«Зима 2025»

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Табиғат- тал бесігің, аялай біл!"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Табиғат- тал бесігің, аялай біл!"

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мектеп: «Казнаковка орта мектебі» КММ Мерзімі:

Мұғалім: Даулбаева Г.Ж.

Сынып : 8 «а» Тақырып: Табиғат –тал бесігің,аялай біл!

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Қоршаған ортаға қамқорлық, табиғатқа қиянат жасамау

Сабақтың мақсаты: Табиғатқа қиянат жасамау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Табиғатты аялай білуге, қоршаған ортасына қамқорлықпен қарауға үйрету.

  • Қамқорлық сезімдерін дамыту.

  • Табиғатқа киянат жасамауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер, маркерлер,интербелсенді тақта, бейне материал

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа қажет құралдарын түгендеу, суреттер арқылы топтарға бөлу.

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Тыныштық сәтi: «Орманға ойша саяхат»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 

2.Үй тапсырмасын тексеру

99-101 беттегі Қ. Толыбаевтің «Қайыңнын қасіреті» мәтінін оқып келу. Қар кетіп жердің бетін дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпеген жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады
Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н»
әріпін жазыпты, деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе–келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді.
Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында,
ағаш дініндегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап-қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.
Обал- ай ... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес
тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер – ананың құшығындағы бөбегі. Оны
бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..
- Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....
Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ. Тәрбие
керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.
-Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау
мәселесіне орай жан-жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың қылығы шығар , - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
дегеніндей, сол ақпақ құлақтарды ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!
Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады.
Рас, жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді. Мазмұны бойынша сұрақтар: 
1. Әңгіме сендерге қандай әсер етті?

2. Неліктен ағаштағы жазуды жауынгердің тәніне түскен жараға теңеді?

3.Өздерің осындай ағаш кездестірсеңдер қандай күйде болар едіңдер? Не істер едіңдер? 
4. Қамқорлық, жанашырлық сөздерін табиғатпен қалай байланыстырар едіңдер? ? 
5. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?

Ескерту


2 мин








3 мин











































7 мин



Дәйексөз. «Адам табиғатқа тәуелді болса,

Табиғат та оған тәуелді». А.Франс

  1. Неге адам табиғатқа тәуелді деп ойлайсыңдар?
    2. Табиғат адамға неліктен тәуелді?

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді. .

Жер бетіндегі табиғатты қорғау мәселесін қалай шешуге болады ? Табиғатты сақтап қорғау не үшін қажет?
Мұғалімнің сөзі: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана, табиғат адам баласы кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.



3 мин

Әңгімелеу. Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып,  ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан. Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандары шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?" 

Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш би" атанып кеткен екен.

  1. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  2. Төле бидің бойында қандай қаситтер басым деп ойлайсыңдар?

  3. Табиғатқа байланысты қандай ырым-тиым сөздер білесіңдер?

  4. Адамдардың жан- дүниесінің рухани таза болуы табиғатқа қалай әсер етеді?

10 мин

Шығармашылық жұмыс, жекеше жұмыс.

«Табиғат»  дегеніміз жер, су, ауа, өсімдік, жан-жануар, аң-құс, тау-тас, өзен, көл. Осылардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы. Ал осы табиғат сыйын  сақтап, қорғау, дамыту, байыту – біздің қолымызда.

Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?

Постерлер жасау 3 топ

  1. Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар?

  2. Табиғат неліктен әрі мейірімді, әрі қатал?

  3. Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

  4. Адамның табиғат алдындағы парызы неде?

10 мин

Топпен ән айту. Топпен ән айту

Бозторғайым

Сөзі Б. Тәжібаевтікі;

әні Е. Хасангалиевтікі

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,

Құс едің ғой, кең далама бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым!


Қайырмасы:

Даланы мен де, сүйемін сендей,

Бауырмал кұсым!

Назыңнан әсем, сазыңнан өсем,

Жаңылма, құсым!

Тауқымет тартып, торықпа, жаным,

Қорықпа, жаным.

Құшағымды ашып, кеудеме басып,

Берейін жалын!


Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан,

Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.

Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым,

Жылы үяңа қонбайсың ба, бозторғайым!

5 мин

Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 105 -бетіндегі мәтінді оқып келу. 
2. Жұмыс дәптерінде 21 сабақтың 1-2 –тапсырмасын орындау.

2 мин

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.(Ақырын баяу әуен қосу)

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.

Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге сақтап,көкейімізге түйіп алайық. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық Жайлап көздеріңізді ашуға болады.Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

3 мин





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее