Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 05.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Топтау сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап: 141-жаттығу.
1.Реттік сан есім дегеніміз не?
2.Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай? Мысалдар келтіру, (дара,күрделі реттік сан есімдерге мысал)
3.Жинақтық сан есім дегеніміз не? Мысалдар келтіру
ІІІ.Жаңа тақырып. Топтау сан есім
| Нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың санын жекелеп емес, топтап көрсететін сан есім түрі топтау сан есімі деп аталады. | |
| Жасалу жолы: | |
| Дара сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады. | Күрделі сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады. |
| Екі+ден, жүз+ден, бес+тен,т.б. | Он бес+тен, екі-екі+ден, он-он+нан |
Топтау сан есімдер
Сұрақтары Қаншадан ? Нешеден ? Дара саннан: Бестен, мыңнан Күрделі саннан: бес-алтыдан, отыз бестен Құрамы Жасалу жолы
Негізгі түбір сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жұрнағы жалғанады: бестен, оннан,


Қосарланған сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жұрнағы жалғанады: бес-алтыдан, үшеу-үшеуден Тіркесті сан есімге –дан, -ден,-нан,-нен,-тан,-тен жалғанады: жиырма бестен, бір мыңнан
ІV. Оқулықпен жұмыс. 147-жаттығу. Топтау сан есімді қатарды дара, күрделі сан есімдермен толықтырыңдар.
| -нан: | нен: | -дан: | -ден: | -тан: | -тен: |
| оннан, ... | сексеннен,... | жиырмадан,... | елуден,...
| алпыстан,... | жетпістен,... |
148-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есім жасап, «Топтасу түбі-ынтымақ» тақырыбында ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер.
2,4,6,8,14,20,40,50,60,3,5,10,8,6,2,70,80,100,1000,
149-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің тұлғалық, құрамдық,мағыналық түрін ажыратыңдар.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап:
1.Топтау сан есім дегеніміз не? Мысалдар келтіру,
2.Топтау сан есімнің жұрнақтарын ата?
VІ.Үйге жұмыс.
Арман –ПВ 150-жаттығу.
Атамұра -117-жаттығу. (115 бет)




