«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Ортақ етіс " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

  1. Ортақ етіс туралы түсінік беру;
  2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 1.02.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс

Сабақтың мақсаты:

  1. Ортақ етіс туралы түсінік беру;

  2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 235-жаттығу. /193-жаттығу.

Сұрақ-жауап:

6.Ырықсыз етіс дегеніміз не? жасалу жолдары қандай (жұрнақтары)? мысал келтіру

ІІІ.Жаңа тақырып. Ортақ етіс

Біз етістің үш түрін қарастырдық. Ендігі түрі -ортақ етіс. Мысалы: Үлкен жүкті інім көтерісті. Қонақтарға төсек салысты. Неше адам іс-әрекет істеп тұр?

Біреу емес, бірнеше адам арқылы ортақ істелетін я болатын іс-әрекетті , қимылды білдіретін етіс түрі ортақ етіс деп аталады.

Ортақ етістің жасалу жолдары:

1

-ыс,-іс,-с:

Айт-ыс, таны-с, шығар-ыс, ал-ыс, жи-ыс, әкел-іс, іл-іс, бөл-іс, көр-іс, сүй-іс, хабарла-с, құшақта-с, сөйле-с, сыйла-с, сырла-с, Олай болса, айтысып, хабарласып, сөйлесу үшін де екі не одан да көп адам керек екен. Ақындар айтысты. Екеуі танысты. Бір-бірімен қол алысты. Таңға дейін сырласты.


ІV. Оқулықпен жұмыс.

236-жаттығу.

Ортақ етісті сөйлем

Зат есімді сөйлем

Атамұра 195-жаттығу

Тау бұзысып,тас қала-с-ып гүл ег-іс-іп,

Адамдар күн көреді сүй-ен-іс-іп

Бір көрген- біліс ,

Екі көрген -таныс

Табыс



237-жаттығу. Барлық етістерді қайталаңдар. Омонимдердің екі мағынасын табыңдар.

Айтыс

1

Өнер түрі , зат есім (не?)


2

Дискуссия жасау, екі адамның айтысуы, (не істе?) етістік

Табыс

1

Еңбек етудің арқасында келіп түскен ақшалай түсім -табыс (не?) зат есім


2

Бір затты табыс ету ,тапсыру (не істе?) етістік

Ойыс 

1

құрлықтың мұхит деңгейінен төмен жатқан бөлігі, барлық жағынан тұйықталған, ортасына қарай шұңғыма


2

Мұз ойуға көмектесу (не істе?) етістік


V.Сабақты бекіту

1 №2

Етістер

Өздік етіс

Өзгелік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс


Етістер

Өздік етіс

Өзгелік етіс

Ырықсыз

етіс

Ортақ етіс

Сезін

+





Оранды

+




Жатқыз


+




Салынды



+


Сыйлас




+


Жүргіз


+



Күрелді



+



Айтылды



+


Киін

+





Сендір


+



Әкеліс




+


Шегелесті




+

Астыр


+




Жасырынды

+




Тазаланды



+



Жасалды



+


Дүрілдет


+




Сөйлет


+



Жуын

+





Көтерісті




+

Шығарыс




+


Күйінді

+





VІ.Үйге жұмыс. 238-жаттығу / 196-жаттығу



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее