«Осень 2024»

Разработка урока для 6 класса "Шын достық"

Разработка урока по казахскому языку для 6 класса по теме: "Шын достық"

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Бекітемін:


Сабақ: қазақ тілі

Сынып: 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Шын достық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға достық туралы мағлұмат беру, тақырыпты ашу, мақсат қою, сыни ойлау арқылы оқушыларды сыни ойлауға үйрету, АКТ қолдана отыра оқушыларға қосымша мағлұмат беру, қызығушылықтарын арттыру, диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушыларды өз ойларын толық сапалы жеткізе білуге үйрету, еркін сөйлеулерін қалыптастыру.

Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың достыққа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.


Ресурстар: Оқушылар оқулығы,

оқушы дәптерлері.

Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/ Компьютер.

плакат, маркерлер, стикерлер.

Сабақтың критерийлері:

1. Сын есімдер туралы сыни ойландыру / сын есімді қайталау.

2.Тақырыптың мақсатын өздеріне анықтату

3.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге дағдыландыру

Сабақтың әдісі: Ой ашар.

Психологиялық тренинг: Ойын ойнату

Топқа бөлу ойын шарттарындағы атаулар арқылы

Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап, оқушы мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

/топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар/

Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану

Слайд көрсету

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы


А – оқушы: Мәтінді оқиды, аударады, дос туралы мақал –мәтелдерді айтып береді, сөздікпен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады, венн диаграмма, бес жолды өлең жасайды, диалог құрастырады.

В –оқушы: Мәтінмен жұмыс жасайды, сөздікпен сөз тіркестерін құрайды, Венн диаграмма, бес жолды өлең жазсайды.

С –оқушы: Мәтінді оқиды, диалог құрастырады, тірек сызба жасайды, дос туралы айтып береді.



Уақыты:

Жұмыс түрі:

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:


Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг

Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады

Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады.


Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап

Мұғалім оқушыларға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Сендердің шын достарың бар ма? Өз достарың туралы әңгімелеп беріңдер. Достық туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады


Ой шақыру. сыни ойлау арқылы

Шын дос қандай болу керек? Тірек сызба, кластер жасаңдар.

Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып талқылайды, топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады.Кластер жасайды.


Топпен жұмыс. Сыни ойлау

Балалар, сонымен біз не туралы айтып жатырмыз? Сабақтың тақырыбы не болмақ?

Сабақтың тақырыбы: Достық туралы.

Оқушылар сабақтың тақырыбын топтар ішінде анықтап алады. Сабақтың мақсатын анықтайды.


Топпен, жұппен жұмыс. Диалогтік оқыту

Достық туралы бес жолды өлең жазыңдар. Кластер жасаңдар.

Сөйлесім. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.


Оқушылар бес жолды өлең жазады, кластер жасайды, диалог құрап, бірімен – бірі пікір алмасады.


Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Шын достық.

Досымбек екеуміз ылғи бір жатып, бір тұрамыз. Бір үзім нанға шейін бөліп жейміз. Бір анадан егіз туғандаймыз. «Дос болса, осылардай болсын», - дейді жұрт. Досымбек бір күні кенеттен сырқаттанып, ауруханаға түсті. Науқасы өте ауыр. Ішкенім ас болмай, ұйқым қашып, уайым жедім. Күнде барып, халін біліп тұрамын.

Күннен –күнге ауруы меңдеп, халі нашарлап барады.

- Дауасы бар ма бұл аурудың?- деп сұрадым емдеуші дәрігерден бір күні.

- Бір ғана дауа – таза қан құю, -деді дәрігер. Дереу өз қанымды сарапқа салдым. Дәрігерлер қанымды алып, шұғыл зерттеп жатыр. «Қаным іске жарап, Досымбектің жаны қалса» деген бір ғана тілек болды менде. Қанымды алып, Досымбекке құйғанда, бір жақсылықты сезгендей жүрегім лүпілдеп, қарауытып сөнуге айналған үміт оты қайта маздап жана бастады.

Тілегім орындалып, Досымбектің беті бері қарадады. Досымбек әбден айығып, ауруханадан шықты.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша жаттығуды орындайды жеке-жеке өз дәптерлеріне жазады

Мәтіннен септігі бар сөздерді теріп жазып, септіктерді анықтау.


Шығармашылық жұмыс

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

2. Жұптық жұмыс. Мәтін бойынша диалог құрастыру

3. Венн диаграмма құрастыру: Мен – Досымбек

4. Бес жолды өлең құрау: Достық



Сабақты қорыту

Шын дос қандай болу керек??

Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды.


Үй тапсырмасын беру

1. Досыңның саған жасаған бір жақсылығын шағын шығарма етіп жазыңдар.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Рефлексия

Нені білдік? Нені білгіміз керек?

Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабаққа қорытынды жазысып іледі


Бағалау

Топ басшыларының бағалауларын сұраймын, өзім соңғы бағасын шығарамын, журналға түсіремін.

Топ ішіндегі басшылары әр топты бағалайды







Бағалау парағы

лейбл

критерийлер

дескрипторлар

5

өте жақсы

Мәтінді ұғып оқиды, 5-6 мақал –мәтелдерді айтып береді

Венн диаграмма мен бес жолды өлеңді дұрыс жасап береді,

кластер жасай алады, достық туралы диалог құрайды,

өз досы туралы айтып бере алады

4

жақсы

Мәтінді мәнерлеп оқиды, мәтін бойынша диалог құрастырады.

Кластер жасап, өз досы туралы айтып бере алады.

Венн диаграмма жасап, бес жолды өлең жасай алады.

3

орташа

Мәтінді оқып бірнеше сұрақ құрастыра алады.

Кластер жасап, 3-4 достық туралы мақал –мәтел айтып бере алады.





























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее