«Зима 2025»

Научная работа на тему: "Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың рөлі"

Научная работа на тему: "Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың рөлі"

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«№ 18 Гимназия» КММ









Ғылыми жұмыс



Тақырыбы: Қазақ тілі сабағындағы

коммуникативтік ойындардың рөлі.























2016-2017 оқу жылы





Зерттеу жұмысының мақсаты: өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде, қазақ тілі сабағында, бастауыш сыныптарда ойын түрлерін пайдаланудың ерекшелігі мен тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Сабақта ойын түрлерін пайдаланудың пайдасын анықтау

- Сабақты оқытудағы ойынмен байланыстың ерекшелігін табу

І.Кіріспе бөлім.
“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтыңтағдыры ұстаздың қолында. ”
(Н. Ә. Назарбаев)
Тақырыптың өзектілігі: «Сабақ беру  үйреншікті  жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп  Ж.Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Сол айтқандай күнделікті ұстаз өміріне сабақты өткізуде қиыннан-қиыстырып, бала жүрегінен жол таба білуі керек. Қазіргі заман талабы   балалардың  мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.(«ҚР-да орта білім беретін мекемелерде ғылым негіздерін үйретудің ерекшеліктері жөніндегі 2010-2011 оқу жылына арналған» хаттама)Қызығушылығын ояту үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Ойын дегеніміз -  оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы  әдіс ретінде дербес дидактикалық категория, халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа  баулитын құралдың бірі. Ойын барысында мұғалім көмекші, бағдар беруші болып, оқушылардың серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап, кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Әрбір сабақта қолданылатын ойын түрлерінің белгілі мақсаты болады. 

Белгілі  педагог А.С. Макаренко баланың ойын үстінде таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігін арттатынын атап көрсеткен.Сабақта ойналатын дидактикалық  ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.

Белгілі педагог Ы.Алтынсарин айтқандай «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,  фантазиясыз толық ақыл-ой тәрбиесі болмайды!» Ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра  оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты болмақ. А.Сауранбаев: «Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты»- деген пікір айтады. Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: «Адам  ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе.Дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.


 

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнектілер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіріледі.
3. Ойынға сыныптағы барлық баланы қатыстыру.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелеу керек. Бұл әдіс, талаптарды орындамаған кезде, оқушы ойынға қызықпайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.
«Дидактика» — бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko — оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз — үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

  Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына

байланысты болады.

Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) «Жаңылтпашты жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, «өтірік сөз» немесе «ұрлық» деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады.Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.

Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:

1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.

2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

–   жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

–   сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

–   шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

– өзіне деген сенімділік пайда болады;

– логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Дидактикалық ойынға «Ғажайып алаң», «Бақытты сәт», ХХI ғасыр көшбасшы,анаграммалар,тренинг-сабақ,«Ойлантап,»,«Кім  тез», атты ойындар және  викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.

Сонымен қатар ұлттық ойындары  оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.

Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты  жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша  жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс,анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.

  «Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 2-сыныпта сан есім тақырыбын өткенде сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтқызу үшін қолдандым. 3-  сыныпта негізгі және туынды зат есім тақырыбында  негізгі зат есіммен туынды зат есімді табу  үшін ойнаттым. Бұл ойында  кез-келген қималарды таңдап алып, тапсырманы орындау  керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.

  Бастауыш сынып апталықтарында «Тапқыр достар», «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.

  Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.

  Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер және мектеп жасына дейінгі бала бақша тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

 Педагогтың бала ойынындағы рөлі

Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.

  Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды  әдептілікке,адамгершілікке,қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді.   Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары, адамгершілік,ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. » Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді. Міне,сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.

        Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.


Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен ойын элементтерін барлық дерлік сыныптарда пайдалануға тырысамын. Себебі, қазақ тілі пәнінде бірыңғай жазу жұмыстары мен оқу оқушыларды тез жалықтырады. Сабақта пайдаланылған сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгеру, өткенді пысықтау мақсатында пайдаланылатын ойын түрлерінің пайдасы зор.
а) Мысалы, “Түбір мен қосымша” тақырыбын өткенде, “Ұқсасы қайда” деген ойында пайдалануға болады. Мұғалім “еңбек” деген сөз жазылған кәртішкені көрсетеді. Оған қарап оқушылар түбірлері бірдей сөздерді тез ойлап айтады.
Еңбек, еңбек – ші, еңбек – кер, еңбек – қор.
ә) “Зат есім” тақырыбын өткенде “Тізбек” ойынын ойнауға болады. Бірінші оқушының ойлап айтқан зат есімінің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту.
Кітап – парта – астық – қарындаш – шана т.б.
б) Сөздік қорларын байыту мақсатында “Кім көп сөз біледі?” ойынын ойнауға болады. Екі оқушы өздері білетін сөздерді тез әрі жылдам айтып шығу қажет. Шатаспаған, кім көп сөз айтқан оқушы марапатталады.
в) Сабақта тағы да қызықты ойналатын дидактикалық ойындардың бірі – “Доп қағу” ойыны.
Мысалы: допты лақтырып орыс тілінде сөз айтасың да, оқушы сол сөздің аудармасын айтып допты кері қайтарады.
Школа – мектеп, класс – сынып, мяч – доп т.б.
Қазақ тілі сабағында сөз жұмбақ шештіру де оқушының ынтасын арттырады. Әрі оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа, жылдамдыққа талпынады. Сөзжұмбақты әрбір сабақтың мазмұнына қарай ұйымдастырып, өмірмен байланыстыруға болады.
Терме диктанттар, жұмбақтар оқу, керекті сөздерді естіп жазу.
Әзіл минуты.
Ақын – жазушылардың шығармаларынан да үзінділер оқуға болады.
Ұлттық үрдістегі ойындар: “Ұшты - ұшты”, “Ғажайып қоржын” сұрақтарға жауап беру.
“Күн мен түн” ойыны есте сақтау диктантына – күн – көріп алады. Түн көздерін жұмады. Көздерін ашып дәптерлеріне жазады.
“Біз не жейміз” ойыны. Мұғалім түрлі заттарды атайды. Егер де жеуге болатын зат болса, оқушылар ол сөзді түгелдей дерлік қайталайды. Егерде желінбейтін зат болса, оқушылар үндемейді.
“Қайтала” ойыны.
Мұғалім бір жануардың атын атайды. Екінші оқушы мұғалімнің сөзін қайталап, өз сөзін сол тақырыпқа айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, және өз сөзін қоса айтады. Ешқандай сөздерді шатастырмай өз қалпында айтқан оқушы жеңімпаз болады.
Мысалы: сиыр
1 – ші оқушы: сиыр, бұзау
2 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой
3 – ші оқушы: сиыр, бұзау, қой, қозы т.б.
“Қандай” мұғалім сұрақ береді, балалар жылдам жауап беруі керек.
Мысалы: - Лиза мына алма қандай?
- Бұл алма қызыл.
- Дима, алмұрт қандай?
- Алмұрт сары, т.б.
Жыл мезгілдеріне байланысты тақырыптарға да ойындар ұйымдастыруға болады.
Мысалы: “Күз” тақырыбына оқушыларды үш топқа бөліп:
1 – қатар жемістерді атайды
2 – қатар көкөністерді атайды
3 – қатар жидектерді атайды
Ал “Көктем” болса
1 – қатар гүл аттарын,
2 – қатар ағаш аттарын,
3 – қатар құс аттарын атап, кім жылдам, кім көп атайды деген мақсатта ойындар ұйымдастыруға, ойнауға әбден мүмкін.
Кім көп сөз біледі? (сөздік ойын)
эпоха – дәуір виноград – жүзім
ничего – тәуір список – тізім
полуостров – түбек доклад – баяндама
шелк – жібек остановка – аялдама
Сондай – ақ сабақтарды тартымды әрі қызықты өту үшін ертегілер ізімен “Кімнің қулығы күшті?” немесе саяхат сабақтарын “Қазақ жеріне саяхат” деген тақырыптарда ойын сабақтарын өткізіп тұрамын. Түрлі шарттар қойылады, (өтілген материалдарға байланысты) осы қойылған шарттар орындалған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады деуге болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды өту кезінде әр сабақта 4 – 5 минут оқушыларға “фонетикалық жаттығу” ойынын ұйымдастыруға болады.
Мысалы: Қ дыбысы бар сөздерді атаңдар
Ғ дыбысы бар сөздерді атаңдар т.б.

“Моншақ”ойыны
Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1.
Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:

1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.

“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )

Сөйлемдерді қазақша жаз:
Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.

“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.

“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.

Ойлы бала ойынынан белгілі” – деп халық та тегін айтпаған. Демек, осы пікірлерге сүйенсек қазақ тілі оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу барысында үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлерін мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, біліп меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі және орта сынып оқушыларының назары сабақтан гөрі ойынға ауып тұрады.
Қызықты ойын түрінен кейін олар сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын түрлері қимыл – қозғалысты ойындар бастауыш сыныптарында көбірек пайдалануға болады. Ал дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданыла береді. Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Сабақта ойындарды пайдаланғанда ойынға қойылатын методикалық талаптарды білу қажет. Олар мыналар:
Сан есімді қорытындылау сабағында “Бәйге” ойынын ұйымдастыруда өткізілетін сабаққа қысқаша шолу жасасақ. Өткен сабақта сан есімімен танысқан болатынбыз, ал бүгінгі сабағымызда сан есімін әрі қарай тереңдетіп оқимыз. Бұл сабағымызға қонақ ретінде ертегі кейіпкерлері Алдар Көсе мен Қожанасыр қатысып отыр. Олар екі топтың өзара жарысын қызықтап, әр топты қолдап, көмектеспекші.
Сұрақтар – кәртішкелер үлестіріледі.
1. Сан есім деген не?
2. Сан есімнің түрлері қандай?
3. Етістік сан есім деген не? Мысал келтір.
4. Бүгін нешесі?
5. Сыныпта неше оқушы бар?
6. Сен неше жастасың?
7. Сен нешінші сыныпта оқисың?
8. Отбасыңда неше адам бар?
9. Сен нешінші үйде тұрасың?
10. Сен нешінші пәтерде тұрасың?
11. Сен қай жылы тудың?
12. Сан есімнің сұрақтары қандай? 
Осы сұрақтарға оқушылар жауап береді. Сан есімді, оның түрлерін, сұрақтарын пысықтадық. Ал енді, санайық, ол үшін “Бәйге” ойынын ұйымдастырайық. Алдар Көсе мен Қожанасырдың аттары жарысқа түседі. 1 - ден 20 – ға дейін кезек – кезек санап, аттарды мәреге қарай жылжытамыз. Енді ондық бойынша 10 – нан 2000 – ға дейін санайық.
Балалар, халқымыз ертеден – ақ сандарды білген, санауды балаларына жастайынан үйреткен. Сан есімдер мақалдарда, жұмбақтарда, жаңылтпаштардакөп қолданылған.
Мақалдар: Жеті жұрттың тілін біл
Жеті түрлі білім біл.

Жүз саның болғанша,
Жүз досың болсын.

Жұмбақтар: Төрт бұрышты
Бір ауызды

Бес ін, бес іннің
Аузы бір ін

Жаңылтпаштар: Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік тіктім
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар
Келесі ойынымыз “Киіз үй тұрғызу” деп аталады. Киіз үйдің әрбір құрамды бөліктерінде кәртішкелер берілген, сол шарттарды орындағанда киіз үйді құруға болады т.с.с.
Қорыта келгенде ойын элементтерінің тәсілдерін саьақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл мұғалімнің шеберлігі.
Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту.
Сөздік қорын байытады, өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады,тәрбиеленеді.



Практикалық бөлім:

Бірінші сыныптарда «Үй жануарлары» тақырыбында өткен сабақта «Сиқырлы сандықша» ойынын қолдандым. Сандықшаның ішіне үй жануарларының суреттері салынып, оқушылар сандықшадан суретті алып, сол жануардың іс-әрекетін көрсетеді, ал оқушылар қай жануар екенін табады. Бұл ойынның ерекшелігі:

  1. Оқушыларды шығармашылық жағынын дамытады, яғни жануарды бейнелеген оқушы сол жануардың бейнесіне енуге тырысады, ал қай жануар екенін табатын оқушыларға «миға шабуыл» болады.

  2. Оқушылар ойынға өте қызығады, жануарлар әлеміне саяхаттағандай болады.

Бірінші сыныптарда «Түстер» тақырыбында өткен сабақта «Қайталай ғой» ойыны өткізілді.

Бұл ойынның ерекшелігі:

  1. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытады.

  2. Оқушылар ойынға өте қызығады, осы ойын арқылы түстерді тез жаттап алады.



3 “в” “г” сыныптарында “Кел, қайталайық” тақырыпты сабақтарында “Моншақ”ойынын ойнаттым.
Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытады.

  1. Осы ойын арқылы оқушылар грамматиканы жақсы меңгерді.

  2. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артты.

4 “Г” сыныбында «Үйірмелер» тақырыбында өткен сабақта«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойынын қолдандым.

Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Ә,Ө,Ғ,Қ)

Сен бүгін нешеде тұрдың?

Сен қандай үйірмеге барасың?

Демалыста қайда барасың?

Сабақ нешеде басталады?

1.Ойын арқылы қазақ тіліндегі төл дыбыстарды меңгерту.

2.Оқушыларда ұмтылыс пайда болды.

4 «В» сыныбында «Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбы бойынша өткен сабақта “Қалалар” ойынын ойнатып, бақыладым.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

1.Оқушылардың шапшандылығын, ойлау қабілеттерін дамытады.

2.Оқушылар ойынға өте қызығады, осы ойын арқылы түстерді тез жаттап алады.

4 сыныптарда «Менің сүйікі тағамым» тақырыбы бойынша өткен сабақта “Аукцион” ойынын ойнаттым.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

1.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытады.

2.Оқушылар ойынға өте қызығады, осы ойын арқылы түстерді тез жаттап алады.





4-сыныптарда «Туған жер туралы мақал» тақырыбындағы сабақта

Жалғасын тап” ойынын ойнаттым.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.


«Қалалар» ойыны.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

 

 

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы                                      бітеді

Ә) Жақсы болсаң,                                        жүректе

Б) Ерлік білекте емес,                                 ашу-дұшпан

В) Жері байдың                                           ел

Г) Ақыл дос,                                                ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе                                         жақын көп

Д) Мал баққанға                                          сол тоқ

Е) Адам деген-                                             елі бай

    «Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

5. Жұрнақ дегеніміз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбірлес сөз дегеніміз не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғаулары?

    «Тапқыш» ойыны.       

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім : қонақ, …

Етістік: оқыды, …

Сан есім: он,…

Сын есім: көк,….

«Кім тез?» ойыны.

Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрып, буын санын айтады.

«Қызық сөздер» ойыны.

 

 

«Қатесін тап» ойыны.

А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.

Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.

«Әңгімені аяқта» ойыны.

Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, әңгіме құрау.

«… Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге өтірік айтпауға уәде бердік».

«… Арада қанша жыл өтсе де, Қожа сол оқиғаны ойынан шығара алмады».

 

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.

Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)

Сен бүгін нешеде тұрдың?

Сен қандай үйірмеге барасың?

Демалыста қайда барасың?

Сабақ нешеде басталады?

«Ойлан, тап» ойыны.

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу

Шай қайнатым уақыт

Аяқ астынан

Кірпік қаққанша

«Кім тапқыр» ойыны.

 

Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу

«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.

Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)

Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)

 

«Сөз жарысы» ойыны.

Берілген сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын табу

 

«Тізбек» ойыны.

Берілген сөздің  соңғы дыбысынан  басталатын жаңа бір  сөз тауып айту

 

“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

 

 

“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).

Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.   Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:

1. «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).

2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.


4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.

5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.

6. «Кім  көп және тез?» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.

7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады.   Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.


Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын тиімді қолдану әдістері
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

ІІІ.Қорыта айтқанда

  Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды  әдептілікке,адамгершілікке,қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді.   Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары, адамгершілік,ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. » Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді. Міне,сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді. Абай Құнанбайұлының: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады.





































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1. 
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі 
3. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» Алматы-2015-28б.
4. «Ертіс дидары» газеті, №11 (103). 2010 жыл, 24 қараша
5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
6. Қазақстан Республикасының Білім Заңы ,Алматы // -6б
7.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б

8.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000,8-бап.

9.Ахмет Жүнісов «Бабалар дәстүрі» Алматы. 1992 ж.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее