Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Мозайкаі әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу


I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру


Мұғалім берген тапсырманы орындау


II.Ой қозғау


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру



Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу


«Менің күнделігім.» туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) (4 мин)

  • Кнделіктуралы не білем?

  • Күнделік не үшін қажет?

  • Тақырыптың негізгі сипаттамасы қандай?


III.Мағынаны ашу: «Менің қарындаштарым мен бояуларым» (10 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату




Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Менің қолымнан қандай бейнелеу өнеріне қажетті құралды көріп тұрсыңдар?

  • Қарындаш қандай жұмыс атқарады?

  • Қарындааштың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Бүгін біз қандай тақырыпта жұмыстанамыз деп ойлайсыңдар?


IV.Топпен жұмыс (5 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтарға жаңа тақырып бойынша Аквариум әдісін пайдалану арқылы жаңа тақырптын мағанасын және негізгі идеясын ашу

тапсырма - «Жұмбақ шешу» Әр топқа жұмбақтар таратылады.

Жұмбақтар

Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

Жіп жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (Қарындаш)

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты. Қарындаш

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.

Өзі жансыз, жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп. Қарындаш

Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып кетеді. Қарындаш

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру


V.Сергіту сәті: «Қара жорға» (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау

Берілген тапсырманы орындау


VI.Шығармашылық тапсырма

«Тақырыпты мен былай түсінем» (кітаппен жұмыс жұмыс, талдау, бағалау) (10 мин)

Өз ойларын қағазға түсіре отырып постерді толтыру. Әр топтан постерді қорғау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты ресурстар мен кітап материалдарын қағаздарын таратады және қосымша материалдар үлестіріледі

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын сурет арқылы жеткізу


VII.Қорытындылау:

(сұрақ-жауап) (4 мин)

  1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

  2. Карандаш не үшін қажет?

  3. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

  4. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

  5. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

VIII.Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

IX.Бағалау:

Өзін-өзі бағалау (3 мин)

X.Үй тапсырмасы:

Оқулық бойынша тапсырма




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее