Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 28.11.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есептік сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Есептік сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
131-жаттығу. Сан есімдерді қатыстыра отырып, төмендегідей жұмбақ, санамақ немесе жай өлең мәтінін құрау
Сұрақ-жауап:
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Сұрақтары?
3.Дара ,күрделі сан есімдерге мысал айту.
3.Сан есімдер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ.Жаңа тақырып. Есептік сан есім
| Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, Қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді . | |
| Дара | Күрделі |
| Елу,алты, жүз, алтау, миллион, миллиард | Он жеті, жүз жиырма, бір-екі, бір миллион екі жүз жетпіс мың. |
Есептік сан есімдер
Сұрақтары Қанша? Неше? Негізгі түбір сан есім: бір,екі, жүз,миллион Дара: бір, бес,жеті Күрделі тіркесті сөз: екі жүз миллион Құрамы Жасалу жолы
ІV. Оқулықпен жұмыс.
132-жаттығу.
(Арман –ПВ)Үлгі: он тоғыз-есептік сан есім, құрамына қарай күрделі, сұрағы-қанша?
Топқа бөлініп отырыңдар. «Ой-Бәйге!» (Атамұра)
3 минут ішінде құрамында сан есімі бар жұмбақтар тауып жазыңдар;
2минут ішінде құрамында сан есімі бар өнер туындыларының атын жазыңдар;
2минут ішінде құрамында сан есімдері бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар
2минут ішінде құрамында сан есімдері бар жаңылтпаш тауып жазыңдар;
3минут ішінде құрамында үш сан есімі бар сөйлемдер құрап жазыңдар. Әр сөйлемде 7 сөз болсын;
3минут ішінде сан есімдерге аяқталған сөйлем ойлап жазыңдар.
V.Сабақты бекіту.
Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір? Сұрақтары қандай?
VІ.Үйге жұмыс.
133-жаттығу.




