«Зима 2025»

Разработка на тему "Көңілді ноталар"

ілім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Музыка Тақырыбы: Көңілді ноталар Мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету. Музыкалық репертуар: В. Тюльканов — «Марш» «Сәлемдесу жаттығуы” Г. Абдарахманова, Н. Шахина. "Қандай ырғақ" Мотивациялық - қозғаушылық Педагогтың іс - әрекеті Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді. Амандасу. Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату. Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар, біздер музыкалық оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз. Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз. Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз. Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля Ми МИ ми ми ми ми ми Ми МИ ми ми ми ми ми Жарасып тұр сәніміз, Ән шырқайық бәріміз. Естіген жұрт таң қалсын, Әдемі ән шырқалсын. Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? Кемпірқосақта неше түс бар. Балалар, біздің музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді 1 - нота қызыл түс 2 - нота қызғылт сары түс 3 - нота сары түс 4 - нота жасыл түс 5 - көгілдір түс 6 - көк түс 7 - күлгін түс Осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады. Ойын: «Ноталар үйіне қонаққа барамыз» саусақ қимылдары арқылы ноталар үйіне моншақты орналастыру. Балалар, кішкене отырып дем алайық. Ойын: “Қандай ырғақ” Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен ойнайсыңдар. Даңғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты. Тоғайда көп тоқылдақ, Үн естілді тоқылдап. Тоқ тоқ тоқ, Тоқ тоқ тоқ. Даңғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты. Күн күркіреп жарқылдап,, Бұршақ жауды сартылдап. Сарт сарт сарт сарт, Сарт сарт сарт сарт сарт. Жарайсыңдар! Рахмет! Әр нота түстермен белгіленген «Көңілді ноталар» ойынын ойнайық. Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз. Әр балаға жеті нота салынған қаптамалар беріледі, жетекші айтуымен орналастырады. Соңғы нота қойылған соң орындарынан тұрады. Балалар, қараңдаршы, біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз? Енді балалар, осы түстерді, яғни ноталарды аяқ қимылы арқылы тауып алайық. Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі оқу әрекетіміз ұнады ма? Мен сендерге көңілді ноталар таратамын. Осы ноталар арқылы қонақтарға көңіл күйімізді көрсетейікші. Марш екпінмен залдан шығып кету. Күтілетін нәтиже: Біледі: Нота туралы мағлұматтар беру. Игереді: Әр түрлі ойындар арқылы ноталар дыбысын, түстерін нота сызықтарына орналастыруға үйрену. Меңгереді: нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдылары қалыптасады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Көңілді ноталар
Мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету. Музыкалық репертуар: В. Тюльканов — «Марш»
«Сәлемдесу жаттығуы” Г. Абдарахманова, Н. Шахина. "Қандай ырғақ"
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагогтың іс - әрекеті
Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.
Амандасу.
Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар, біздер музыкалық оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз.
Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз.
Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля
Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля
Ми МИ ми ми ми ми ми
Ми МИ ми ми ми ми ми
Жарасып тұр сәніміз,
Ән шырқайық бәріміз.
Естіген жұрт таң қалсын,
Әдемі ән шырқалсын.

Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
Кемпірқосақта неше түс бар.
Балалар, біздің музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді
1 - нота қызыл түс
2 - нота қызғылт сары түс
3 - нота сары түс
4 - нота жасыл түс
5 - көгілдір түс
6 - көк түс
7 - күлгін түс

Осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады.
Ойын: «Ноталар үйіне қонаққа барамыз» саусақ қимылдары арқылы ноталар үйіне моншақты орналастыру.
Балалар, кішкене отырып дем алайық.
Ойын: “Қандай ырғақ” Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен ойнайсыңдар.
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Тоғайда көп тоқылдақ,
Үн естілді тоқылдап.
Тоқ тоқ тоқ,
Тоқ тоқ тоқ.
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Күн күркіреп жарқылдап,,
Бұршақ жауды сартылдап.
Сарт сарт сарт сарт,
Сарт сарт сарт сарт сарт.
Жарайсыңдар! Рахмет!

Әр нота түстермен белгіленген
«Көңілді ноталар» ойынын ойнайық. Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз.
Әр балаға жеті нота салынған қаптамалар беріледі, жетекші айтуымен орналастырады. Соңғы нота қойылған соң орындарынан тұрады.
Балалар, қараңдаршы, біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз?
Енді балалар, осы түстерді, яғни ноталарды аяқ қимылы арқылы тауып алайық.
Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі оқу әрекетіміз ұнады ма? Мен сендерге көңілді ноталар таратамын. Осы ноталар арқылы қонақтарға көңіл күйімізді көрсетейікші.
Марш екпінмен залдан шығып кету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Нота туралы мағлұматтар беру.
Игереді: Әр түрлі ойындар арқылы ноталар дыбысын, түстерін нота сызықтарына орналастыруға үйрену.
Меңгереді: нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдылары қалыптасады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее