«Зима 2025»

Сабақ жоспары менің бөлмем

сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем

Сабақтың мақсаты

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Пән: қазақ тілі

Сынып: 3 «А,Б»

Мерзімі: 29.09

Мұғалімі: Умбетиярова А. М.

Сабақтың тақырыбы:

Менің бөлмем

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өз бөлмесі туралы шағын мәтін құрауға жетелей отырып, сөздік қорларын молайту. Грамматикалық білімдерін дамыту, бекіту.

Сабақтың құндылығы:

Өзі қолданатын заттарды сипаттау арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың материалдарды толығымен меңгере отырып, күнделікті өмірді пайдалана алуы.

Міндеттер:

- оқушыларға материалдарды меңгеруге көмек көрсету;

- сөздік қорларын тиімді пайдалануға жағдай жасау;

-өз ойларын жеткізе білуге, қағазға сауатты түсіруге көмек көрсету;

 

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Психиологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін «Жүректен жүрекке» тренингісін өткізеді.

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрап, бір –біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушыларды топқа бөлу

-         «Сиқырлы сандық» ұсынылады.

-Оқушылар «Сиқырлы сандықтан» қалаған суреттерін алып, үш топқа бөлініп отырады (қонақ бөлме, жатын бөлме, ас бөлме).

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта берілген ойтолғауларын тексеру, сұрақ қою.

«Менің қиялымдағы үйім» атты суреттерін көрсете отыра, оның ерекшелігін айтады.

Қызығушылығын ояту

Интерактивті тақтадан балалар бөлмесі көрсетіледі.

-         Мынау қандай бөлме?

-         Сендерде өз бөлмелерің бар ма?

-         Онда қандай заттар бар?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Жаңа сабақ

Жаңа сөздермен жұмыс.

-Әр топқа плакат пен сурет қималары таратылады.

- Жаңа сөздерді интерактивті тақтадан көрсету.

 

 

Айтылым әрекеті.

-Берілген сөздермен ауызша сөз тіркесін құрату.

-Сөз тіркесінен сөйлем құрау.

Жазылым әрекеті.

-Әр топқа мәтіндерді үлестіру. Тапсырмаларын түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

- оқушылар плакатқа өз топтың атауына қатысты сурет қиындыларын тауып, желіммен жапыстырады.

-Топпен ортаға шығып қорғап, жаңа сөздермен таныстырады.

 

 

Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрау.

 

 

 

І топ.Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіннен тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді көшіріп жазу,оқу.

ІІ топ.Мәтінді оқи отыра, орыс тілінен енген сөздерді аударып, сауатты көшіріп жазу.

ІІІ топ.Мәтінді мәнерлеп оқып, асты сызылған сөздердің түбірі мен жалғауын анықтау.

 

Сергіту сәті

«Молекула» ойынын ойнату.

Сыныптағы белсенді оқушы сандарды айтып тұрады. Ал қалған оқушылар сол сан бойынша жұптасады.

Ойтолғаныс

-«Аквариум» тәсілі бойынша «Бөлме» тақырыбында топтарға диалог құрғызу.

Топтардағы оқушылар бірігіп  диалог құрап, ортаға шығып айтады.

Бекіту

«Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушыларға «Бөлме» сөзін топтастыру. (3мин)

«Бөлме» сөзіне жылдам топтастыру жасау.

Бағалау

Формативті бағалау. «Кім жүйрік?» ойыны ойнатылады.

Топтар тақырыпқа сай өздерінің естерінде қалған сөздерді айтады.

Үйге тапсырма

«Менің бөлмем» атты тақырыпқа эссе жазу

Рефлексия

Оқушыларға парақшалар таратылып беріліп, өз ойларын сурет арқылы бейнелейді.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее