«Зима 2025»

Микроқаржы ұйымдарына кредит беру шарттары

Микрокредитование. Условие микрокредитования

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Микроқаржы ұйымдарына кредит беру шарттары


МҚҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.

МҚҰ-ға кредит беру шарттары:

- кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін МҚҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;

- кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;

- кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;

- уәкілетті өңірлік ұйымның МҚҰ үшін ұсынатын кредиті бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай, бірақ уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы ставкасының үстінен 1 %-дан асырмай белгіленеді.

МҚҰ үшін қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым беретін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді.

- негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді көздейді.

МКҰ-ның кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде белгілеген бағалаушы жүргізуге тиіс.

- Микрокредиттер соңғы қарыз алушыларға тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілмейді.



Микроқаржы ұйымдарына кредит беру тәртібі


МҚҰ-ға кредит беру жөніндегі өткізілген конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен МКҰ және/немесе КС (конкурсты жеңген) арасында:

кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру туралы шарт;

кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.

Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.

Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.

Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын қарыз алушы уәкілетті өңірлік ұйымға қабылдау-тапсыру актісі бойынша жібереді.

Барлық құжаттар, хат алмасу, шоттардан үзінді-көшірмелер, төлем тапсырмалары, МҚҰ-мен келіссөздердің актілері олардың кредиттік досьесіне тігіледі.


Қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары


Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру мынадай шарттарда жүзеге асырылады:


Соңғы қарыз алушы

МКҰ үшін: ауылдық кәсіпкерлер, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар;

КС үшін: кредиттік серіктестік мүшелері

Бір соңғы қарыз алушыға микрокредит сомасы

3 000 000 теңгеге дейін

Микрокредиттің мақсатты пайдаланылуы

өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары аясында жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту

Кредит беру мерзімі

60 (алпыс) айға дейін

Микрокредит бойынша ең жоғары тиімді сыйақы ставкасы

___ %

(уәкілетті өңірлік ұйым айқындайды)

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең

__ ай (кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен асырмай)

Кредит беру тәсімі

(траншпен беруге болады)

Кредитпен қамтамасыз ету

(кепіл құны немесе КС мүшелерінің кепілдігі)


МҚҰ-на несие алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі


1) Конкурсқа қатысуға өтінім;

2) техникалық ерекшелік;

3) бағалар кестесі;

4) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) біліктілік туралы мәліметтер;

6) кредиттік портфель туралы ақпарат;

7) аталған салық органының бірінші басшысының немесе қол қою құқығына ие адамның қолы қойылып, мөрі қойылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімде берілген салық берешегінің немесе жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

8) әлеуетті қатысушы орындайтын қызмет түрлерінің тізбесімен жарғыдан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме;

9) жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшы құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме;

10) қолтаңбалардың және мөртабанының үлгілері бар нотариалды куәландырылған карточка;

11) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

12) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

13) СТН нотариалды куәландырылған көшірмесі;

14) МҚҰ-ның банктің (банктердің) алдында мерзімі асқан берешегінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) бірінші басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банктің (банктердің) мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер МҚҰ екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Егер банк анықтамасына оны берген банктің бірінші басшысы қол қойған жағдайда, банк анықтамасына қол қойған адамның қол қою құқығын растайтын құжат (сенімхат) қоса берілуі қажет;

15) бірінші басшының немесе оның орнын басатын адамның, бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолымен бекітілген, қалыптасу күні және сипаты көрсетілген кредиторлық және дебиторлық берешектер таратылып жазылған қосымшамен соңғы есептілік күніне (тоқсан) қаржылық есептілігінің түпнұсқасы;

16) ауылды жерлерде микрокредит беруді жүзеге асыруды растайтын мәліметтер (микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшірмесі);

17) кредит тарихы (кредитордың атауы, кредит сомасы және өтеу мерзімдері көрсетілген әлеуетті қатысушының бұдан бұрын алған кредиттері туралы ақпараттық анықтама);

18) бірінші басшының немесе оның орнын басатын адамның қолымен және әлеуетті қатысушының мөрімен расталған Микрокредит беру қағидасының көшірмесі;

19) кредиттік ресурстарды пайдалану және кепілге соттан тыс сату құқығымен мүлік беру туралы уәкілетті орган (құрылтайшы, құрылтайшылардың жалпы жиналысы) шешімінің (хаттамасының) түпнұсқасы;

20) адамның кредит және кепіл беру туралы шарттарға қол қою өкілеттіктерінің жазбаша растамасының (құрылтайшының немесе мүлік иесінің бұйрығы, сенімхаты, шешімі) түпнұсқасы;

21) кепілге берілген кепіл мүлігіне және кепіл мүлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда соттан тыс сатуға меншік иесінің, ерінің (зайыбының) (неке туралы куәліктің көшірмесі), /некеде тұрғаны және тұрмағаны туралы анықтама, барлық кәмелетке толған қосымша иегерлерінің (отбасы мүшелерінің, өзге де адамдардың) нотариалды куәландырылған келісімі;

а) кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда құрылтайшылардың кепіл мүлкін соттан тыс сату құқығымен беруге шешімі хаттамасының түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған үзінді көшірмесін беру қажет;

б) кепіл беруші жеке тұлға болып табылған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасын немесе кепіл берушінің үй кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет;

в) мүліктің иегері/қосымша иегері кәмелетке толмаған бала болған жағдайда қамқоршылық пен қорғаншылық органдарының кепілге және кепілге ұсынылатын мүлікті соттан тыс сатуға жазбаша рұқсаттың түпнұсқасын беру керек.

22) кепіл берушінің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі және СТН;

а) кепіл беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда заңды тұлғаның құқық беретін құжаттарының көшірмелерін және кредит пен кепіл беру туралы шарттарға қол қоюға уәкілетті адамның СТН-ін беру керек;

23) кепілдік қамсыздандыруға ұсынылатын құжаттар:

1. қамсыздандыруға ақша берілген жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі ұсынылады:

банк шотының шарты;

банкке ақшаны орналастыруды растайтын шарт;

ақша кредит мерзімінен кем емес кезеңге шұғыл банк салымын ресімдеген кезде жинақ шоттарына орналастырылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қабылданады. Мынадай қажетті шарттар сақталған кезде:

депозит шоттағы қалдықтарды жыл сайын растау;

ақша орналастырылған банк Конкурс ұйымдастырушысының жазбаша рұқсатынсыз және келісімінсіз ақша қалдықтары бойынша іс-әрекет жүргізбеу туралы кепілді міндеттемелер беруі.

2. қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік ғимарат, құрылыс, тұрғын үй-жай, пәтер және т. с. с. берілген жағдайда меншік құқығының туындауына қарай мынадай нотариалды куәландырылған құжаттардың:

сату-сатып алу шартының, жекешелендіру шартының, айырбастау, сыйға тарту шарттарының, (ғимараттар мен құрылыстар) пайдалануға беруді қабылдау актісінің, мұрагерлік құқығы туралы куәлігінің, сот шешімінің, жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық паспорттың (үй кітапшасы), жер учаскесіне құжаттардың, ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері беріледі.

3. қамтамасыз етуге жер учаскесін немесе жерді пайдалану құқығын берген жағдайда меншік құқығының туындауына орай нотариалды расталған құжаттардың:

сату-сатып алу шартының, жер учаскесін жалға беру шартының, сот органдары шешімінің, жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімінің, жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, тұрақты жерді пайдалану құқығына актінің немесе жерді уақытша (өтеусіз, ақылы) пайдалану құқығы актісінің; жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы куәліктің, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің немесе жерді пайдалану актісінің; жер учаскесі шекарасы жоспарының, жер учаскесі бонитеті балдары көрсетілген тиісті құжаттың; ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері беріледі;

аудандық әкімдіктен (аудандық статистика басқармасы) соңғы 3 жылда жүргізілген ауыл шаруашылығы жұмыстары туралы анықтама;

салық комитетінен салық аударымдарын төлегені туралы растау-анықтаманы;

Қазақстан Республикасының бағалау саласында қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурс өтінімдері салынған конверттер ашылған күнге дейін кемінде күнтізбелік 90 күн бұрын жасалған бағалау актісі.

Кепілге меншік құқығындағы немесе уақытша ақылы жерді пайдалану/жерді тұрақты пайдалану құқығындағы Кепіл берушіге тиесілі жер учаскелері қабылданады. Жерді пайдалану мерзімі кредит беру мерзімінен кемінде 3 (үш) жыл артық болуы керек. Кепілге дәнді дақылдар, көкөніс және т.с.с. өсіру үшін қолданылатын жер учаскелері кепіл берушілер келесі шарттарды орындаған кезде:

1. соңғы 3 (үш) жылда агротехникалық іс-шаралардың сақталуы;

2. берілген жер учаскелер бойынша топырақ бонитетінің балдары:

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары үшін кемінде 25;

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін кемінде 20;

Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшін кемінде 18 болуға тиіс.

3. кепіл берушінің бюджет алдында берешегінің болмауы.

4. қамтамасыз етуге жылжымалы мүлікті (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.) беру жағдайында мүліктің түріне қарай нотариалды расталған құжаттардың көшірмелері:

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее