«Зима 2025»

Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік

Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки


СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА

МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ

Ред 1






Сабақ жоспары № 25


Күні . Пән Информатика тобы


Оқытушының аты жөні: Ахметжанова Гулнар Сайлаухановна


І. Сабақтың тақырыбы: Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік


Сабақтың типі : аралас сабақ


1.Мақсаты:Оқушыларды презентация құру бағдарламасы мен таныстыру, көрме құруды үйрету


2. Міндеттері:


а) білімдік: Оқушыларды презентация құру бағдарламасының мүмкіншіліктерімен таныстыру


ә) тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.


б) дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.


ІІ. Күтілетін нәтиже


а) оқушылар білу керек : бағдарлама туралы негізгі түсінікті


ә) оқушылар құндылық бағдары болуы: Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру.


б) оқушылар меңгеру керек: Дербес компьютерде жұмыс жасауды, пән аралық байланыстарды білу


ІІІ. Құралдар: Дербес компьютер, сенсорлық тақта, ұялы телефон (смартфон), тапсырмалар парағы, терминологиялық сөздік, презентация


IV.Ғаламтор ресурстары: https://kahoot.it/#/

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/prezentacziya-uhymy

https://bilimland.kz/en/courses/computer-science/6th-grade/lesson/demonstration-of-the-presentation

https://learningapps.org/


САБАҚ ЖОСПАРЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Қауіпсіздік ережесіне шолу жасау.

ІІ. Білім, білік, дағдыларды актуализациялау

  • «Полиглот», берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек;

  • Тест («Kahoot» бағдарламасы арқылы)

  • Ойлан, тап! Сәйкестендіру кестесін толтыру

III.Жаңа материалды түсіндіру

  • «Презентация» ұғымымен танысу (http://bilimland.kz/ ресурсынан бейнематериал көрсету)

  • Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік

  • Тәжірбиелік жұмыс орындау.

  • Өзіндік жұмыс орындау. Презентацияны бағалау критерийлерін пайдалану арқылы

(Әр оқушы компьютердің  жұмыс үстелінде орналасқан “Астана” деген бумададағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point программасында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «АСТАНА- ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ!» атты презентация дайындау қажет.)

ІV . Қорытындылау. Викторина («learningapps.org»бағдарламасында, https://learningapps.org/display?v=pod31zchn18 сілтемесін қолдану)

V І. Бағалау.

Үйге тапсырма. Берілген тақырыптың біреуіне презентация құрып келу.

  1. «Менің достарым»

  2. «Менің сүйікті жазушым»

  3. «Менің сүйікті ақыным»

  4. «Менің Отаным Қазақстан!»

  5. «1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні»

  6. «Менің ана тілім - қазақ тілі»

  7. «Менің ЭКСПО-2017 туралы түсінігім» 

  8. «Менің арманым»

  9. «Менің анамның портреті»

  10. «Менің туған жерім- егеменді Қазақстан»






















САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Оқушыларды түгендеу.Қауіпсіздік ережесін қайталап кету.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

2.1.«Полиглот», берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек;

Сұратар мен жауаптары:

  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
    Жауабы: ақпарат, информация, information

  2. Компьютердің негізгі құрылғысы . Жауабы: жүйелік блок, системный блок, system block

  3. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым . Жауабы: Информатика, Информатика, Сomputer science

  4. Сақталған құжатты ашу командасы? Жауабы: Файл – ашу, файл - открыть, file – open

  5. Компьютердің ең басты бөлігі, «миы». Жауабы: процессор, процессор, processor

  6. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы. Жауабы: пернетақта, клавиатура, keyboard

  7. Windows – дегеніміз не? Жауабы: Операциялық жүйе, операционная система,

Operation system

  1. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? Жауабы: құлақаспап, наушники, Headphones

  2. Қарапайым графикалық редактор? Жауабы: Paint, рисовать, сурет салу

  3. Қажет емес символды алып тастау пернесі – Жауабы: өшіру, удалить, delete

  4. Ақпараттарды сығуға мүмкіндік беретін программа — бұл ...Жауабы: Мұрағаттаушы, архивироватор, Archive

  5. Ақпараттарды енгізуге негізделген құрылғы. Жауабы: мәтіналғы, сканер, scanner

  6. Өшірілген ақпаратты жинап, уақытша сақтайтын орын. Жауабы: Себет, корзина, basket

  7. Жүйелік блоктың құрамына енбейтін компьютердің негізгі бөліктерінің бірін атаңыз

Жауабы: тінтуір, мышка, mouse

  1. Архивтендірілген файлды құру бұл ...Жауабы: мұрағат, архив, archive

  2. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? Жауабы: Терезе, окно, windows

  3. Вирустарға қарсы бағдарлама қалай аталады? Жауабы: антивирусты бағдарламалар, антивирусная программа, antivirus program

  4. MicrosoftWord- бұл? Жауабы: мәтіндік процессор, текстовый процессор ,wordprocessor

  5. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

Жауабы: Кітапша, Блокнот, notebook

  1. Электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болатын не? Жауабы: формула, формула, formula, formulation

  2. Мәліметтердің графикалық түрде бейнеленуі?Жауабы: диаграмма, diagram

  3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

Жауабы: Кітапша, Блокнот, notebook

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. Жауабы: Бит, Бит, bit

  2. MicrosoftExcel- дің құжаты қалай аталады? Жауабы: жұмыс кітабы, рабочая книга, work book

  3. Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы? Жауабы: басып шығарғыш, принтер, printer

  4. Орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Жауабы: аналық тақша, материнская плата, motherboard

  5. Ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейін жол қалай аталады? Жауабы: формула жолы, строка формул, formula bar

  6. Мәтіндік редактор- бұл …  құруға ,оларды түзетуге, құжаттың мазмұнын экранда қарауға , оны басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама. Жауабы:  мәтіндік құжат, текстовый документ, text document

  7. Мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі ?

Жауабы: кесте, таблица, table

  1. Бағана мен жолдың қиылысу нені құрайды? Жауабы: ұяшық, ячейка, mesh

2.2. Тест («Kahoot» бағдарламасы арқылы)

Тест сұрақтары:

1. Microsoft Excel программасының атқаратын қызметі неге бағытталған?

A. мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға

B. графиктік файлдармен жұмыс жасауға

C. файлдармен және бумалармен жұмыс жасауға

D. электрондың кестелермен жұмыс жасауға*

2. Excel программасына енгізілген құжаттардың кеңейтілуін ата

A. .xls*

B. .dbf

C. .bmp

D. .wri

3. Exсel программасының жұмыс алаңында жолдар қалай бейнеленген?

нүктемен.

әріппен.

Цифрмен*

суретпен.

4. EXCEL-де электрондық кесте ұяшықтарымен келесі әрекеттерді жүргізуге болмайды:

Ақпаратты енгізіп, түзетуге

Ақпараттарды көшіріп, өшіруге

Бөлек алынған тордың өлшемін өзгертуге*

Белгілеп және оны өшіруге.

5. Exсel программасының жұмыс алаңында бағандар қалай бейнеленген?

нүктемен.

әріппен*

Цифрмен.

суреттермен.

6. Электрондық кестенің формуласына не енбейді?:

ұяшық аты

сан

сурет*

мәтін

7. b2-ден b8-ге дейінгі ұяшық диапазонын қосу формуласын қалай жазуға болады?

=сумм(b2,b8)

=сумм(b2:b8)*

=сумм(b2;b8)

=сумм(b2+b8)

8. Электрондық кестеде 8 ұяшықтан тұратын топтар бөлініп алынды. Бұл ұяшықтар қалай болуы мүмкін? …

А1:В8

А1:С4

А1:В4*

В2:С4

9.Электрондық кестеде жолдар қалай белгіленеді:
A. A, B, C, ..Z, AA..

B. 1, 2, 3, ...*

C. кез келген;

D. солдан оңға

10. Электрондық кестеде қандай ұғымдар қолданылады?

Ұяшық(тор)*

алаң

Идентификатор

Кілт

11. EXCEL-де электрондық кесте торларымен келесі әрекеттерді орындауға болмайды:

A. бөлек алынған тордың өлшемін өзгерту*

B. ақпараттарды енгізіп, түзетуге

C. ақпараттарды көшіріп, өшіруге

D. белгілеу және оны өшіру

12. EXCEL-де диаграмманы салу процесінде оның орнына ештеңе пайда болған жоқ. Неге?

A. Жедел жад жетпейді.

B. Диаграмманың типі дұрыс таңдалмаған

C. Мәліметтермен ұяшық бөліктері бөлініп алынбаған*

D. Жадтың бөлңнңп алынған аумағындағы мәліметтер өте аз.

13. Excel программасы не үшін қолданылады?

A. мәтіндік құжаттарды құру

B. электрондық кестелерді құру*

C. графиктік бейнелерді құру

D. барлық варианттары дұрыс

14. Excel-де формуланы жазу қандай символдан басталады?

A. =*

B.+

C. пробел

D. бәрібір

15. Microsoft Excel дегеніміз:

A. мәтіндік редактор.

B. кестелік процессор.*

C. вирустан қорғау программасы

D. барлық варианты дұрыс

































2.3. Ойлан, тап! Сәйкестендіру кестесін толтыру


1. MS Access дегеніміз не?


  1. МҚ – да кестедегі тік бағандар өрістер деп аталады.

2. Мәліметтер қоры (МҚ) деген не?

  1. МҚ – да кестедегі жолдарды жазулар деп атайды

3. МҚ-да кестелер деген не?

  1. Бос МҚ – ын құру және Шебер көмегімен МҚ–ын құру

4. МҚ- да өрістер деген не?

  1. Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы.

5. МҚ- да жазулар дегеніміз не?

  1. Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, беттер, макростар, модульдер

6. МҚ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар?

  1. МҚ – да жазулар жиынтығын кесте деп атайды.

7. МҚ-ын құрудың әдістері қандай?

  1. Өрістерін енгізуден бастайды

8. МҚ-да қандай нысандар бар?

  1. Бұл ақпаратты жинақтайтын және сақтайтын құрылым.

9. МҚ-на өзгерістер енгізуге болам ма?

  1. Иә

10. МҚ-да кесте құруды неден бастайды?

10.Кестенің құрылымын құру және кестені ақпаратпен толтыру


Дұрыс жауаптары:

1. MS Access дегеніміз не? Ж: Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы. 
2. Мәліметтер қоры (МҚ) деген не? Ж: Бұл ақпаратты жинақтайтын және 
сақтайтын құрылым. 
3. МҚ-да кестелер деген не? Ж: МҚ – да жазулар жиынтығын кесте деп 
атайды. 
4. МҚ- да өрістер деген не? Ж: МҚ – да кестедегі тік бағандар өрістер деп 
аталады. 
5. МҚ- да жазулар дегеніміз не? Ж: МҚ – да кестедегі жолдарды жазулар 
деп атайды. 
6. МҚ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар? 
Ж: а. Кестенің құрылымын құру 
б. Кестені ақпаратпен толтыру 
7. МҚ-ын құрудың әдістері қандай? 
Ж: а. Бос МҚ – ын құру 
б. Шебер көмегімен МҚ–ын құру 
8. МҚ-да қандай нысандар бар? Ж: Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, 
беттер, макростар, модульдер 
9. МҚ-на өзгерістер енгізуге болам ма? Ж: Иә 
10. МҚ-да кесте құруды неден бастайды? Ж: Өрістерін енгізуден бастайды 
















ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

3.1. Теориялық материал

  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.

  1. PowerPoint терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

  • Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

  • Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  • Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

  • Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

  • Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

  1. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:

  • Жаңа презентация (Новая прзентация)

  • Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)

Автомазмұн шебері көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;

  • Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.

1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.

Жаңа презентация  құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.

Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.

Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер  сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және  өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:

  • Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)

  • Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)

  • Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы  Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.

 Слайдтарды безендіру.

Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз.  Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады.  WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

 Анимация қосу.

PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.

 Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла  командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет.  Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

3.2. Тәжірбиелік жұмыс











Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

Мақсаты: Презентация құру бағдарламасы мен танысу, көрме құруды үйрету

Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:

  1. «Пуск» батырмасын шертіңіз — «Все Программы» — «Microsoft office» — «Microsoft PowerPoint»

  2. Ашылған терезеден ГЛАВНАЯ менюді таңдаңыз – СОЗДАТЬ СЛАЙД басу арқылы – МАКЕТ батырмасын басу арқылы өзінізге керек түрін таңдаңыз.

  3. ДИЗАЙН меню арқылы слайдтың стилін таңдау керек

  4. ВСТАВКА – ФИГУРЫ немесе РИСУНОК («Рабочий стол-Фоны бумасынан» керек суретті алыңыз) мәзірін орындау арқылы суретті қою керек.

Келесі мәтіндерді енгізіңіз  тақырыбы

1 слайд:«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

2 слайд:

 Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

3 слайд: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда.


  1. Енді осы мәтіндерді безендіру қажет ол үшін: Қаріп түрін және өлшемін, түсін беріңіз

  2. Қойылған суретке ФОРМАТ менюі арқылы безендендіру қажет

  3. ПЕРЕХОДЫ менюі арқылы слайдтың келесі слайдқа аусуын тағайындау

  4. АНИМАЦИЯ менюі арқылы мәтінге түрлі анимацияны қоюыңыз.

  5. Келесі бойынша:

  • 1 слайдты – 2 слайдқа;

  • 2 слайдты – 3 слайдқа;

  • 3 слайдты – 1 слайдқа СІЛТЕМЕ немесе Ctrl+K пернелер үйлесімін басуға болады. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы  — Гиперссылка-  жасаңыз.

  1. Презентацияны құрастырып біттіңіз енді оны сақтау керек. Ол үшін: Басты менюдегі «Файл» — «Сохранить как» және «Имя файла» деген жерге презентацияның атын жазып сақтаңыз. Сіз презентацияны әзірлеуді аяқтап, оны көрсетуге дайын болсаңыз: Жарайсыз!























Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Теңіз көрінісі.

Мақсаты: Слайдқа анимация эффектілерін кірістіріп үйрену.

Жұмыс үстеліндегі Практика бумасын табыңыз, ондағы Теңіз көрінісі бумасындағы суреттерді пайдаланып презентация құру керек. Ол үшін:

1. PowerPoint бағдарламасын іске қосыңыз

2. Вставка - Рисунок из файла командалар тізбегін орындап, Теңіз көрінісі бумасындағы теңіз суретін слайдқа қойыңыз. Одан кейін Вставка-Рисунок из файла командаларын қайталап, қайықтың, дельфиннің, шағаланың суреттерін қойыңыз. Суреттің орналасу тәртібі төмендегіндей болуы керек.

3. Дельфин суретіне тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып, ерекшелеп алыңыз, Анимация менюіндегі Добавить анимация командасына басып, ондағы Дополнительные эффекты входа командасын шертіңіз, Добавление эффекта входа терезесінен Плавное приближение деген эффект түрін таңдаңыз. Лентадағы время показ слайдов бөліміндегі Начало өрісіне По щелчку нұсқасын таңдаңыз.

4. Дельфин суретіне ерекшелеу- Добавить анимация командасына таңдау- Дополнительные эффекты выделения - Качание түрін таңдаңдау.

Лентадағы время показ слайдов бөліміндегі Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

5. Дельфин суретін ерекшелеу- Добавить анимация таңдау- Дополнительные эффекты выхода командасын таңдау- Задвигание түрін таңдау. Время показ слайдов -Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

6. Қайықтың суретін ерекшелеу, Добавить анимация командасын таңдау-

Дополнительные эффекты входа – Возникновение түрін таңдаңыз. Время показ слайдов -Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

7. Қайықтың суретін ерекшелеу, Добавить анимация командасын таңдау-

Пути перемещения командасын таңдау - Линия түрін таңдап, солдан оңға қарай сыз. Время показ слайдов -Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

8. Шағала суретін ерекшелеу- Добавить анимация – Допольнительные эффекты входа - Возникновение түрін таңдаңыз. Время показ слайдов -Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

9. Шағала суретін ерекшелеу- Добавить анимация – Пути перемещение – Синусоида 2 түрін таңдап солдан оңға қарай сыз. Время показ слайдов -Начало өрісіне После предыдущего нұсқасын таңдаңыз.

10. Вставка – Звук из файла командасын орындаңыз. Теңіз көрінісі бумасынан шум море дыбысын қойыңыз. Работа со звуком менюі одан Воспроизведение менюін таңдап, Начало өрісіне автоматически нұсқасын таңдаңыз.

11. Презентацияны Сохранить как командасы арқылы өз атыңызбен екі түрде сақтаңыз (ПрезентацияPowerPoint , Демонстрация PowerPoint)

Өзіндік жұмыс

Әр оқушы компьютердің  жұмыс үстелінде орналасқан “Астана” деген бумададағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point программасында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «АСТАНА- ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ!» атты презентация дайындау қажет.  

Презентацияны бағалау критерийлері

Слайдтар құру

Балдардың максималды саны

Өзін –өзі бағалау

Оқытушы бағасы

Тақырып атауы бар слайд құру (титульный слайда)

5

 

 

Слайдтар саны – ең азы 10 слайд (минимальное количество слайдов)

10

 

 

Қосымша PowerPoint әсерлерін пайдалану (слайдты өзгерту, графика)

5

 

 

Анимация эффектілерін пайдалану

10

 

 

Диаграммалар мен кестелерді кірістіру

5

 

 

Слайдтар логикалық ретімен берілген

10

 

 

Әдемі презентация дизайны таңдалған

10

 

 

Мәтін жақсы жазылған және қалыптасқан идеялар айқын анықталған және құрылымдалған

10

 

 

Түстер сұлбасын енгізу

 5

 

 

Суреттер кірістіру

10

 

 

Клиптер, дыбыстар кірістіру

5



Гиперсілтеме орналастыру

10



Фигураларды кірістіру оларға мәтін енгізу

5



Барлығы:

 

 

 



Бағалау шкаласы:

90-100 балл- «5»

75- 90- балл- «4»

60-75- балл- «3»

60 балдан төмен - «2»



































ІV . Қорытындылау. Викторина («learningapps.org» бағдарламасында)

Бақылау сұрақтары:

1. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады?

Жауап: Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша‘Prаsentо’ тапсырамын немесе ағылшынша – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну.

2. Слайд дегеніміз не?

Жауап: Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді.

3. Power Point-ті іске қалай қосамыз?

Жауап: Пуск - Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point

4. Microsoft Power Point терезеэлементтеріната.

Жауап: Тақырыпжолағы, меню жолы, стандарты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, жұмысаймағы, слайдтардыңкішірейтілгенүлгілері, күйжолағы, Суретсалуқұралдарүстелі.

5. Менюжолыэлементтеріната?

Жауап: Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

6. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап: Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз.

7. Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді.

8. Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап:Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

9. Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар)



V І. Бағалау.

Үйге тапсырма. Берілген тақырыптың біреуіне презентация құрып келу.

  1. «Менің достарым»

  2. «Менің сүйікті жазушым»

  3. «Менің сүйікті ақыным»

  4. «Менің Отаным Қазақстан!»

  5. «1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні»

  6. «Менің ана тілім - қазақ тілі»

  7. «Менің ЭКСПО-2017 туралы түсінігім» 

  8. «Менің арманым»

  9. «Менің анамның портреті»

  10. «Менің туған жерім- егеменді Қазақстан»















Бағалау парақшасы

Оқушы аты-жөні____________________________________________________



Тапсырмалар атауы

Бағлау критерилері

Оқушының бағасы

«Полиглот»

3 сұраққа толық жауап беру- «5»

2 сұраққа толық жауап беру- «4»

1 сұраққа толық жауап беру- «3»

Жауап жоқ - «2»


Тест

13-15 дұрыс жауап- «5»

10-12 дұрыс жауап- «4»

7-9 дұрыс жауап- «3»

6-дан төмен - «2»


«Ойлан,тап!»

9-10 дұрыс жауап- «5»

7-8 дұрыс жауап- «4»

5-6 дұрыс жауап- «3»

4-тен төмен - «2»


Өзіндік жұмыс

(оқытушының бағасы)

90-100 балл- «5»

75- 90- балл- «4»

60-75- балл- «3»

60 балдан төмен - «2»


Ортақ бағасы










Бағалау парақшасы

Оқушы аты-жөні____________________________________________________



Тапсырмалар атауы

Бағлау критерилері

Оқушының бағасы

«Полиглот»

3 сұраққа толық жауап беру- «5»

2 сұраққа толық жауап беру- «4»

1 сұраққа толық жауап беру- «3»

Жауап жоқ - «2»


Тест

13-15 дұрыс жауап- «5»

10-12 дұрыс жауап- «4»

7-9 дұрыс жауап- «3»

6-дан төмен - «2»


«Ойлан,тап!»

9-10 дұрыс жауап- «5»

7-8 дұрыс жауап- «4»

5-6 дұрыс жауап- «3»

4-тен төмен - «2»


Өзіндік жұмыс

(оқытушының бағасы)

90-100 балл- «5»

75- 89- балл- «4»

60-74- балл- «3»

59-дан т-мен - «2»


Ортақ бағасы






КГКП «БГТК» 2018 Конфиденциально Страница


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее