«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Атаулы сөйлем" (8 сынып)

технология

Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділік: жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру. Тәрбиелігі: оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу, ұжымдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу Сабақтың тегі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау. Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба - кестелерді көрсетіп, тақырыпты ашу Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, семантикалық кесте, графикалық диктант, схемалы кесте, Венн диаграмма. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу ә) оқушыларды түгендеу Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру Сабақтың эпиграфы: Кіршіксіз таза сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ананың тілі - ардақты Аманат, саған, аманат. Оқушыларды жыл мезгілдерін ұнатуына қарай 4топқа бөлу. «Қыс». «Көктем». «Жаз». «Күз». ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 84 - жаттығу. Өз ойларынан екі жолдастың әңгімелескенін үйлестіріп жазу және әңгімеде толымды, толымсыз сөйлемдер болу керек. ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту Өткен материалдар бойынша сұрақтар. Ой жинақтау Синтаксис нені зерттейді? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлемнің құрамдық түрлерін ата Бастауыштың қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді? Тұрлаулы мүшелердің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді? Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді? Семантикалық кестені толтыру Сөйлемдер -- Жақты - Жақсыз - Жалаң - Жайылма - Толымды - Толымсыз Менің барғым келеді - - Бұл кітап менікі. - Таң атты. - - Менікі. - Өнерлі өрге жүзер - Асан сабақ оқыды. - VІ. Жаңа сабақты түсіндіру Ой шақыру Мына сөйлемдердің қандай ерекшелігі бар? Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Жаңа сабағымыздың тақырыбы атаулы сөйлем Бүгін сабақта сендер жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлеммен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренесіңдер. «Атаулы» сөзінің мәні. Құрамы: ата+у+лы (түбір зат есім+тұйық етістік жұрнағы+есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ) Атаулы күндер Атаулы мерекелер Атаулы бағалы қағаздар Атаулы сөйлем дегеніміз не? Сәрсен Аманжолов Қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог ғалым. • Атаулы сөйлем терминін қазақ тіл біліміне алғаш енгізді. • 1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С. Аманжолов атаулы сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді. Сәрсен Аманжолов: Атаулы сөйлем шығу жағынан (генетика) бірінші пайда болған деп қарауға болады. Әуелде сөйлем бір - ақ сөзбен айтылған. Соңғы кездері әр рудың ұраны да соның қалдығы. Мысалы: Торғауыт! (170 - бет) Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады. Мыс: Қалың тоғай. Тоғай қалың. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы оқырмандарының, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы сөйлемді жиі қолданады Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері: Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық: Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы. Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы - сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!. (Б. Майлин). А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин). Топтық жұмыс Сызба бойынша Атаулы сөйлемдерді құрау Зат есім Заттанған сан есімнен сын есімнен есімдіктен Дәптермен жұмыс • Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. (тақтаға әртүрлі сөздер беріледі) Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. • І. Түн қараңғы. Пәтері Ахметтің. • ІІ. Ақ дала жамылған қалың қарды. • ІІІ. Аяз сақылдаған сары. Уақыт кешкі. • ІV. Жайлау кең. Ауылы Абай. Оқулықпен жұмыс. 85 - жаттығу. Мәтіннен атаулы сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Мағынасы жағынан нені білдіретінін анықтау. Шығармашылық жұмыс • Жыл мезгілдеріне байланысты берілген суреттерге қарай отырып, шағын эссе жаз. Сабақты қорыту Сәйкестендіру тесті І.1. Атаулы сөйлем --- Жаңбыр жауып тұр. 2. Жалаң сөйлем. --- —Анау ат сенікі ме? 3. Жайылма сөйлем. -- Түн. Күз. Жайлау. 4. Жақсы сөйлем. --- Бұл өмірден жылап кеткім келмейді! 5. Жақсыз сөйлем. --- Егіншілер егін басында жүр. 6. Толымды сөйлем. --- Жұмысшыларға келуге болмайды. 7. Толымсыз сөйлем. -- Қонақтар ұйықтап кетті. ІІ.1. Атаулы сөйлем. --- Сабақ бітті. 2. Жалаң сөйлем. ---- Асан жиналыста үндемеді. 3. Жайылма сөйлем. --- Асау ма өзі? 4. Жақсы сөйлем. --- Жаз. Көл басы. 5. Жақсыз сөйлем. --- Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ. 6. Толымды сөйлем. --- – Мен ағайды күтіп алдым 7. Толымсыз сөйлем. --- Абайды халық құрметтеп еске алады. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын белгілеу.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки



технология


Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды өз ойын еркін айта білуге баулу, ұжымдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың тегі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау.
Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба - кестелерді көрсетіп, тақырыпты ашу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, семантикалық кесте, графикалық диктант, схемалы кесте, Венн диаграмма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру
Сабақтың эпиграфы:
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ананың тілі - ардақты
Аманат, саған, аманат.
Оқушыларды жыл мезгілдерін ұнатуына қарай 4топқа бөлу.
«Қыс». «Көктем». «Жаз». «Күз».
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 84 - жаттығу. Өз ойларынан екі жолдастың әңгімелескенін үйлестіріп жазу және әңгімеде толымды, толымсыз сөйлемдер болу керек.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Өткен материалдар бойынша сұрақтар. Ой жинақтау Синтаксис нені зерттейді?
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Жай сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерін ата
Бастауыштың қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшелердің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысу - қатыспауына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Семантикалық кестені толтыру
Сөйлемдер ---------- Жақты --- Жақсыз --- Жалаң --- Жайылма --- Толымды --- Толымсыз
Менің барғым келеді -
- Бұл кітап менікі. -
Таң атты. -
- Менікі. -
Өнерлі өрге жүзер -
Асан сабақ оқыды. -
VІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ой шақыру
Мына сөйлемдердің қандай ерекшелігі бар?
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы.
Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Жаңа сабағымыздың тақырыбы атаулы сөйлем
Бүгін сабақта сендер жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлеммен танысып, оны сөйлем ішінен ажырата алуға үйренесіңдер.
«Атаулы» сөзінің мәні.
Құрамы: ата+у+лы (түбір зат есім+тұйық етістік жұрнағы+есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ)
Атаулы күндер
Атаулы мерекелер
Атаулы бағалы қағаздар
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Сәрсен Аманжолов
Қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, тюрколог ғалым.
• Атаулы сөйлем терминін қазақ тіл біліміне алғаш енгізді.
• 1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С. Аманжолов атаулы сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді.
Сәрсен Аманжолов: Атаулы сөйлем шығу жағынан (генетика) бірінші пайда болған
деп қарауға болады. Әуелде сөйлем бір - ақ сөзбен айтылған. Соңғы кездері әр рудың ұраны да
соның қалдығы. Мысалы: Торғауыт! (170 - бет)
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады.
Мыс: Қалың тоғай. Тоғай қалың.
Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде әсіресе анықтауыш, кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Сол сияқты жазушы оқырмандарының, назарын ерекше аударғысы келген затты суреттегенде де, атаулы сөйлемді жиі қолданады
Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:
Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.
Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.
Атаулы сөйлем жазушы тіліне ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін (портретін) немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық:
Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз
А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы - сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады.
Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин).
Топтық жұмыс
Сызба бойынша Атаулы сөйлемдерді құрау
Зат есім
Заттанған сан есімнен
сын есімнен
есімдіктен
Дәптермен жұмыс
• Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. (тақтаға әртүрлі сөздер беріледі) Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр.
• І. Түн қараңғы. Пәтері Ахметтің.
• ІІ. Ақ дала жамылған қалың қарды.
• ІІІ. Аяз сақылдаған сары. Уақыт кешкі.
• ІV. Жайлау кең. Ауылы Абай.
Оқулықпен жұмыс. 85 - жаттығу.
Мәтіннен атаулы сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Мағынасы жағынан нені білдіретінін анықтау.
Шығармашылық жұмыс
• Жыл мезгілдеріне байланысты берілген суреттерге қарай отырып, шағын эссе жаз.
Сабақты қорыту
Сәйкестендіру тесті
І.1. Атаулы сөйлем ---------------- Жаңбыр жауып тұр.
2. Жалаң сөйлем. ------------- —Анау ат сенікі ме?
3. Жайылма сөйлем. ------------ Түн. Күз. Жайлау.
4. Жақсы сөйлем. ---------------- Бұл өмірден жылап кеткім келмейді!
5. Жақсыз сөйлем. --------------- Егіншілер егін басында жүр.
6. Толымды сөйлем. ------------- Жұмысшыларға келуге болмайды.
7. Толымсыз сөйлем. ------------ Қонақтар ұйықтап кетті.
ІІ.1. Атаулы сөйлем. ---------------- Сабақ бітті.
2. Жалаң сөйлем. ----------------- Асан жиналыста үндемеді.
3. Жайылма сөйлем. ------------- - Асау ма өзі?
4. Жақсы сөйлем. ------------------ Жаз. Көл басы.
5. Жақсыз сөйлем. ---------------- Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ.
6. Толымды сөйлем. -------------- – Мен ағайды күтіп алдым
7. Толымсыз сөйлем. -------------- Абайды халық құрметтеп еске алады.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасын белгілеу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее