«Зима 2025»

Шығарма "Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл"

Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл

Мен Петропавл қаласындағы оқу орыс тілінде жүретін мектептің 11 сынып оқушысы, Маратбеков Даниярмын. Осы мектепте 8 ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Олар: қазақ, орыс, татар, әзірбайжан, өзбек, армян, украин, неміс балалары. Оларды біріктіретін бір ғана тілек, бір ғана мақсат- достық пен білім, Қазақстанға деген махаббат. Оқушылар орыс және ана тілдерінде ғана сөйлеп қоймайды, мемлекеттік тіл- қазақ тілінде де сөйлеуге тырысады.

Тіл – барлық құндылықтың негізі. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін сақтай білуіне тікелей байланысты. Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де.»,- деген сөзін ұмытпаған жөн. Кез келген ұлт өз ана тілінің қоғамдағы рөлін анықтап білмей, оның мәртебесін көтеруі мүмкін емес. Өзін елінің патриотымын деп санайтын азамат, ең алдымен, туған елінің тілін білуге тиіс. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде». Қазіргі таңда қазақ тілінің қолдану аясының кеңеюіне, қоғамдағы рөлінің артуына бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі көп. Бір қуантарлық жағдай – теледидардағы ұлттық арналарымыздың қазақ тілінде хабар таратуы.

Бүгінгі таңда тілді үйрену- ынта мен қабілетті, талап пен табандылықты өте қажет етеді. Қазақта тілі жоқ халықты- «Тұл» деп атаған ғой. Сол себепті, әрбір азамат баласы, өзінің туылған күнінен бастап, ана сүтімен бірге тілін де бойына сіңіре білуі тиіс.

20 ғасырдың ұлы жемісі- қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туының желбіреуі.Ата- бабаларымыз армандаған тәуелсіздік туына қол жеткіздік. Ана тіліміздің абыройы, мәртебесі жыл өткен сайын арта түсуде. Ендігі мақсатымыз тек қана – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.

Еліміз Тәуелсіз алғаннан кейін бәріміз де қазақ тілі дамиды, гүлдейді деп бөркімізді аспанға лақтырып қуандық. Қазақ тілі – «Мемлекеттік тіл» деп жарияланды.

Осының айғағы ретінде мектебімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында әр түрлі іс- шаралар жиі аталып өтіп, мемлекеттік тілде - қазақ тілінде өлеңдер шырқалып, тақпақ, жұмбақтар мен жаңылтпаштар айтылып тұрады. Дегенмен де, әлі де болса ақсап жатқан жерлеріміз бар екенін айтып кеткенім жөн. Оған мысал келтірсем, көшедегі жазуларды көргенде немесе дүкендердің атауларын қарасақ, міндетті түрде қателерін көруге болады.осындайларды көргенде жаның ауырады.

Қазіргі кезде жастардың көпшілігі ана тілін толық және дұрыс біле қоймайды.Осыған мысал ретінде қазақ ұлтты өз сыныптасым, қазақша дұрыс түсінбейді. Тіпті оған қарағанда өзге ұлттың балалары жақсы түсініп, өз мүмкіндігінше жауап бере алады. Бұл жерден біз өзге ұлт балаларының болашағын ойлағанын байқауымызға болады. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерді қояды.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай, тек қана тілімізді ұмытпасақ болғаны.

Тіл- адамзаттың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіліміз болмаса сөзіміз болмайды. Сөзіміз болмаса адамзаттың тірлігінде мән- маңыз болмайтыны бәрімізге белгілі жағдай. Сондықтан адамзаттың өмірінде тілдің, сөздің орны ерекше. Барлық адамзаттың жаны- тілі деп айтуға болады. Өйткені тілі құрыса, адамзат та жер бетінен жоғалады.

Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдегені анық. Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін білмеуден, қастерлемеуден туады. Тілі мен дінінен айырылған ондай адамдар рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, кім- көрінгеннің қолжаулығына айналады десек те болады.

Туған тіл- біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз. Басқа тілді білу- әрине, мақтаныш. Сөйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды. Сондықтан біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлтқа үлгі- өнеге етіп көрсетуіміз керек. Ол- тіліңді, әдебиетіңді, мәдениетіңді көркейтіп өсіру деген ұғым. Тілді үйрену- өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт қасиетін, мінезін, жан- дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармасақ болды. Ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық!Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерден желбіреп тұратыны анық. Тілсіз білім жоқ, ал білім- өмірдің шырағы.

Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір осынау шағын ұжым №5 орта мектепті басқарып отырған Ельцова Ирина Борисовна : «Үш тілді меңгеру- біздің міндетіміз екенін ұмытпайық»,- деп отырады. Менің тілім - менің мақтанышым екенін өздеріңізбен бөлісіп, «Мәртебең өсе берсін, қазақ тілім!» дегім келеді. Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл арқылы ғана жасайды.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл

Мен Петропавл қаласындағы оқу орыс тілінде жүретін мектептің 11 сынып оқушысы, Маратбеков Даниярмын. Осы мектепте 8 ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Олар: қазақ, орыс, татар, әзірбайжан, өзбек, армян, украин, неміс балалары. Оларды біріктіретін бір ғана тілек, бір ғана мақсат- достық пен білім, Қазақстанға деген махаббат. Оқушылар орыс және ана тілдерінде ғана сөйлеп қоймайды , мемлекеттік тіл- қазақ тілінде де сөйлеуге тырысады.

Тіл – барлық құндылықтың негізі. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін сақтай білуіне тікелей байланысты. Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де ...»,- деген сөзін ұмытпаған жөн. Кез келген ұлт өз ана тілінің қоғамдағы рөлін анықтап білмей, оның мәртебесін көтеруі мүмкін емес. Өзін елінің патриотымын деп санайтын азамат, ең алдымен, туған елінің тілін білуге тиіс. Елбасымыз айтқандай , «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде». Қазіргі таңда қазақ тілінің қолдану аясының кеңеюіне , қоғамдағы рөлінің артуына бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі көп. Бір қуантарлық жағдай – теледидардағы ұлттық арналарымыздың қазақ тілінде хабар таратуы.

Бүгінгі таңда тілді үйрену- ынта мен қабілетті, талап пен табандылықты өте қажет етеді. Қазақта тілі жоқ халықты- «Тұл» деп атаған ғой. Сол себепті , әрбір азамат баласы, өзінің туылған күнінен бастап, ана сүтімен бірге тілін де бойына сіңіре білуі тиіс.

20 ғасырдың ұлы жемісі- қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туының желбіреуі.Ата- бабаларымыз армандаған тәуелсіздік туына қол жеткіздік. Ана тіліміздің абыройы , мәртебесі жыл өткен сайын арта түсуде. Ендігі мақсатымыз тек қана – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.

Еліміз Тәуелсіз алғаннан кейін бәріміз де қазақ тілі дамиды, гүлдейді деп бөркімізді аспанға лақтырып қуандық. Қазақ тілі – «Мемлекеттік тіл» деп жарияланды.

Осының айғағы ретінде мектебімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында әр түрлі іс- шаралар жиі аталып өтіп, мемлекеттік тілде - қазақ тілінде өлеңдер шырқалып, тақпақ, жұмбақтар мен жаңылтпаштар айтылып тұрады. Дегенмен де, әлі де болса ақсап жатқан жерлеріміз бар екенін айтып кеткенім жөн. Оған мысал келтірсем, көшедегі жазуларды көргенде немесе дүкендердің атауларын қарасақ, міндетті түрде қателерін көруге болады.осындайларды көргенде жаның ауырады.

Қазіргі кезде жастардың көпшілігі ана тілін толық және дұрыс біле қоймайды.Осыған мысал ретінде қазақ ұлтты өз сыныптасым, қазақша дұрыс түсінбейді. Тіпті оған қарағанда өзге ұлттың балалары жақсы түсініп, өз мүмкіндігінше жауап бере алады. Бұл жерден біз өзге ұлт балаларының болашағын ойлағанын байқауымызға болады. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерді қояды.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабамызды , тарихымызды ұмыту»- деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай, тек қана тілімізді ұмытпасақ болғаны.

Тіл- адамзаттың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіліміз болмаса сөзіміз болмайды. Сөзіміз болмаса адамзаттың тірлігінде мән- маңыз болмайтыны бәрімізге белгілі жағдай. Сондықтан адамзаттың өмірінде тілдің, сөздің орны ерекше. Барлық адамзаттың жаны- тілі деп айтуға болады. Өйткені тілі құрыса , адамзат та жер бетінен жоғалады.

Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдегені анық. Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін білмеуден, қастерлемеуден туады. Тілі мен дінінен айырылған ондай адамдар рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, кім- көрінгеннің қолжаулығына айналады десек те болады.

Туған тіл- біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз. Басқа тілді білу- әрине , мақтаныш. Сөйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды. Сондықтан біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлтқа үлгі- өнеге етіп көрсетуіміз керек. Ол- тіліңді, әдебиетіңді, мәдениетіңді көркейтіп өсіру деген ұғым. Тілді үйрену- өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт қасиетін, мінезін, жан- дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармасақ болды. Ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық!Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерден желбіреп тұратыны анық. Тілсіз білім жоқ, ал білім- өмірдің шырағы.

Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір осынау шағын ұжым №5 орта мектепті басқарып отырған Ельцова Ирина Борисовна : «Үш тілді меңгеру- біздің міндетіміз екенін ұмытпайық»,- деп отырады. Менің тілім - менің мақтанышым екенін өздеріңізбен бөлісіп, «Мәртебең өсе берсін, қазақ тілім!» дегім келеді. Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл арқылы ғана жасайды.

















































Петропавл қаласы №5 орта мектебі











Шығарма

Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл























Орындаған: 11 «а» сынып оқушысы

Маратбеков Данияр



2015- 2016 оқу жылы



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее