«Зима 2025»

Сабақ жоспары Мекен үстеуі

Сабақтың тақырыбы:Мекен үстеуі

1. Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, ой-пікірін қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.

3. Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа,елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың жоспары / План урока / Lesson plan № 70

Күні / Дата /Date

28.02.2018

Сынып / класс / Grade 6

Пән / Предмет / Subject

Қазақ тілі

Мұғалім / Учитель/ Teacher


Тақырыбы / Тема / Theme

Мекен үстеуі

Мақсаты/ Цель / Objective

1. Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз  табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу туралы түсінік беру, білімдерін қалыптастыру. 

2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, ой-пікірін қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.

3. Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа,елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер/ сабақтың түрі/ type of the lesson

Сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, ,Венн диаграммасы,ЕМЕН ағашы, «Балық аулау»,Сәйкестендіру тесті

Жаңа тақырыпты меңгерту.


Қолданылатын ресурстар/Применяемые ресурсы/Primenyaemye resources

маркерлер, тақта, стикерлер, суреттер

Кезең / Этап / Stage

Мұғалімнің іс-әрекеті / Действияучителя /Teacher’s activity

Оқушының іс-әрекеті / Действияучащегося / Student’s activity

Ұйымдастыру

Организационный

Organization


Психологиялық ахуал

2минут

Амандасу.Оқушыларды түгелдеу.

Қазақ тілі өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.


Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.


Оқушылар тақпақты айтады.

Үй жұмысын тексеру

Проверка д/з

Checking hometask


5-7 минут

Оқушылар берілген жаттығу жұмысын айтады,оқиды. Содан кейін сұрақтарға жауап береді.

«Көбелек аулау» өтілген тақырыптар бойынша көбелектерде жазылған сұрақтарға жауап беру. Қай оқушы қанша көбелек құтқаратынына байланысты ұпай сандары беріледі.Бағалау парағына белгілеп отырады.

Оқушылар дайындап келген тапсырмаларын көрсетеді.Көбелектерді аулап ондағы сұрақтарға толы, жауап береді.

Мағынаны тану


2 минут

«Кім тапқыр» ойыны

.... бәрі қашады, (күндіз)

.... аспанды басады (түнде)

Жауабы: жұлдыз,звезды, стар (star)

.... тұрдым, (ерте)

Алып ұрдым.

Жауабы: есік, дверь, дур (door)

.... үй сыпырма, .... тырнағыңды алма. (түнде)

Балалар бұл сөздер қай үстеуге жатады. (Мезгіл үстеуіне)

Оқушылар көп нүктенің орнына сөздерді қояды, қай үстеу екенін анықтайды.

Жаңа сабақ/

Новая тема/

Presentation





12 минут



Балалар мынау қай ауданда орналасқан, қандай ескерткіш деп ойлайсыңдар?

Әрине, біздің өңіріміз,Қарабалық ауданындағы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған және Отан тәуелсіздігін қорғаған батырлар құрметіне ескерткіш орнатылған. Қарабалықта ондай ескерткіштер болған жоқ. Үлкен тұғыр және мәнерлердің айбатты түрі арқасында Қарабалық кентінің жанынан өтіп жатқандарға айтарлықтай.   Сәулет композициясы тартылған қаражаттарға салынды. Оны мүсінші Ертуған Шаймағамбетов құрды.

-Өз жеріміз,туған өлкеміз болғандықтан мұнда біраз аялдап, демалып,ертегі тыңдап,жаңа сабақпен танысайық.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, қазақ тілі жерінде, морфология елінде “Сөз табы” деген асыл қария өмір сүріпті. Оның дүниені дүркіреткен тоғыз ұлы болыпты. Күндердің күнінде қазақ тілі жерін, басқыншылар жаулап алып, олардың өсіп өркендеуіне көп кедергі келтіріпті. Бірақ қайсар ұлдар ғасырға жуық уақыттан кейін қайта өрлеп , өз тәуелсіздігін алған екен. Сол “Сөз табы” деген асыл қарияның жаңа түлеген ұрпақтары сіздердің алдарыңызда.

1.Зат есім 5. Етістік 9.Одағай

2.Сын есім 6. Үстеу

3.Сан есім 7.Еліктеу

4.Есімдік 8. Шылау

Балалар, сонымен біз “Сөз табы” деген асыл қарияның алтыншы ұлы Үстеуге келіп тұрмыз. Бұл үстеу де өзінше өсіп –өніп келеді.

Үстеудің жеті баласы бар екен. Олар: Мезгіл, Мекен, Сын-қимыл, Мөлшер, Күшейткіш, Мақсат, Себеп-салдар.


Бүгін балалр біз үстеудің екінші ұлы мекен үстеуімен танысамыз.



Оқушылар жаңа тақырыпқа көшу үшін сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

Аймақтық компонент бойынша мәлімет алады.Үстеудің мағыналық түрі мекен үстеумен танысады.

Кітаппен жұмыс

5 минут

279-жаттығуды орындау.Мекен үстеулерді тауып сұрақтар қою,тіркескен етістігін табу. Алыста шағылысады,сыртында білдіргендей,төмен тұр.

Оқулықтағы тапсырманы орындайды.Мекен үстеулерді тіркескен етістігімен табады,сұрақ қояды.

Ой сергіту.

2 минут

Мына суреттерге қарап мекен үстеулерге мысалдар келтіріңдер


Оқушылар слайдда көрсетілген суреттерге мекен үстеулерге мысалдар келтіреді

Дәттермен жұмыс

Жазылым

2 миунт

Терме диктант
Мезгіл үстеу ------------------

Мекен үстеу ---------------
( Далада, кеше, алда, артта, былтыр, жолда, биыл, кеше, үйден, іштен, бүрсігүні,таңертең,жолшыбай,әрлі-берлі

Жазылым тапсырмасын орындайды.

Сәйкестендіру тесті. 

2минут

Алға                                    жылжыды.

Төмен                                 қалып қойды.

Жоғары жүгіріп кетті.

Артта                                  көтерілді.

Ілгері                                  қарай жүді.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Бекіту

Обобщение и систематизация

Production



3 минут

Венн диаграммасы


Оқушылар Венн диаграммасын құрайды.

Мекен үстеуі мен мезгіл үстеуін салыстыру мақсатында құрайды.

Үй тапсырмасы

Домашнее задание

Hometask

Ережені жаттау,280-жаттығу

Оқушылар күнделікке жазып алады.

Сабақты қорыту, бағалау

Подведение итогов, оценивание

Assessment

Бағалау парағы бойынша оқушылардың қойған балдарын санап,бағалау.

Бағалау парағын қарау,бағалау


Рефлексия /Рефлексия/

Reflection

ЕМЕН ағашын толтыру

ЕМЕН ағашын толтыру оқушылар өздерін ағаштың қай жерінде көреді сол адамның суретін бояйды.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее