«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Қос сөздер.қайталама қос сөздер. " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін, есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні:10.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.қайталама қос сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету..

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: тірек сызба, түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

40-бет .63-жаттығу.

56-бет.47-жаттығу.

Сұрақ-жауап:

1.Біріккен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

ІІІ.Жаңа тақырып. Қос сөздер.қайталама қос сөздер.


Сөздердің қосарланып немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздер қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінеді.


1.Қайталама қос сөздер.

Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.

2.Қосарлама қос сөздер.

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейміз.

Қайталама қос сөздің жасалу жолдары:

Қосарлама қос сөздердің құрамы:

1.Қосымшасыз түбірдің қайталануы:

қамба-қамба (астық), биік-биік (таулар), тау-тау астық, көре-көре көсем болады,сөйлей –сөйлей шешен болады, үйдей-үйдей боп жатыр, алпамсадай-алпамсадай жігіттер.

2.Бір сыңары қосымшалы,бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы:

көзбе-көз,ауыл-ауылды аралады, өз-өзінен қысылды, жүзбе-жүз көрісті,

3.Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы:

аузы-аузына, жөнді-жөнсіз, жылдан –жылға,өзді-өзіне , қолды-қолымен, ерні-ерніне, айтып-айтпай, орынды-орынсыз.

4.Сөздің екінші сыңарына м,п дыбыстары қосылып ,қайталанады: ет-мет, ол-пұл, шай-пай, жігіт-мігіт, ат-мат, нан-пан

5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады: тарс-тұрс,тасыр-тұсыр, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт.

6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады: жап-жарық, әп –әдемі, тап-таза, қап-қара, қып-қызыл.

1.Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады: құрт-құмырысқа,әке-шеше, ағайын-туыс,үлкен-кіші, іші-сырты, аға-іні,

2.Бір сыңары мағыналы ,екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады: келін-кепшік, бала-шаға, киім-кешек, көрші-қолаң, қыз-қырқын,

3.Екі сыңары да мағынасыз: ығы-жығы, оқта-текте, ұмар-жұмар, анда-санда,жапа-тармағай,

4.Қоғамдық даму аясында өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер: Үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша, ғылыми-танымдық, көші-қон



















Сөздердің қосарланып немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады.








2.Қосарлама қос сөздер. Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейміз.


1.Қайталама қос сөздер. Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.





1.Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады: құрт-құмырысқа,әке-шеше, ағайын-туыс,үлкен-кіші, іші-сырты,



2.Бір сыңары қосымшалы,бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы:

көзбе-көз,ауыл-ауылды аралады, өз-өзінен қысылды, жүзбе-жүз көрісті



1.Қосымшасыз түбірдің қайталануы:

қамба-қамба (астық), биік-биік (таулар), тау-тау астық, көре-көре көсем болады,сөйлей –сөйлей шешен болады,








2.Бір сыңары мағыналы ,екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады: келін-кепшік, бала-шаға, киім-кешек, көрші-қолаң, қыз-қырқын,




4.Сөздің екінші сыңарына м,п дыбыстары қосылып ,қайталанады: ет-мет, ол-пұл, шай-пай, жігіт-мігіт, ат-мат, нан-пан



3.Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы:

аузы-аузына, жөнді-жөнсіз, жылдан –жылға,өзді-өзіне , қолды-қолымен, ерні-ерніне,







3.Екі сыңары да мағынасыз: ығы-жығы, оқта-текте, ұмар-жұмар, анда-санда,жапа-тармағай,





6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады: жап-жарық, әп –әдемі, тап-таза, қап-қара, қып-қызыл.



5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады: тарс-тұрс,тасыр-тұсыр, жарқ-жұрқ, сарт-сұрт.




4.Қоғамдық даму аясында өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер: Үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша, ғылыми-танымдық, көші-қон








ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

65-жаттығу (ауызша) Мәтіндегі қос сөздердің астын сызыңдар, өздерің 6 мысал келтіріңдер.

Қос сөздер: тұра-тұра, жалма-жан, апыл-ғұпыл, апалаң –топалаң,


66-жаттығу. Төмендегі сөздерден қос сөздер жасаңдар. (ауызша)

Табын – табын, екі- үш, тап-таза, оқта-текте, анда-санда,ата-ана, құрт-құмырысқа, келін -кепшік , төбе-төбе


67-жаттығу.

1.Қыз –қырқын-жігіт –желең, бала-шаға,

2.Пыш-пыш- күбір-күбір, сыбыр-сыбыр, тым-тырыс,

3. Тәп –тәтті-ащы-тұщы.

4. Дәлме –дәл- тұп-тура,

5.Дау-жанжал, дау-даумай, ұрыс-керіс, талас- тартыс береке-бірлік

6.Сай-сала- тау-қырат,

7.Лай-батпақ- құп-құрғақ.

8.Ағыл-тегіл- көл- көсір


69-жаттығу. Көшіріп жазып, қос сөздердің астын сызыңдар.

70-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөзді қойып, көшіріп жазыңдар.



V.Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап:

1.Қос сөздер дегеніміз не? Олар қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.

2.Қайталама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер


VІ. Үйге тапсырма.

44-45-бет: 71,72,73-жаттығу. (өздеріңе ұнаған бір жаттығуды орындау)

60-бет: 52-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее