«Зима 2025»

"Менің педагогикалық ұстанымым" эссе

Эссе "Менің педагогикалық ұстынымым"

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз.

Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен

Атқаруға үлесімді қосу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Қазақ тілі қазақтың ұлы ақыны Абайдың, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтардың, дауылпаз жырдың Құлагері Ілиястың, сұлу сөздің иесі Сәкен мен Мағжанның тілі. Тіл – ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет-көркем шежіресі, тарихы. Х.Досмұхамедұлы айтқандай, «Тілінен айырылған жұрт-жойвлған жұрт». Мектеп пен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолдаудан қалған тіл-бақытсыз тіл. Ол ел-сорлы ел, тәуелсіздігі тілдің тәуелсіздігімен тікелей байланысты және тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілімізді өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімізді қоссақ игі. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызымыз деп білемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті –баланың жүрегіне, бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын, жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дайылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда.Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Эссе "Менің педагогикалық ұстынымым"

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз.

Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен

Атқаруға үлесімді қосу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Қазақ тілі қазақтың ұлы ақыны Абайдың, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтардың, дауылпаз жырдың Құлагері Ілиястың, сұлу сөздің иесі Сәкен мен Мағжанның тілі. Тіл – ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет-көркем шежіресі, тарихы. Х.Досмұхамедұлы айтқандай, «Тілінен айырылған жұрт-жойвлған жұрт». Мектеп пен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолдаудан қалған тіл-бақытсыз тіл. Ол ел-сорлы ел, тәуелсіздігі тілдің тәуелсіздігімен тікелей байланысты және тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілімізді өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімізді қоссақ игі. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызымыз деп білемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті –баланың жүрегіне, бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын, жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дайылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее