«Зима 2025»

"Отбасындағы қуаныш"

-Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету; -Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту;

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы : «Әлеумет».
Бөлімі : Өзін –өзі тану.
Тақырыбы : «Отбасындағы қуаныш»
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: сыйластық, бауырмалдық, отбасы, қуаныш, шаттық.
Мақсаты: «Бақыт, қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
-
Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету;
-Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту;
-Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: дәптер, отбасы суреттері, жүрек, күн, гүл, ағаш атрибуттары.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Өзін-өзі тану пәнінен,

Біз жақсылық үйрендік.

Жамандықтан жирендік,

Ерекше бір күйге ендік.

Біз үйрендік бұл пәнде,

Жаны сұлу болу керек әр пенде.

Тапсырмалар, жағдаяттар орындап,

Шырқап салдық әнді де.

Өзін-өзі тану жолында,

Өмірдің мәнін түсіндік.

Бақытқа қол жеткізу,

Тек өзімнің қолымда.

Сұрақтар:

1. Ал балалар, сендердің көңіл - күйлерін қалай?

2. Жаңа айтқан өлең шумақтары сендерге ұнады ма?

Қорытынды:

Олай болса, біз осы көтеріңкі көңіл- күйімізбен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Ұйымдастыру –

іздестіру




Өзіммен-өзім

Балалар бәріміз жайғасып отырып, көзімізді жұмып, өзіміздің отбасымызды, яғни тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік. Бәріміз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық (әке, ана, ата, әже, іні, қарындас,әпке, сіңілі) деп ойлайық. Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн! Ал енді балалар, көзімізді жайлап ашып, өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік.
Әңгімелесу
Әр бала өз отбасы туралы суреттерді көрсете отырып, әңгімелейді.
Әңгімелеу
Қазір мен сендерге Ә.Табылдының «Арұлан» әңгімесін оқып берейін. Мұқият тыңдаңдар.
Сұрақ-жауап:
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы?
-Отбасында кімдер тұрады?
- Балалар, Аружан інісінің қай ісіне сүйсініп, қалай еркелетеді?
- Арұланды неліктен пысық, тілалғыш бала деп атайды?
- Арұланды ата-анасы қалай еркелетеді?
- Ал, сендер отбасыларыңда бір-біріңді қалай еркелетесіңдер?
-Сендерде өз үйлеріңнің қуаныштарысыңдар.
Дәйексөз
Арұлан тілалғыш, пысық, әдепті, өнерпаз бала. Осы жақсы қасиеттерімен сүйкімді. Арұлан өзінің сүйкімділігімен, үйде де, балабақшада да өзінің жақсы істерімен, бал тілімен, сыңғырлаған күлкісімен айналасындағыларды баурап алады. «Балалы үй базар» деген сөз осындайдан шыққан болар.
- Сендер өз отбастарыңды қалай жақсы көресіңдер? Оны қалай көрсетесіңдер?
Тәрбиеші «
Балалы үй базар» деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Жеке жұмыс:
Тәрбиеші тапсырманы түсіндіреді.

Әр бала өз отбасына қандай тілек тілесе, соны қағаз бетіне түсіріп, оны мына салынған (күн- жылулық, гүл –әдемілік, көгершін- татулық, жүрек – жақсы көру, сүю, ағаш – денсаулық) суретерге жапсырасыңдар.
Сергіту сәті:
Бас бармағым –атам,
Балан үйрек –әжем,
Ортан терек –әкем,
Шілдір шүмек – анам.
Кішкентай бөбек –мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз, бесеуміз.
Жұдырықтай жұмылған
Біздер тату жанұя.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығады.
«Менің отбасым бақытты».
«Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды».
«Менің отбасым тату»
Ойын: «Жақсы тілектер»
Ойын шарты бойынша жүрекше арқылы балалар өз отбасыларына жақсы тілектер айтады.
-Балалар, сендермен біз адам бойында болатын бес құндылық туралы әңгімелегенбіз.
-Кане, есімізге түсірейікші:
«Сүйіспеншілік,ақиқат, қиянат жасамау, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық».
-Дұрыс айтасыңдар,
Сүйіспеншілік-бәрін жақсы көру,бауырмалдық, достық, татулық;
Ішкі тыныштық- сыпайылық, ашуланбау, шыдамдылық, тәртіп, ой тыныштығы;
Қиянат жасамау- көмектесу, ешкімді ренжітпеу, ешқашан зиян келтірмеу, қамқорлық жасау, бірігіп жұмыс істеу;
Дұрыс әрекет- ұрлық жасамау, шындықты айту, уәдені орындау, үлкендерді сыйлау, денсаулық пен тазалық сақтау, тілалғыш болу, батылдық;
Ақиқат- шындық айту, жақсы және қажетті заттарды айту, басқалардан жақсылық іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілдік;

Рефлексивті –

түзетушілік

Қорытындылау:

-Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге жиналып Е.Хасанғалиев, Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» әнін тәрбиешімен бірге айтады



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее