Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 02.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жинақтық сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Жинақтық сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап:
1.Реттік сан есім дегеніміз не?
2.Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай? Мысалдар келтіру, (дара,күрделі реттік сан есімдерге мысал)
ІІІ.Жаңа тақырып. Жинақтық сан есім
| Нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімдер заттың жинақталған санын білдіріп, жинақтық сан есімдер деп аталады. Олар бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұпнағы жалғану арқылы жасалады. |
| біреу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу. |
Жинақтық сан есімдер
Сұрақтары Нешеу? Нешеу? Құрамы Жасалу жолы
Дара болады: бір+еу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу. 1-ден 7-ге дейінгі негізгі түбір сан есімге -ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады: бір+еу, екеу,үшеу,төртеу,бесеу,алтау,жетеу.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
138,139,140-жаттығуды орындатамын.
114-жаттығу. Ребусты шешу.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап:
1.Жинақтық сан есімдер дегеніміз не? Қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтіру,
VІ.Үйге жұмыс.
141-жаттығу.




