«Зима 2025»

Открытый урок «Үй құстары»

урок для детей дошкольников про домашних птиц

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Тәрбиеші: Заурбекова Қ.Н.

Білім беру саласы: «Коммуникация». «Таным».

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту». «Қарапайым математикалық ұғымдарды

қалыптастыру», «Қоршаған ортамн танысу».

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Үй

құстарына қамқор болуға, оларды күте білуді үйрету. Ертегі

арқылы бала тілін дамыту, ауызша сөйлеуді үйрету, белсенді

сөздік қорларын дамыту. Ертегі кейіпкерлеріне деген

мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу.Түстерді геометриялық

пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын

арттыру.

Сөздік жұмыс: Шұбар тауық, күрке тауық.

Әдіс-тәсілдер: Сахналау, көрсету, сұрақ-жауап, сипаттау.

Көрнекіліктер: «Шұбар тауық» ертегісінің суреттері, «Шұбар тауық» ертегі

кейіпкерлері, үй құстарының суреттері.

Билингвалдық компонент: Тауық-курица, жұмыртқа-яйцо.

Инклюзивтік әлеумет: Рысбек, Ерасыл, Нұржігітпен жеке жұмыс.

Қызмет бөлімдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Қолымызды созайық

Кеудемізді керейік

Жарқыраған күнге біз

Иіліп сәлем берейік


Іздену ұйымдастырушы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Жұмбақ жасыру

Доп пішіндес тасты

Бауырына басты

Ол не? (тауық)

Суретпен жұмыс. Балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер?

Үй құстары немен қоректенеді?

Тауық бізге не береді?

Жұмбақ.

Айдалада ақ отау

Аузы мұрны жоқ отау.

Ол не?

Жұмыртқаның пішіні қандай?

Түсі қандай?

Тауық үй құсы ма, дала құсы ма?

Үй құстары қалай дыбыстайды?

Дидактикалық ойын: «Баласын тап»

(тауық, үйрек, қаз, күрке тауық)

Балалар сендер ертегі тындағанды жақсы көресіңдер ме?

Сендер қандай ертегі білесіңдер?


Ал ертегі қалай басталады?

«Шұбар тауық» ертегісін сахналату.

Сергіту сәті

Оң қанатты бір

Сол қанатты бір қағып

Мен қанатты жасамын

Жерден дәнді шоқып ап

Ұшып-ұшып аламын

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ан-ан-ан

Сап-сары балапан.

Ұс-ұс-ұс

Ұшты-ұшты құс

Ақ-ақ-ақ

Ұшып кетті тоқылдақ

Психологиялық жаттығу.

«Көңіл-күй»

Ата мен әже жұмыртқаны көргенде калай таңданады? (таңданады) алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжиді? (көңілсіз) Жай жұмыртқа тауып бергенде қалай қуанады? (қуану)

Дидактикалық ойын: «Неше балапан, неше жұмыртқа?» (санау) Шығармашылық орталыққа бөлу.

1-ші орталық: Пішіндерден балапан құрастыру.

2-ші орталық: Жұмыртқаны бояу.

Саусақ жаттығуы:

«Қуырмаш»

«Шұбар тауық» ертегісінің суреттері бойынша оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Балаларды мадақтау.


-қыс мезгілі

-үш ай бар


-суық болады




-тауық



Тауық, үйрек, қаз, күркетауық

Жем,су,шөп жейді

Жұмыртқа




Жұмыртқа

Сопақша

Сары

Үй құсы

Қыт-қыт-қыт, ку-ка-ре-ку



Балаларын тапты



Иә


«Бауырсақ,Маша мен аю, Мақта қызбен мысық»

Ерте,ерте,ертеде

Ертегіні сахналады



Қимыл-қозғалысын сергіту жасады



Қайталады











Таңданды



Қайғырды


Қуанды



Санай алды


Балапан құрастырды, жұмыртқа бояды




Жасады

Ата мен әже болады, тауығы алтын жұмыртқа табады, тышқан оны жарып қояды, тауық жай жұмыртқа табады

Күтілетін нәтижелер:

Не білді? Үй құстарына қамқорлық жасау керектігін білді.

Не алды?Сұрақтарға жауап беру арқылы тілдерін дамытты.

Не істей алды? Ертегіні сахналай, геометриялық пішіндерден балапан

құрастырып, жұмыртқаны ұқыпты бояй алды.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее