«Зима 2025»

Сабақ жоспары Есімдік. Есімдіктің түрлері. Әйтеке би.

студенттердің есімдік оның түрлері тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау, жүйелеу, жинақтау

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки


Пән аты: Қазақ тілі және әдебиеті

Топ: К-18-9

Оқытушы: Дайрабаева А.Т.

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің түрлері. Әйтеке би.

Сабақтың мақсаты: білім алушыларға кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі және ерлік істерімен танысу, ел қамын ойлап, «туған жер» -деп өткен билер туралы сыр шерту.
сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: студенттердің есімдік оның түрлері тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау, жүйелеу, жинақтау;

Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелік: студенттын мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, оны сапалы да ерікті түрде меңгеруге, адамгершгершілік пен жауапкершілікке, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: тәжірибелік (біліктілік пен дағдыны қалыптастыру).

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талқылау, топтық жұмыс.

Қолданылатын көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздарда тапсырмалар, оқулық, сөздік, бағалау парағы, фишкалар, слайдтар. Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі.

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, ойын технологиясының элементтері.

Сабақтың құрылымы:

І

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

ІІ

Сабақ мақсатымен таныстыру

1 минут

ІІІ

Үй тапсырмасы

10 минут

ІҮ

Жаңа тақырып

20 минут

Ү

Бекіту

10 минут

ҮІ

Бағалау

2 минут

ҮІІ

Үй тапсырмасы

1минут


Қолданылған әдебиеттер:

  1. С.Аманжолов. Қазақ тілі. Алматы. Атамұра. 2016 жыл

  2. С.Мақпырұлы. Қазақ әдебиеті. Алматы. Атамұра. 2017

  3. Н.Оразақынова,Қ.Әбдірейімова Қазақ тілі. Алматы. Мектеп. 2014 жыл

Сөздіктер:

  1. Ш.Ш.Сарыбаева. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. Алматы. 2015 жыл

  2. М.Дүкенбаева. Қазақша-орысша студенттер сөздігі. Алматы. Рауан. 2016 жыл

  3. Б.Исмаглова. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. Алматы.2017 жыл













Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен сәлемдесу. Топ үш топқа бөлініп отырғызу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін сабақ барысында грамматикалық тақырып бойынша есімдік оның түрлері олардың жазылу ретімен, ерекшеліктерімен танысамыз, лексикалық тақырып бойынша мәтінді талқылап,сөздік жұмыс жасаймыз, тапсырмалар орындаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің емлесі. Қазыбек би тақырыбы бойынша.

1. Сұрақ- жауап арқылы тексеру.

І. Қызығушылықты ояту. «Ия,жоқ» әдісі

1. Ғасырда 100жыл бар. /иа/

2. Бір жылда 5 жыл мезгілі бар /жоқ/

3. Бір жыл мезгілінде 3 ай бар (иа)

4. Бір аптада 20 күн бар (жоқ)

5. Бір тәулікте неше күн 24сағат бар? (иа)

6. Бір сағатта 65 минут бар. (жоқ)

7. Бір минутта 60 секунд бар. (иа)

8. Бүгін аптанын 5-ші күні. (жоқ)

9. Қазан айы оныншы (иа)

10. Бүгін нешесі? (11-і)

Дәптерге бүгінгі күнді жазайық.

Желтоқсанның он бірі

Ағылшын тілде today is December 11th

Латын қарпімен Jeltoqsannуń on biri

ІІ. Сан есімнің мағналық түрлерін сипаттау (сұрақ-жауап)

  1. Сан есімнің қандай мағыналық түрлері бар?

Жауабы: Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

  1. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

Жауабы: Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

  1. Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Жауабы: Заттың нақты санын білдіреді. (обозначает конкретное количество предмета) Қанша? Неше? бес, он, үш, бір мың қырық жеті

  1. Реттік сан есім нені білдіреді? Емлесі қандай?

Жауабы: Заттың реттік қатарын білдіреді.
(обозначает порядковый номер предмета)
Нешінші? Қаншасыншы?
Бір+інші, алты+ншы, тоғыз+ыншы

  1. Жинақтық сан есімнің ерекшелігі неде?

Жауабы: Заттың жинақталған санын білдіреді.1-7
(обозначает собирательное кол-во предмета)
Нешеу? Бір= бір+еу, 
екі = ек+еу,

  1. Болжалдық сан есім нені білдіреді және қалай жасалады?

Жауабы: Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. (обозначает предположительное количество предм)
Қанша? Неше? Қай шамалы?Қаншадан? Қаншадай? мың+даған,екі+леп, жеті+дей  үш+тер+де, алты+лар+да,. он шақты, 

  1. Топтау сан есімнің ерекшелігі неде?

Жауабы: Заттың санын топтап көрсетеді.(обозначает коли –чество предметов, объединенных в равных частях)Нешеден?Қаншадан? Алты+дан, он екі+ден, 10-10-нан,15-15-тен т.б. 

  1. Бөлшектік сан есім деген не? Қандай түрлері бар?

Жауабы: Заттың бөлшектік санын білдіреді. (обозначает части дробных чисел)Қанша? Неше? 2/5-бес+тен екі+сі,3/8 –сегіз+ден үш+і,8,0 – сегіз бүтін нөл,екі жарым,бес жарты т.б. 

Қазбек би туралы сұрау

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 – 1765) – қазақ халқының 17 – 18 ғ-лардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қ. д. Қ-тің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. 

Қазбек бидің нақыл сөзі

-Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?

- Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алтын ұяң - отаның қымбат,

Құт берекең - атаң қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

 Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

ІV. Жаңа тақырып: Матрица арқылы көрсету


Сөз тапртары

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Сүреттер

Сөйлем мүшесі

Бастауыш

Пысықтауыш

Баяндауыш


Аңықтауыш

Толықтауыш


Пысықтауыш

мекені

Сұрақтар

Қашаннан? Неліктен?

Кім? Не?

Қанша? Қалай? Қашан? 

Қандай? Қай?

Қанша? Нешінші? Нешеу?

Не істеді? Не қылды? Қайтті?


  1. Есімдік. Есімдіктің түрлері.


Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6)болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөзжатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп:өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздықмағынаны білдіретін сөздер жатады.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кімдеген сөздер жатады.

Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы болғандықтан, көптеліп те,жіктеліп те, тәуелденіп те, септеліп те қолданылады.

  1. Лексикалық тақырыпты түсіндіру.

-ал енді қазір лексикалық тақырыпта кім туралы болатының білу үшін бейнебаян көреміз.

Бейнебаян «Әйтеке би»

1 . Сұрақ - жауап кезеңі.
- Қазақ елінің атақты билерін атайық?
- Ұлы жүзде - Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде - Әйтеке би, сондай - ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
- Билерге тән басты қасиеттерді ата?
- Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
- Билердің батырлығы неде?
- Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
- Билер кімдерге кеңесші болған?
- Билер хан - сұлтандарға кеңесші болған.
Жаңа сөздер:

Әр топқа мәтін тарату


І- топқа


Әйтеке би Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан.

1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Әйтеке би осы жарғыны шығаруға зор үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің барлық /жалпылау есімдігі/  ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.


ІІ- топқа


Әйтеке бидің шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Ол жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.

Ол /сілтеу есімдігі/  жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады.


ІІІ- топқа


Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл аулы.

- Өзің кімнің баласысың? – Бәйбектің баласымын

- Атың кім? - Қосуақ бидің үйі қайсы?

- Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы.

- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың айтқанын айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін аласын- деп, әлгі даулап барғандарды риза етіпті.
Сонда өлген баланың әкесі:

  • Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.

Өзің здік есімдігі/  кімнің баласысың?


Әр топ кесте бойынша мәлімет толтыру.



Төле би

Қазыбек би

Әйтеке би









Әйтеке бидің нақыл сөзі


Ашу деген - ағын су, 
Алдын ашсаң, арқырар. 
Ақыл деген - дария, 
Алдын тоссаң, тоқырар. 
Кісі бірге туыспау керек, 
Туысқан соң сөз қуыспау керек. 
Сөз қуған пәлеге жолығады. 
Жол қуған олжаға жолығады.



Сарқылмайтын суат жоқ, 
Тартылмайтын бұлақ жоқ. 
Құйрығы суда тұрса да, 
Уақтысы жеткенде, 
Қурамайтын құрақ жоқ. 
Дүние деген пәни бұл, 
Баласы жоқта мият жоқ, 
Бәрінен қиын сол екен, 
Артыңда жанған шырақ жоқ...



Тапсырмалар орындау

1. Мәтіннен есімдік түрлерін тауып, ажырату.

2. «Біліміңді сынап көр» ойыны


Берілген тапсырмаларды топпен орындайды.

1....оқушымын.2....дәрігерсің.3....-етікші.4...оқушымыз. 5.Топта ... студент бар? 6.Сен үйге .... келесің? 7.... ұстазсыз. 8.... адамдар. 9.Менің ... кітабым бар.10.... мектеп осы жерде орналасқан. 11.... атыңыз кім? 12.... дәрігерсіңдер. 13...., Айман келе жатыр. 14Менің айтқаным ... адам ғой.

Есімдіктер: ол,Мен, қашан, Біз, Олар, Сіздің, Әне, Сендер, Сіз, Сен, Мына, өз, неше

1 Мен оқушымын.2. Сен дәрігерсің.3.Ол- етікші.4 Біз оқушымыз. 5.Топта неше студент бар? 6.Сен үйге қашан келесің? 7.Сіз ұстазсыз. 8.Олар адамдар. 9.Менің өз кітабым бар.10Мына мектеп осы жерде орналасқан. 11Сіздің атыңыз кім? 12.Сендер дәрігерсіңдер. 13. Әне , Айман келе жатыр.14. Менің айтқаным осы адам ғой.


  1. Семантикалық карта


р/с

Мысалдар


жіктеу


сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

1

барлық








кейбіреу








олар








мыналар








өздері








ешқашан








сіздер








біздің








қайда








әлдеқашан








біреуге








ештеме








әне








қалай








тегіс








әрқашан








өзімнің









р/с

Мысалдар


жіктеу


сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

барлық







+

кейбіреу





+



олар

+







мыналар


+






өздері




+




ешқашан






+


сіздер

+







біздің







+

қайда



+





әлдеқашан



+





біреуге





+



ештеме






+


әне


+






қалай



+





тегіс







+

әрқашан



+





өзімнің




+





«Бұл да қызық» сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ.

1. Ханның аты

2.Айтыс ақыны

3.Септік аты

4.Ақын,батыр

5.Астық өсіруші

6.Ұлттық тағам

7.Септік аты

Е

С

І

М


С

А

Р

А


І

Л

І

К


М

А

Х

А

М

Б

Е

Т


Д

И

Қ

А

Н


І

Р

І

М

Ш

І

К


К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С











V. Бекіту: «Зымыран» арқылы

VІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмыстарын тексеріп бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасы: Ереже қайталау. Әйтеке би туралы мәлімет жинап нақыл сөзін жаттап келу.


Оқытушының қолы:








І- топқа



Әйтеке би Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан.

1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Әйтеке би осы жарғыны шығаруға зор үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің барлық ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.

























ІІ- топқа



Әйтеке бидің шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Ол жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.

Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.



























ІІІ- топқа



Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл аулы.

- Өзің кімнің баласысың? – Бәйбектің баласымын

- Атың кім? - Қосуақ бидің үйі қайсы?

- Анау қырдың астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы.

- Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Өздерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың айтқанын айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін аласын- деп, әлгі даулап барғандарды риза етіпті.
Сонда өлген баланың әкесі:

  • Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.















Әр топқа мәтін тарату

І- топқа


Әйтеке би Бәйбекұлы Кіші жүзді басқарған би.

Ол Төртқара руынан шыққан.

Әйтеке би Кіші жүз атынан кеңестің мүшесі болып сайланған.

1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды.

Әйтеке би осы жарғыны шығаруға зор үлес қосты.

Әйтеке бидің барлық /жалпылау есімдігі/  ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.


ІІ- топқа


Әйтеке бидің шешен болған. Ол жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады.

Ол алғаш Ұлықбек медресесінде білім алады.

Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды.

21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады.

Жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды.

Әйтеке бидің есіміне бұл күндері ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.

Ол /сілтеу есімдігі/  жеті жасынан бастап Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады.


ІІІ- топқа


Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі.

Сонда ол олардың сұрақтарына жауап береді.

Не себеппен келгендерін сұрайды.
Даулы болып келе жатқаның біліп, даудың шешуін алдын ала шешіп береді.

Қосуақ би де осы шешуді айтады

Сонда өлген баланың әкесі: Әйтеке баланың шешіміне таң калыпты.

Өзің /өздік есімдігі/  кімнің баласысың?








Семантикалық карта

р/с

Мысалдар


жіктеу


сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

1

барлық








2

кейбіреу








3

олар








4

мыналар








5

өздері








6

ешқашан








7

сіздер








8

біздің








9

қайда








10

әлдеқашан








11

біреуге








12

ештеме








13

әне








14

қалай








15

тегіс








16

әрқашан








17

өзімнің













Берілген тапсырмаларды топпен орындайды.


1....оқушымын.2....дәрігерсің.3....-етікші.4...оқушымыз. 5.Топта ... студент бар? 6.Сен үйге .... келесің? 7.... ұстазсыз. 8.... адамдар. 9.Менің ... кітабым бар.10.... мектеп осы жерде орналасқан. 11.... атыңыз кім? 12.... дәрігерсіңдер. 13...., Айман келе жатыр. 14Менің айтқаным ... адам ғой.



Есімдіктер: әне, ол, мен, біз, неше, олар, сіздің, сендер, қашан, сіз, сен, мына, өз,







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее