«Зима 2025»

Сценарий мероприятия "Наурыз -думан"

Білімділік — оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету;

Дамытушылық - оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету;

Тәрбиелік — мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той кұтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

«Наурыз –Думан» мерекесінің сценарийі

Мақсаты: 

Білімділік — оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету; 

Дамытушылық - оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; 

Тәрбиелік — мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы. 
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той кұтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! 

Жүргізуші:  

Уа, жарандар, жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

Ата менен анаң бар

Үлкен-кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар!

Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті , киелі саналған.

Оқушы: Осы күні жаратыпты тәңірім

Жер ана мен тылсым дүние тірлігін.

Тамылжыған табиғатта тербелген,

Жаратыпты адамзатты киелі сана ойменен.

Мына жаңа дүниені көркейтіп.

Ұрпағымен бақытты ғұмыр күн кеш деп.


жүргізуші:

Открыта дверь для всех гостей —
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!


жүргізуші:

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

Жарапазан айтатын __________________ келеді:



Оқушы:

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Оқушы:

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?



жүргізуші: Наурыз өте ертеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отыр. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз - күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-інен 22-сіне  ауысқан түнде болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Бұл түні даланы Қызыр аралайды.

   Наурыз- жыл басы. Парсы тілінен аударғанда “Нау”- жаңа, “Руз”- күн деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады.



жүргізуші: Біздің арамызға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз “Қызыр баба”  мен « Күн» де келіпті.



Оқушы:  Қызыр баба (ортаға шығады).

                     Оу, аман ба жарандар,

                     Алтын таңға қараңдар.

                    Ерте жайнап атты таң,

                    Естіліп тұр шаттық ән.

                    Жұрағатым қуанып

                    Рахатын тапты жан.

                    Келе жатыр жылымыз

                    Мейрамдаймыз мұны біз.

                    Жас балаша нұрланып

                    Жадырайды күніміз.

                    Күннің жаңа нұры бар,

                    Мұның ғажап сыры бар.

                    Халық сүйген мейрам бұл,

                    Қарсы алайық тұрыңдар!

( музыка естіледі)

Оқушы  Күн ( ортаға шығады)

                     Сәлем ата-аналар,

                     Айналайын балалар!

                     Қызыр баба аман ба,

                     Жаса жайлы заманда.

                     Уақыт үдеп келдім мен

                     Бақыт тілеп адамға.

                     Қудым жерден суықты

                     Қырдан салқын бу ықты.

                     Құтты болсын мерекең,

                     Наурыз айы туыпты.

                     Әне, Наурыз келеді.

                     Ән салып, билеп береді.



( Би орындалады). Наурыз келеді.

Оқушы Наурыз

                     Сәлем, анам, алтын күн.

                     Сәлем, қарты халқымның

                     Уақытыма ризамын

                     Бақытыма шалқыдым.



жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар.

                        Бәрің бері қараңдар.

                        Наурыз айға бас иіп

                        Күнге сәлем беріңдер.

жүргізуші: 22- наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше, күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

Көрініс. Күн: (1) Сәулесі мол күнмін

               Түн: (1) Жұлдызы мол түнмін

               Екеуі: (1) Бірдей болып біздер

                                Теңелеміз бүгін.

               Түн: (2) Ал, ертең күн ұзақ

               Күн: (2) Түн қысқарар бірақ.

               Екеуі: (2) Ұйқы қанбай қалып,

                                Жүрмеңдер тек жылап.



Қызыр баба: Балаларым, ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал, маған айтатындарың бар ма? Мені күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын.



жүргізуші:  Ата, мына жиылған көпшілікке бір тілегіңізді айтып кетсеңіз екен.



Қызыр баба: Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайын.

                       Жарқыра, жайна, Наурызым.

                       Қабағы жаудың қиылсын,

                       Береке- байлық дәм тұзың

                       Халқыма мәңгі бұйырсын.



жүргізуші: Ата, “Батамен ел көгерер,

                                 Жаңбырмен жер көгерер”

деген халқымыз, ал енді сіз де балаларға аз батаңызды берсеңіз.



Қызыр баба: Келісемін балам мен де батамды берейін.

                       Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

                       Қайда барсаң жол болсын

                       Ұлыс бақты болсын

                       Төрт түлік ақты болсын

                       Ұлыс береке берсін

                       Бәле-жала жерге енсін.

                       Мал қосылсын малыңа

                       Бас қосылсын басыңа.

                       Кетпесін  дәулет қасыңнан.

                       Әумин!

Сау болыңдар, келесі кездескенше! (кетіп қалады).



Сәлемдесу рәсімі

Оқушы: Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)

                 Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)

                 Армысың, Табиғат Анамыз (Басын иеді)

                 Келді сізге өзіңіздің балаңыз. ( Өздерін көрсетеді)



жүргізуші:  Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бір-бірін көріп, білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту- парыз.



жүргізуші: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, ендеше тамашалайық.

( Ортаға екі оқушы шығады)



Оқушы: Ассалаумағалейкум!

                 “Мен адаммын.

                 Адамдығымды білдіремін.

                 Алланың нұры жаусын!”

                 Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!



Оқушы: Уағалейкумассалам!

                “Мен де адаммын.

                 Адамдығымды білдіремін.

                 Сізге де Алланың нұры жаусын”

                 Ұлыс береке берсін,  пәле жала жерге енсін.

Оқушы:

Сүт көп, көмір аз.

Жаңа жыл жарылқа ,

Ескі жыл есірке, — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып , «қабақ  сынды , қайғы кетті  деп ырым жасаған


Оқушы:

«Жалғыз шала сәуле  болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі деп осы түні екі шырақ жағылған.


Оқушы: 

 С ярким солнцем и долгожданным теплом на нашу землю пришел праздник Наурыз мейрамы Весенний день «Ұлыстың ұлы күні» символизирует очищение от всего плохого в мыслях, делах и поступках по отношению к нашей семье, школе, городу и в целом к Родине.

Слово Наурыз с персидского означает «нау — новый», «рыз» — день. В эту ночь готовили Наурыз — көже, наводили чистоту в доме, и ждали гостей.


Оқушы: 

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


Жүргізуші

Ей, жараңдар, жараңдар!

Біздің жаққа қараңдар.

Еліме Наурыз келді деп,

Той дабылын қағыңдар!

Той шашуын шашайық,

Наурыз тойын ашайық.

Мектебімізді жаңғыртып

Әсем әнге басайық!




Ән аяқтала берген кезде есік қағып, өңі алау-далау алқынып бір бала кіреді. Басында кепеш, үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында қазақы шоқайма етік. 

Тазша бала: Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?! Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын! 

Оқушы: Айтсын. Рахмет тілегіңе. Бірақ сені танымай тұрмыз. "Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл" деген бар, құрдас. Атыңды айт. 

Тазша бала: Айналайын-ай! Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаңыз — жетесіз, Шешемді сұрасаңыз — некесіз.

Туа салған бір баламын, Тегімді сұрап нетесіз? - деген екен. Сол айтқандай, түптеп келсек бәріне таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шындап жата алмай жеткенім ғой бұл. Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім. 

Оқушы: Оу, Тазша бала, сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз? 

Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан жалғыз мен ғана емес екенмін. Асаларына таянып үш абыз емпендеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар. 

Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би есікті ашып кіріп келеді. 

Оқушы: Уа, халайық! Өздеріңізбен жүздесуге ақ баталарын беріп, өнегелі өсиеттерін айту үшін XVIII ғасырда ел басына күн туып, етігімен су кешкен заманда халықтың бірлігі мен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз тауып айтқан Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ айтқан Әйтеке би келіп тұр. Бабаларымыздан ұрпақтарына ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет сұрайық. 

Төле би: 

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

Атың жақсы болса -

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса -

Жан мен тәннің шырағы... 

Қазыбек би: 

Тату болса - ағайын жақын,

Ақылшы болса - апайың жақын,

Бауырмал болса — інің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын — қарындасың. 

Әйтеке би: 

Ашу бар жерде акыл тұрмайды.

Ашу деген — ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген — дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады. 


Наурыз- думан.



жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар.

                       Бәрің бері қараңдар.

                       Наурыз- думан басталды.

                       Бір сәт құлақ салыңдар.

                       Ұштасқан оймен мәңгілік

                        Біздерде бар сан ғұрып,

                        Ғасырлардан ғасырға

                        Келе жатқан жаңғырып 

                        Жауқазындай Наурыздың

                        Жарапазан жыры бар

                        Ұлттың ойын, өнерін

                        Тамашалап көріңдер.

Жүргізушілер

  1. Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)

  2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр баба)

3.Не себепті осы түні қос шырақ  жағылады?

«Жалғыз шала сәуле  болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі).

  1. Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.

  2. Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).

  3. «Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)

  4. « Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).

  5. Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.

  6. Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?

( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім  екі қолым  аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.

  1. Отпен алыстау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен  аластап, тазалайды.

  2. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған  сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .

  3. « Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың белгісі .

  4. « Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.( Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше  болады деген  ұғым бар.)

  5. Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.

  6. Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.

  7. Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай  қыраулап  жауған жұқа қар .

  8. Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .

  9. Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .

  10. Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі  жылдың  дәміне берілетін арнаулы бата .

  11. «Самалық» деген не? (Самалық – самал деген мағынаны білдіреді.) Наурыз күні даланы Қызыр баба аралап , Самарқанның көк тасын ерітеді деген адамдар самалық айтады.

Самалық, самалық ,

Қан тауының  көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Самалық , самалық,

Самарқанның  көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

  1. « Қабақ сындыру» дегенді қалай түсінесің?

Сүт көп , көмір аз.

Жаңа жыл жарылқа ,

Ескі жыл есірке, — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып , «қабақ  сынды , қайғы кетті  деп ырым жасаған .

  1. Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.

  2. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін  көрейік деген ырымға байланысты.

  3. Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.

  4. Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)

                        

  1. « Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым  нені білдіреді ? (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)

  2. Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .

  3. Бастаңғы – Шесесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады.

  4. Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан  аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін  ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің  көзі  болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.

  5. Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже  сүйінші сұратып жас балалар   мен келіндерін жан-жаққа жібереді.



Әдеби тақпақтарды ырымдау.

Оқушы: Наурыз тойың, наурыз тойың

                 Құтты болсын халайық

                 Күй төгілсін, күй төгілсін

                 Шырқап әнге салайық.



Оқушы: Құтты болсын Наурыз той

                 Құлпырып тұр қыр мен ой

                 Күн мен түн теңелді,

                 Жер шуаққа кенелді.



Оқушы: Малдар төлдеп қой қоздап,

                 Сүттен бұлақ ағызған.

                 Жаңа жылдың сипаты

                 Молшылыққа аңыз боп

                 Басталыпты Наурыздан.



Оқушы: Ата салтым асыл мұра, аруағым,

                 Бабалардың жалғастырар арманын

                 Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,

                 Өткенімді бүгінгімен жалғадым.



Оқушы: Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,

                 Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

                  Салт- дәстүрді ардақтайық ағайын,

                  Қазақ атты үлкен-кіші балдырған!



жүргізуші: Наурыз тойына жиналған халайық!

                       Ойын- тойымызды жалғастырайық.

                       Той- тойға ұлассын!

                       Бүгінгі салт- дәстүрімізді жаңғыртып,

                       Көсегеміз көгерген күн.



жүргізуші: Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбилеік мәні зор, астарлы. Қазақтың салт- дістүрімен қатар ұлттық ойындары да бар. Қане кім атайды?“Қыз қуу”, “Арқан тарту”, “Көкпар”, “Қол күрес”, “Ханталапай”, т.б.

(Ханталапай ойынын ойнату


Жүргізуші: Сүт Наурыз, айран Наурыз, сайран Наурыз,

Коңыржай қарт көңілді қайран Наурыз.

Сән берген кең өлкеме өзің ғана,

Әр келген қадамыңды мейрамдармыз.

Құт Наурыз, кұда Наурыз, ана Наурыз,

Сен балғын, біз сенен балалаумыз.

Әр үйден көже ішеді, о, қызық-ай,

Дәу ана, дәу балалар және дәу қыз.


жүргізуші:Ақ мол болсын !

жүргізуші:Ұлыс оң болсын !

жүргізуші:Ұлыс бақты болсын !

жүргізуші:Әр күніміз жақсы болсын !

жүргізуші:Достығымыз берік болсын !

жүргізуші:Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!


Наураз көжеге шақыру: ата аналар тарапынан -Гүлнар


Он ата

І.Әке 6. Немене

2. Бала 7. Туажат 
3. Немере 8. Жегжат

4. Шөбере 9. Жұрағат

5. Шөпшек 10. Жамағат 

Үш мақсат

Жол мақсаты - жету.

Дау мақсаты - біту.

Сауда мақсаты — ұту.


Қазақтың қолкүрес ойыны ойналады. 

Үш арсыз

Ұйқы арсыз.

Күлкі арсыз.

Тамақ арсыз.


Қонақ түрі

Арнайы қонақ.

Құдайы қонақ,

Қыдырма қонақ.

Қылғыма қонақ. 
Бес байлық

Әуелгі байлық — денсаулық.

Екінші байлық- еркіндік.

Үшінші байлық - тіл байлық,

Төртінші байлық - қайрат-күш, ақ жаулық,

Бесінші байлық,— балаңыз.


Наурыз тойы
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.


Жаңа жыл


Қош келдің жаңа жылым қазағыма

Қайранмын дүниенін ғажабына

Көнбеген бейнетімен азабына

Қош келдің жаңа жылым қазағыма


Белім бекен буған елім

Бақ дәулетке тунған елім

Құтты болсың – 2р

Жаңа жылым туған елім.


Қош келдің жаңа жылым бағымызға

Қайранмын дүниенін ғажабына

Жыл келді той тойлауға арамызға

Қош келдің жаңа жылым бағымызға


Қош келдің жаңа жылым даламызға

Үміті сәуле бердің жанымызға

Жыл келді той тойлауға арамызға

Қош келдің жаңа жылым даламызға




























«Панфилов атындағы орта мектеп» КММ




Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры директордың ТІЖО


___________ Ю.И.Болгамбаев __________ З.А.Шынгожанова














«Наурыз –Думан» мерекесінің сценарийі











Сынып жетекшілер:

Алирахимова А.С.

Суттикожанова С.А.








Қоғалы -2016-17 оқу жылы


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее