«Зима 2025»

Шәкен Айманов туралы қызықты деректер.

Шәкен Айманов туралы деректер. Өте қызықты.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Шәкен Айманов

Қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов туралы қызықты деректер оқи отырыңыздар:

1. Азан шақырып қойған есімі – Шаһкерім.

2. 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

3. Әкесі Кенжетай мен туған жездесі, теңдессіз әнші Қали Байжановтан тәрбие ала отырып, ол өзінің әртістік дарынын ерте байқатады.

4. 1932-33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды.

5. Киноға 1938 жылдан бастап түседі.

6. 1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді.

7. Театрдағы алғашқы рөлін Погодиннің "Менің досым" пьесасында ойнады.

8. Қазақ театрында 40-тан астам жаңа бейне жасап, 15-тей спектакль қояды.

9. Ол 1938 жылы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі «Амангелді» фильміне алғаш рет түседі. Бұл картинада ол эпизодтық рөл ойнайды.

10. 1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады.

11. 1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.

12. 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді.

13. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.

14. 1970 жылы 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан көз жұмады. Д.Қонаевтың араласуымен денесі Алматы қаласына жеткізіліп, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев сияқты көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері жерленген орталық зиратқа жерленеді.

15. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Шәкен Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр бар.

16. Ш.Айманов көзi тiрiсiнде Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолы» эпопеясы бойынша көп сериялы көркемфильм түсiрудi ойластырыпты. Ш.Аймановқа жақын жүрген адамдардың айтуына сенсек, «төрт сериялы етiп түсiрудi жобалап жүрушi едi...» дейдi.

17. «Мұхтар Әуезовтiң Шәкен Аймановпен бiр түн, таң аппақ болып атқанша сырласқанына куәмiн» – дейдi Шахан Мусин.

18. Шәкен жары Хадишаға 1938 жылы үйленген. Олардың Мұрат, Мәди есімді ұлдары болады. Бірақ Мәди ерте қайтыс болып кетеді. Майра Шәкеннің туған қызы емес. Жары Хадишаның Шәкенге дейін басқа бір күйеуі болған. Ол репрессияға ұшырайды. Кейін Шәкенді кездестіріп, соған тұрмысқа шығады. Дәл осы бір сұрақты бүгін көбірек есіттім ғой.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее