«Весна — лето 2024»

Немістің Вагнер театры

НЕмістің Вагнер театры тақырыбына материал.Ашық сабақ ретінде өткізілді. 4сынып үшін ІІІ тоқсан

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Сыныбы:4 Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Немістің Вагнер театры

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

Білімділік мәні: Еуропа және басқа да елдердегі түрлі жанрлардың, кәсіби музыканың қалыптасуы жайында түсінік беру.

Тәрбиелік мәні: Опера өнерін әлем дәрежесінде түсіндіру арқылы әр елдерде дамыған жанрлардың мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны сезіммен қабылдай білуге, музыканы терең түсіне білуге тәрбиелеу, музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыканы сүйе білуге тәрбиелеу. Басқа елдің мәдениетіне құрметпен қарауға, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың шығармылық , көркемдік, сезімталдық қабілеттірен, гармониялық, мелодиялық есту қабілетін жетілдіру.

жаңа материалды түсінді

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың түрі: саяхат сабағы, жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, серпілген сауал,

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыпқа байланысты слайдтар, фильмдер, плакаттар, үнтаспа.ру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технология

САбақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,сыныпты түгелдеу

2.Әр түрлі стикерлерді алу арқылы топқа бөлу:

1-топ: «Астана опера театры» (Қызыл түс)

2-топ: «Ла –скала.» театры (сәбіз түс)

3-топ: « Метрополитен опера театры». (Сары түс)

4-топ: «Орыстың Үлкен театры.» (Көк түс)

5-топ: «Вена опера театры» (Жасыл түс)

3.Көңіл көтерейік» тренингі. (оқушылар бір-бірімен көңілді актерлер тренингін жасайды.) Дыбыстарын шығармай: бір-біріне қарап күліп амандасу, ашулану бейнесі,қорқу, қорқыту және күлдіру бейнелерін көрсету.

- Жарайсыңдар, балалар! РАХМЕТ!

4.Тапсырмасы «Серпілген сауал» (Өткен тақырыптарға шолу.)

Бүгін де сендермен біз опера жайлы сөз қозғап,опера тыңдайтын боламыз. Және де бүгін сендермен жай ғана сынып емеспіз,біз театр труппасымыз,ал мен сендердің көркемдік жетекшілеріңмін. Және мен труппаның көркемдік жетекшісі ретінде біздің труппаның гастрольдік сапары туралы келісіп қойдым. Бірақ гастрольдік турнеге шықпас бұрын мен өзімнің труппамның дайын екендігіне көз жеткізуім керек. ОЛ үшін сендердің театр туралы білімдеріңді тексеремін.

Сонымен , әр топ бір біріне бір сұрақтан қояды

  1. Опера өзіне қамтитын музыка жанрларын ата (Музыка,архитектура,актерлік шеберлік,сурет өнері,би өнері)

  2. Операның отаны ретінде қай елді танимыз? (Италия)

  3. Ең алғашқы опера қай жылы,қай қалада, қандай қойылыммен бастлды?

(1600ж,Флоренция қаласында,

  1. Қойылымдар арасындағы үзілісті не деп атаймыз? (анракт)

  2. Қандай әйгілі опера театрларын білеміз?

  3. Слайдтағы кесте арқылы өткен театрларымыздың қай қалада орналасқандығы туралы сауалдар?

Қала аттары

Театр аттары

Астана


Милан


Нью-Йорк


Мәскеу


Вена


Сидней



Өте жақсы.Сендер театр труппасының ролін жақсы алып шықтыңдар. Ал біздің гастрольдік саяхатымыз әрі қарай жалғасады. Біз енді сапарымызды қарай жалғастырамыз.Бұл жерде біз Немістің Вагнер опера театрымен танысамыз.

5 Тапсырмасы « Біліп ал!» Жаңа тақырыпты түсіндіру

85 бет оқулық 4сынып

Германияның Байрейт қаласында ерекше театр бар. Бқл опера таетрында тек қана немістің әйгілі композиторы Рихард Вагнердің шығармалары мен опералары орындалады.Театрды композитордың жетекшілігімен салған.Оның ішкі құрылысы ерекше.Ежелгі грек театрына ұқсас салынған. Оның ішкі құрылысы да ерекше.Ежелгі грек театрларына ұқсас болып келеді.Театрдың балкондары және жоғары қабаттағы бөлігі жоқ.яғни сахнаны жан жағынан көре алатындай амфитеатрдан тұрады. Ескі замандағыдай ағаштан жасалған орындықтар әлі сақталған. Театрдың фойесі мүлде жоқ.Сол себепті көрермендер спектакль басталарда және үзіліс кезінде сыртқа шығып,театр ауласында серуендеп жүреді.

РИхард Вагнер көптеген опералар жазған.ол опералардың мазмұны үлкен сахнаны қажет етеді.сөйтіп композитор өзінің операларына арнап театр салдырады. Театр осылайша іргетасы 1872 жылы қалана басталып, 1876 жылы белгілі « Нибелунгтар сақинасы» атты қойылыммен ашылды. Театр 2000 адамға арналған орыннан тұрады. 1882 жылдан бастап мұнда жыл сайын Вагнер фестивалі өткізіліп тұрады. Бұл театрды жылдар бойы Вагнерлер әулеті басқарып келеді,ең алдымен Рихард ВАгнер,оның артынан ұлы Виланд,кейін әйелі Козимэ. Соғыс уақытында театр жабық болдыда соғыстан соң композитордың немересі Волфганг театр жұмысын жандандырды.

Бірақ театр өз жұмысын жылына 1 ай ғана жасайды,сондықтан мұнда билет алу үшін адамдар 4-5 жыл алдын –ала билетке кезекке жазылып қояды. Басқа уақыттарда театрға тек экскурсиямен ғана келуге болады.

Рихард Вагнер (Вагнер, Ричард) (1813-1883), Ұлы неміс композиторы. 22 мамырда, 1813 дүниеге келген. Балалық Вагнер қанағаттанарлық емес еді: ол жиі ауырды.

1 831 жылғы ол Лейпциг университетіне оқуға түсіп, оны өзінің алғашқы жұмыстарды бірін орындалды1882 жылы Италияға барған сапарында Рихард Вагнер инфаркттан қайтыс болады. «Нибелунгтар сақинасы» опеарсының көрінісі алтын сақинаның айналасында өрбиді.Алтын сақинанығ иесі шексғз байлыққа және әлемді билейтін күшке ие болған. Рейннің алтындарын күзетуші ерегежейлілерден ұрлап әкетеді,ергежейлілер сақинаға ие болғандарға қарғыс жібереді. Олардың қарғысы орындалып сақинаны иеленгендердің барлығы отқа оранып қаза табады.

Слайд.видео КЕстені толтыру.

Музыка тыңдау: « Нибелунгтар сақинасы » опера қойылымынан үзінді . Валькириялардың самғауы.

Тапсырма Жаттығулар

  1. Денені тік ұстау,мұрын арқылы дем алып,демімізді ауыз арқылы шығару

  2. «МАй шам» жаттығуы

  3. Тіл арқылы футбол ойнаймыз

  4. Дауыс жаттығулары

Әндерді қайталау:

Операның отаны Италия елі болғандықтан итальян тіліндегі « Santa Lucia» әнін айту.

-Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр айтыңдаршы? (аналар мейрамы)

«Абзал ана»; «Ана туралы жыр» қайталау

Оқу материалын бекіту

Әр топқа театр суреттерімен карточкалар беріледі.Оқушылар суретте қай театр бейнеленгенін тауып сол театрлар туралы әңгімелейді.

Актерлік тренингтер

  1. Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

1 топ ( Шет елден келген қонақ ролінде)

2 топ ( Таңқалған кейіптегі роль)

3 топ . ( Екі алған баланың ролі)

4 топ (Хулиган баланың ролінде)

5 топ (робот ролінде)


САбақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы: 85-88 б оқу ,әндерді жаттау

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее