«Зима 2025»

"Шалқан ертегісі "

Меің мамандығым тәрбиеші.Мен өз мамандығымды жақсы көремін.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

«Шалқан» ертегісі

Мақсаты:

Балаларға ертегіні рөлдерге бөліп ойнатудың мағынасын түсіндіру. Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді, сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар:

үй, қорған, шалқан, су құйғыш т. б

Автор:
Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей тіптен үйден де дәу болып өсіпті. Атай шалқанды жерден жұлып алмақ болып, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып жұла алмайды. Атай әжесін шақырады.
Атасы:
- Кемпірім, кемпірім келші маған шалқанды жұлуға көмектесші, - дейді.
Автор: Кемпірі көмекке келеді. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Екеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да әжей немересін шақырады.
Әжей:
- Қызым, қызым бері келші, бізге шалқанды тартысып жіберші.
Автор: - дейді. Немересі көмекке келеді. Немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Үшеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да немересі күшігін шақырады.
Немересі:
- Күшігім, күшігім бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Күшік көмекке келеді. Күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Төртеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да күшік мысығын шақырады.
Күшік:
- Мысығым, мысығым бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Мысық көмекке келеді. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Бесеуі ары тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды да мысық тышқанды шақырады.
Мысық:
- Тышқан, тышқан бері келші бізге шалқанды жұлуға көмектесші.
Автор: - дейді. Тышқан көмекке келеді. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің көйлегінің етегінен ұстайды, немересі әжесінің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Барлығы бірігіп шалқанды ары тартады, бері тартады да шалқанды жұлып алады.
Сөйтіп барлығы үй ішімен шалқанды жұлып алып мәре – сәре болады.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее