«Зима 2025»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сабақ мақсаты: Оқушыларды өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

Білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық: жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №253 орта мектеп №26 сабақ

Мерзiм: 16 наурыз

Тақырып: «Жақсылықтан жақсылыққа»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік

Мұғалiм: Әбзиева Фариза Әбзиқызы

Сынып: 4«ә» сынып


Сабақ мақсаты: Оқушыларды өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

Білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық: жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

оқулық дәптер


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін

«5-Т» қайталау

Т-тәртіп

Т-талап

Т-тыныштық

Т-тазалық

Т-татулық 

1.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену: (баяу әуен ойнайды)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру «Мөлдір бұлақ» ертегі

К.Демешев

Қазір біз «Жақсылық» теңізіне ақ кеме арқылы саяхатқа шығамыз. Теңіздің арғы жағында «Үлкен өмір» елінде «Азамат» атты алып терек бар. Бірақ жолдағы араларды кедергілер орналасқан. Егер сендер өздеріңе берілген сұрақтарға жауап бере алмасаңдар, ақ кеме кедергілерден өте алмай қалады. Егер дұрыс жауап берсеңдер «Үлкен өмірдегі» алып терек «Жақсылық мекеніне» аман сау жүзіп барасыздар.

  • Жер бетіне мөлдір бұлақтың қайтуының себебі неде?

  • Жалаңбас баланың еліне деген риясыз сүйіспеншілігінің мәні неде?

  • Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Сабақ барысын талдау: Балалардың зейінін сабаққа аударып, үй тапсырмасына шолу жасау арқылы балаларды жаңа сабақ тақырыбына көшу. Сонымен қоса, дәйексөз арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу.

3.Дәйексөз.

Ешқандай жақсылық зая кетпейді.

(Үнді нақылы)

Сұрақ:

  • Мына дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Өмірлеріңде жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Адамдарға, айналаңа мейірімді болу жақсылық жасауға жетелейді. 



4. Әңгiмелеу (сұхбат) мұғалім сыйы

  • Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?

  • Адамдар бір – біріне риясыз жақсылық жасаудан жалықпаса не орнайды?

  • Өздеріңнің жасаған жақсылық істерің туралы еске түсіріп беріңдерші?

«Жақсылық жасау әрбір адамның қолынан келеді» Видеоролик


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топпен тапсырма

1-топ Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.

Жақсы - ...,

Әлемге бірдей.

... үлгісі

Жанып тұрған ... .

... – ортақ, ... – ортақ, ... – ортақ.

Жақсы келді дегенше,

... келді десейші.

... нышанын

Алып келді десейші.

Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.

2-топ «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» құрастыру және қорғау

3-топ «Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» Сахналық қойылым ертегі құрастыру



6. Топпен ән айту


Достық

Өлеңін жазған Е.Елубаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.


Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ

Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.




7. Үй тапсырмасы.

«Атаның өнегесі» Ә.Табылдиев мәтінін оқып келу


8. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. (жәй ғана музыка әуені ойнап тұрады)

Балалар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады. Біз де әр кез жанымызға мейірімділікті серік етейік.

Сол мақсатта балалар алдарыңа берілген көгершіндерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, қандай жандарға көмек қолдарыңды созғыларың келеді, жүректеріңнен шыққан тілектеріңді көгершінге жазайық.

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылдық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Мінекей балалар біздің жақсы істеріміз, жақсылықтарымыз туралы пәк көгершінге жазып іліп, жанымыз жақсылыққа толы болсын, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бір – біріне риясыз жақсылықтарын жасасын деп көгершінімізді ұшырайық.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее