«Зима 2025»

«Ойыншықтар дүкені»

Білім саласы: «Қатынас» Бөлімдері: сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» Мақсаты: а) сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыруға, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында, ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға ү йрету. Зат есімнің көпше түрін білуге үйрету.

ә) балалардың сөздік қорларын байыту.

б) Ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ембі қалалық № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық «ә» тобының тәрбиешісі Длжанова Айнагүл Мақсатқызы


Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: а) сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыруға, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында, ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға ү йрету. Зат есімнің көпше түрін білуге үйрету.

ә) балалардың сөздік қорларын байыту.

б) Ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін бәрің қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Бізге қонақтар келіп қалыпты. «Амандасу-адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, бәріміз орнымыздан тұрып қонақтармен амандасып алайық.

  • Саламатсыздар ма!

  • Здраствуйте!


Армысың, шапағатты Күн ана,

Армысың, қайырымды Аспан ана,

Армысың, мейірімді Жер-ана,

Қуанып бар әлемді жарылқа!

Здравтвуй, небо голубое

Здравтвуй , вольный ветерок

Здраствуй, мой дружок!

-Жарайсыңдар! Молодцы!


Слайд. «Ойыншықтар»

Ойыншықтар туралы әңгімелесу.

Т:- Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар қатты пластмассадан, бостау резинадан, жұмсақ мақтадан жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады. Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.
Осы кезде есікті қағып, аю келеді.

- Балабақшаның аты?

- Топ?

- Атың, жасың?

- Жарайсыңдар. Мен келе жатып ғажайып қоржын тауып алдым, бұл қоржынды алу үшін сендер маған өз өнерлеріңді көрсетіңдер.


Ән: « Қуыршақ»

-Жарайсыңдар, балалар.Өнерлі екенсіңдер. Бірақ мен үйге қайтуым керек. Мына ғажайып қоржынды сендерге тастаймын. Сау болыңдар!

Д/О: «Ғажайып қоржын».

Шарты: дорбадан ойыншықты алып сипаттайды.

Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.

Сергіту сәті.

(Теледидарға қарап қуыршақтардың қимылын қайталайды.)

-Енді балалар, осы ойыншықтарды қолымызбен ұстап, көру үшін ойыншықтар дүкеніне барғыларың келе ме?

-Ол үшін сиқыр жасайық ,бәріміз көзімізді жұмып,

орнымызда 3 рет айналайық.

-Жарайсыңдар, ойыншықтар дүкеніне де келдік.

Дүкеншімен амандасады.


Дүкенші ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын

түсіндіріп өтеді:

- Егер де сендер тақпақ айтып берсеңдер ұнаған ойыншықтарыңды беремін.

Балалар тақпақтарын айтады.

-Жарайсыңдар, ала қойыңдар ұнатқан ойыншықтарыңды. Енді ойыншықтардың қандай заттардан жасалатындарын білдіңдер естеріңнен шығармаңдар, олармен ұқыпты, таза, лақтырмай, сындырмай ойнаңдар. Сау болыңдар!

Ойыншықтарын алып, топтарына қайтады.



Әңгіме құрау: «Менің ойыншығым»

Қолдарындағы ойыншықтармен әңгіме құрастырады.

Ойын: «Топтастыр»

Үш топқа бөлініп, үш түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды топтастыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

  • Балалар бүгінбіз не туралы айттық?

  • Кім ойыншық туралы тақпақ айтқысы кеп тұр?

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

  • Балалар топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек, себебі топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен.

  • Балалар, биыл қандай жылды қарсы алдық?

  • Мешін жылы

  • Бүгін жақсы қатысып, белсенділік танытқандарың үшін, осы мешін жылына байланысты кішкентай мешін ойыншықтарды сыйлыққа беремін.

  • Мешін жылына тілек айтайық.

Еліміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Ата-анамыз қасымызда болсын!

Мешін жылы бақыт әкелсін!

Ақ мол болсын!

Бәріміз дос болайық !

Бәріміз бақытты болайық!

Тәрбиеші: Осы тілектеріміз қабыл болсын! Балаларымыздың апайларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Бұл сыйлық биылғы мешін жылының күн түзбесі. Алдағы күндері сәтті, табысты болсын деген тілекпен сіздерге тарту етеміз.


Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, енді орнымыздан тұрып, қол ұстасып,бір-біріміздің жылуымызды сезініп,бүгінгі іс-әрекетімізді аяқтай отырып, қонақтармен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз.














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее