«Зима 2025»

Сабақ тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы » ортаңғы топтарға

Сабақта ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы туралы айтылған

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки



Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы:Коммуникация.

Бөлімі : Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы »

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Білімділік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Дамытушылық: «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» мерекесі  жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған  еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.

Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі


Мотивациялық

қозғаушылық

Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.
II. Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы.
Ой қозғау.1. Балалар біз қай елде тұрамыз? 2. Елбасымыз кім?
3.Еліміздің астанасы қай қала?
-Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы үлкен шеңбер құрып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтып, ҰО қызметін етін бастайық.
Еліме тыныштық тілеймін!

Күніміз ашық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын!
Лебіздерің қабыл болсын, балалар!

Ұйымдастыру

іздестіру




Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.


Әнұран орындау
Біздің Президентіміз –Н.Ә.Назарбаев . Мемлекет басқару ісі –машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Міне, балалар 1 –желтоқсан Президент күні. Осы Президент күніне арнап «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Тәрбиеші: Балалар, ең алдымен сендерге Елбасымыз туралы біраз мәліметтер айта кеткенді жөн көрдім. Енді назарымызды мольбертке аударайық.


Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.  1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.

Халида: Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Дильназ: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.


Мағжан: Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

 

1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.


«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.1992ж.

 

4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

 

12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. 1993ж.

 

1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.

Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың

ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998ж.

 

10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.

 

10 қазан Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) қуру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды. 2000ж.

12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті 2010 ж .

 

Елбасы жолдауы: Қазақстан халқының әлауқатын арттыру.

Астана, Акорда, 27 қаңтар 2011 жыл .

 

Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.

 

Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу:

-Елін сүйген еңселім де, еркінім,

Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.

Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!


Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

«Халықтың ортақ үйі-Отаны.»

«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.»

«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.

«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.

Рефлексивті –

түзетушілік


Қорытындылау.

Елімде бейбіт тыныш заман болсың,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!.

Тәрбиеші ұйымдастырылғын оқу қызметін қортындылап балаларды мадақтайды.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее