Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
1.Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпалету;
2. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс- жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:Армысыздар, мейірімді ата – аналар!Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Табиғат күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылқ, берекеәкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап сары түске боялады,екіншіден, алтын байлықтың белгісі.Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Алтын күз»мерекемізді,әсем әнмен бастаймыз.
«Алтын күз» әні балалардың орындауында.
Келді міне қоңыр куздің самалы,
Бұлттар төніп күн суытты шамалы.
Қайырмасы
Келді міне алтын күз,
Келді міне жарқын күз,
Байлығы мен мерекелі берекелі.
Алтын кузім мерекелі болады,
Қамба біткен ақ бидайға толады.
Қайырмасы
Келді міне алтын күз
Келді міне жарқын күз
Байлығы мен мерекелі берекелі.
Жүргизуш:жарайсыңдар балалар,енді кезекті тақпақтарга береміз
Талант:
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Үміт:
Күздің қазан айында,
Алма,алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр,сыбдыр етеді.
Әділет:
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік,ойнайық.
Жанна:
Ағаштарда жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой,алақай,тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Жүргизуші:
Жарайсыңдар балалар,ал енді сендерге жұмбақ жасырайын:
Жиын терін болатын,
Қамба астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)
Дұрыс айтасыңдар балалар.Ал бүгін біз қандай мерекені тойлап отырк?(Күз)
Күз мезгілінде өзгерістер болады?
Жүргізуші:
Келші келші алтын күз,
Келші келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші алтын күз.
Күз ханшайымы:
Сәлем өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қызығыма қараңдар,
Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Кел күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Балалар:
Сәлем,сәлем Алдтын күз,
Жаны жомарт жарқын күз.
Жүргізуші:
Қош келдің,Алтын күз!Өзіңмен бірге кұт береке мол байлық,ырыс ала келгеніңе бізде қуаныштымыз.Енді балалардың өзің туралы тақпақтары да,әні де,биі де бар соларды тамашала кел төрлет Алтын күз.
Қыздардың орындауында «Жапырақтар»биін тамашалаймыз.
Жарайсыңдар қыздар орнымызға отырамыз.
Кезекті тақпақтарға береміз.
Айдос:
Таза жездей жайнаған,
Сары бояу айналам.
Енді сары бояумен,
Күз суретін саламын.
Жания:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Қанат:
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Амин:
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Мөлдір:
Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Қуаныш:
Қоңыр салқын тарады,
Қойнаулар мен сайлардан.
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Аяжан:
Жемісін мол теретін,
Күз дос екен бизбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Бекнұр:
Алтын түске боялды,
Тау мен дала,түз.
КЕлдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар.Ал кезекті «Вальс»биіне береміз.
Күз ханшайымы:Ойын
Балалар менің сіздермен ойын ойнағым келіп отыр.Ол ойын көкөністер мен жеміс-жидектер деп аталады.
Жүргізуші:Тақпақтарға кезек берейік
Нұрлыбек:
Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Қарақат:
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ерасыл:
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Қуандық:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге түсіп үлгермей.
Мадина:
Қыркүйек келіп күз келіп,
Шопан көшті күздеуге.
Мектепке бет түзедік,
Гүл құшақтап біздер де.
Рамазан:
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі күз.
Жер қызығын қияалмай,
Маужырап тұр сары күз.
Майра:
Қойма толды астыққа,
Келді міне алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап қап қауын алдық біз.
Күз ханшайымы:
Рахмет балалар сендердің өнерлерің маған ұнады.Келесі жыл амандықта жүздескенше қош сау болыңдар балалар.
Жүргізуші:
Күз сағанда рахмет.Қош сау бол.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз»атты мерекеміз өз мәресіне келіп жетті.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.
Общеобразовательная средняя школа №12
Открытый урок
Тема урока: «Число и цифра 10.»
Выполнила:Кушимова.С.Б
Класс: 0 «Д»
Дата:19.04.2018г
2017 – 2018 год
Мақсаты:
1.Балаларды жолда жүру ережесимен таныстыру.
2.Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.Жаяу
жүргінши мен көліктің байланыс қатынасын білдіру.
3.Балаларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Кошеде жүру ережесін
түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйрету.
Көрнекілік:Карточка,жол белгілері,машина,бағдаршам,плакатқа жазылған ескерту сөздер.
Әдіс-тәсілдер:Жұмбақ,тақпақтар,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар,қонақтар!Бүгін біздің ұйымдастырылған «Жол тәртібін білейік,Аман есен жүрейік»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол ережесін білмей тұрып.
-Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді.Жол тәртібін бұзба,ол қатер тудырады.Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп,доп қуалайтыны,шаңғы тебетіні,жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініпқазатауып,кейбірлері жарақат алады.Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде,жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар:-Үлгілі,тәртіпті бала.
-Балалар жол ережелерін сақтау үшін бізде көптеген жол белгілері бар,олар бізге көмек береді.
-Бүгін бізде қонаққа бағдаршам келді,қазір балалар мен сендерді бағдаршаммен таныстырайын,және ол туралы әңгімелесейік,мен сендерге бағдаршам туралы тақпақты айтып берейін
Қызыл көзін ашқанда,
Сынақ сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін,жасқанба!
Қызыл түсі-Тоқта!
Сары түсі-Сақтан!
Жасыл түсі-Жол ашық!-деп білдіреді.
-Енді балалар біз ең керекті жол белгілерімен таныстырайық.
Балалар белгілерді көрсету,олпрдың мағынасын түсіндіру.
Жұмбақты шешу:
1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен.
(Милиционер)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.
(Автобус)
3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып,алысқа жеткізген.
(Жол)
4.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы,балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
(Жол)
5.Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(Бағдаршам)
Сұрақтар:
Бағдаршам дегеніміз не?Адам үшін оның маңызы қандай?
Бағдаршамда қандай түстер бар?
Қандай жол белгілерін білесіңдер?
Көліктер қайда жүреді?
Бағдаршамда түстер не білдіреді?
-Кім жол ережесі туралы тақпақтарды біледі?
1 оқушы:
Жыламасын,аналар,
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар,
Сақ жүріңдер,көшеде.
2 оқушы:
Жолға шықсаң далаға,
Жол оңай деп санама.
Ережені әрқашан,
Қатаң ұста санаңда.
3 оқушы:
Қызыл,сары,жасыл,
Бір өзінде үш от.
Қызыл жанса,тоқта!
Жасыл жанса,тез өт!
4 оқушы:
Менің атым-бағдаршам,
Бар әдемі үш көзім.
Алдамаймын,аңсарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.
Ойын «Бағдаршам»
Ойын шарты:
1.Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2.Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3.Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Қорытынды:
-Ал балалар бүгін біз жол тәртібімен таныстық,жол ережелерін бұзбау керек,жолда абай болуымыз керек,жолда ойнамаймыз,жүгірмейміз.Жол ережелерін сақтасақ,сонда аман есен өмір сүреміз.
Жыламасын,аналар,
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар,
Сақ жүріңдер,көшеде.
Жолға шықсаң далаға,
Жол оңай деп санама.
Ережені әрқашан,
Қатаң ұста санаңда.
Қызыл,сары,жасыл,
Бір өзінде үш от.
Қызыл жанса,тоқта!
Жасыл жанса,тез өт!
Менің атым-бағдаршам,
Бар әдемі үш көзім.
Алдамаймын,аңсарсаң,
Ақылдымын тіпті
№12 орта мектеп
Дайындаған:Дүйсехан З.Ю
Сыныбы: 0 «Г»
Уақыты: 16.11.2018ж
2017 – 2018 оқу жылы
Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар:Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата-аналар, ұстаздар.
Жүргізуші:Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады жаңа жылдық шырша той. Ән де бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады жаңа жылдық шырша той! Шырша тойына келген балғындарды қарсы алайық!
Жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар:Жаңа жыл!
Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Нұрмағамбетов Нұртас ағайға береміз.
Жүргізуші:Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық.
Ән:Аппақ, аппақ жапалақтап.
Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар:Шырша!
Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншқтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Үміт:Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел, Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Әділет:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағыгған.
Аяжан:Жылдың әсем бұл шағы,
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Қуаныш:Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші:Жарайсыңдар,қандай жақсы тақпақтар бәрекелді, қараңдар, балалар шыршаның астында бірдеңе тұр. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар сыйлықты ашып көрейік
Клоун:Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен. Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы.
Аяз ата:Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Ән:Жаңа жыл. Орындайтын:сынып оқушылары.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әідемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар:Аяз ата, Ақшақар.
Жүрізуші:Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аяз ата. Аяз ата.
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар!
Аяз Ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар, Балаларым балғыным,
Күнтізбеде жалғыз ғана бір парақ Өмір гүлі шалғыным.
Дайындалдым жыл бойы, Тілегенім жыл бойы
Жолға шығар келді уақыт. Сендердің денсаулығың.
Шақырымды жүздеген, Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарың құтты
Басып өту мен үшін, болсын! Жолда басқа балалаларға кіріп, сыйлықтарын
Жаңа жылдың түнінде. беріп, сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын ғой.
Жасыл шырша түбінде,
Кездесем деп сендермен
Таратсам егер сыйлықтар
Одан асқан не сый бар,
Қуаныш сыйлау балаға.
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жүргізуші:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Аяз ата бізге көмектесесіз бе?
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.
Шырша жарқырайды.
Би:Шырша биі.
Аяз ата:Қандай тамаша!Шыршамызда әр түрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді.Балалар сонда менің қарша қызым қайда жүр екен. Ол әлі бізге келмеді ма? Кім тауып береді екен маған?
Талант:Келді міне, жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.
Әлия:Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Қуандық:Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Құттықтаймыз сіздерді.
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш.
Құттықтаймыз сіздерді.
Майра:Тамаша, тамаша,
Шышамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Бекнұр:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жания:Әкелсін жыл, ырыс құт,
Әлемде болсын тыныштық.
Ән салайық тамаша
Би билейік жаңаша.
Айдос:Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы,
Аяз шымшып даланы
Ақ құшағын жаяды.
Мөлдір:Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Қарақат:Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Аяз ата:Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам тақпақ айтқан балаларға сыйлықтарын берейік.
Жүргізуші:Аяз ата, мен де жұмбақтап жіберсем қайтеді?!
Ертегідей орманнан,
Көктей өтіп келеді,
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар:Ақшақар!
Жүргізуші: Міне, балалар бізге қонаққа Ақшақарда келді.
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Орманды көктей жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша. Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз ата қасына мен де еріп келемін.
Сендердей балғын достарға
Иіліп сәлем беремін.- Мен шырша тойына келе жатыр едім. Аяқ астынан қатты жел соғып, аздап адасып қалдым.
Аяз ата:Бәрекелді, балалар!Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Ақшақар екеуміз сіздерге Жаңа жылды ала келдік.
Жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алмай тұрып, ескі жылмен қоштасайық.
Тауық жылы:Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жыл қадам болсын
Гүлденіп, көркейе бер Қазақстан.
Келесі жыл бастауын итке берем.
Тауық:Мен тағы бір қонақпын,
Он екі жылда оралар.
Үлкендерге ақ ниет,
Сіздерге де ақ ниет
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, қой, қош бол.
Ит:Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба?! Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттім бе?
Ақшақар:Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерге
Мен бастайын ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап беріңдер!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр...
Балалар:Жаңа жыл!
Ақшақар:Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге...
Балалар:Аяз ата!
Ақшақар:Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ...
Балалар:Әдемі!
Ақшақар:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын ...
Балалар:Жаңа жыл (3 рет)
Ақшақар:Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл:Кім десеңдер,мен жаңа жылмын..Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.
Жақсы жыл бол жаңа жыл.
Жаңа жылдық би: Аяз ата би.
Ит:Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Аяз ата:Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін. Ал, енді біз келместен бұрын кішкентай балғындар бізге не әзірледі екен, соны көрейік.
Ернұр:Жаңа жылым мол болсын,
Басқа қадаммол болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Бізбен бірге жайдары
Аяз ата жайнайды,
Жарқырайды шыршамыз
Ән айтамыз баршамыз.
Нұрбақыт:Көрдің бе, Аяз атаны
Аппақ екен шапаны
Аппаққ екен мұрты да
Аппақ екен сақалы.
Жанна:Жаңа жылмен,жаңа жылмен,
Құттықтаймыз бәрінде.
Әкемізді,анамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Жүргізуші:Ал, енді балалар біз сендермен ойын ойнап жіберейік.
«Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?». Ойыншы: «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады.
Амин:Басталды қызық тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Ортамызға келсе еді.
Ақшақар:Уа, жарандар, қараңдар,
Қызықтаңдар, санаңдар.
Келді бізге қонаққа
Ормандағы бар аңдар.
Мадина:Әкелсін жыл ырыс-құт,
Әлемде той тыныштық
Ән салайық тамаша
Би билейік жаңаша.
Ақшақар: Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Өтіп кеткен Қой жылымызға аман-есен саулық тілеп,келер жылымыз мешін жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар:Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі.Шырша да әсем безендірілген екен.Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Аяз ата:Бәрекелді балалар!Шыршамыз жарқырап айналаға қуаныш сыйлауда.Шырша тойының құрметіне ән айтып, тақпақ айтып,би билейік.
Нұрлыбек:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Ерасыл:Келді тағы жаңа- жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймын сіздерді.
Рамазан:Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып,қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Клоун:Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Аяз ата:Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін алыс жерден шаршап келкелгенде бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?!
Ақшақар:Әрине қандай сүйкімді балғындар.
Аяз ата:Жаңа жылда бақыт, мол болсын,
Уайым-қайғың жоқ болсын,
Ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын! Әумин.
Жүргізуші:Міне, біздің мереке аяқталуға таяп қалды. Кәне, балалар ортаға шығыңдар.
Барлығы:Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз ата:Ақылды, өнерлі болыңдар. Ал, Ақшақар қызым, біз жолға шығайық.
Ақшақар:Кездескенше, балалар!
Аяз ата:Сау болыңдар, қарақтарым!
Балалар:Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Осымен жаңажылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!
Тақырыбы: «Ана – өмір гүлі»
Мақсаты:Білімділік:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәнері, ой-жүйріктерін дамыту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: даналық сөздер жазылған плакаттар, тақта
Жүргізуші: - Қош, келдіңіздер, ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – өмір гүлі» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан – деп келесі кезекте хор.
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Келесі кезекте балалардың тақпақтары.
1-оқушы:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
2-оқушы:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын
3-оқушы:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
4-оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
5-оқушы:
Ана деген – асыл жандар, болаттай
Ана десең - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл, Ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
6-оқушы:
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
7 – оқушы:
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
8- оқушы:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
9-оқушы:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
10-оқушы:
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Жүргізуші: «Өнер — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» деп келесі кезекте ән шашу:Көктем келді.
«Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.- деп ортаға бишілерімізді шақырамыз.
Би «Гүлдер»
Жүргізуші: Аналар – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек.
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен,
Алғысқа бөлене бер деп тілейді біздің жүрек!
Келесі кезекте хор «Анажаным»
Жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар! – деп келесі кезекте би.
Би: «ХА-ФА-НА-НА»
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
Жүргізуші: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға
әнші баламызды шақырамыз.
Ән шашу:Сағындым әже.
Жүргізуші:Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарымызға деген сыйлықтарын тапсырады
Тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, «отбасы ағашы», оқушылардың шығармалары
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
-Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрып, сабағымызды мына өлең жолдарымен бастасақ.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Қайырлы күн, қонақтар,
Біз әдепті баламыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
-Ал, балалар, сабағымызға сәттілік тілеймін.
2.-Сендер топқа бөліндіңдер. Топта жұмыс істеудің «Алтын ережесін» еске түсірейік. Топтарыңның аты «Айым», «Күнім», «Жаным» деп неліктен аталған деп ойлайсыңдар? Бұл сөздерді кімдер айтады?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда отбасы туралы сөз қозғаймыз.
«Топтастыру» стратегиясы.
І топ. Айым. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ топ. Күнім. Отбасына қатысты туыстық атауларды жаз.
ІІІ топ. Жаным. Отбасындағы жарасым бірін-бірі сыйлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты екен. Онда осы жарасымды күшейтетін «Отбасы ережесін» құрыңдар.
«Айым болып тудың ба?» әні орындалып тұрады. Топ жұмысын қорғайды.
Мұғалімнің сөзі:
Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз.
ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен Томириске тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.)
Мақал – мәтелдің жалғасын тап.
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Ұлың – қымбат,
Немерең – ыстық.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Балалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар,
Қызы бар үйде шуақ бар.
Поэзия минуты.
Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел –отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті.
Балалардың отбасы туралы жыр шумақтарын оқуы.
-Қандай жыр жолдарын арнағыларың келеді? «Ана» өлеңі
Ана – аяулы жан. Ана – сабырлылығымен, кешірімділігімен, сыпайылығымен үй ішіне береке әкеліп, шаңырақ бақытын орнататын адам.
«Әке» өлеңі
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
«Әке – асқар тау» деген сөз тектен-текке айтылмаған. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасымның тарихы» тақырыбындағы шығармаларын оқу.
-Балалар, мен сендерге үйге тапсырма берген болатынмын. Шығарма жазып келдіңдер. Солардан оқып берсем.
Ойын: «Біз екеуміз бірге…»
Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Оқушыларға арналған жағдайларды талдау:
Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған
ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?
Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап
өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой.»– деп кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?
«Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру.
Бауырласқан жанымыз
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар.
Қорытынды.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын діңгегі.
Топтарға қошемет көрсету.
Тақырыбы:Отан үшін от кешкендер.
Сабақтың мақсаты: 1.Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі өнеге тұту.
2.Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
3. Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақта Жеңіс күніне лайықталып безендірілген. Мәңгі алаудың макеті, мақал-мәтелдер.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті қонақтар, балалар.« Ерлік – елге мұра» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі тұтамыз.
1-оқушы: Жеңіс... осы құдіретті сөзді миллиондаған адамдар 4 жыл бойы күтті. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан халқымыз, осынау заманның қымбатқа түскенін жақсы білді.
2-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
3-оқушы:
Отанымызға қатерлі күн туды
Отанымызды қорғау үшін еліміздің
Көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
4- оқушы:
Мен қазақпын жаралған сүйек еттен
Менде ар бар, менде ой бар жан тербеткен
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен –
деп батыр Бауыржан жазғандай Отанымызды қорғауға бүкіл еліміздің ұл-қыздары аттанды.
5-оқушы:
Қаһарлы күндер өтті арпалыста,
Құныққан қан құмарлар қанша қысса.
Мызғымай болат қорған армиямыз,
Бір адым бастырмады алты ай қыста.
6-оқушы:
Тойтарып анталаған жаудың бетін,
Көрсеткен батырлықтың құдіретін.
28 батырын туған елі,
Ардақтап мәңгі жасар құрметін.
7-оқушы:
Жанындай сүйген халықты,
Ерлерді мәңгі даңқты-
Өнеге тұтып өсеміз
Әлия, Мәншүк, Мәлікті
8-оқушы: «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен өмір кешті.
9- оқушы: Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
10- оқушы:
Қырда тау ойда бұлақ жылап жатты,
Күніреніп қанталаған күн де батты.
Бас жарған нәзік гүлге үкім айтып,
Сұм соғыс, рахымы жоқ оғын атты.
Мұғалім: Соғыс біткелі неше жыл болды?
Ашық аспан астында, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. (Шаңырақ жасай отырып, топқа бөлінейік)
топтың аты «Бейбітшілік», 2-топтың аты «Жеңіс» болады. Әр топ өзінің топ басшысын сайлап алсын.
Соғыс... Ол совет адамдарына қаншама қайғы-қасірет әкелді. Барлық жерде қираған құрылыс, аштық орын алды. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі совет адамдарының ерлігі нағыз ерлік еді. «Соғыс» деген сөздің мағанасын ашып, топтық жұмыс жүргіземіз.
Оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
«Тарихи деректер»
1-оқушы. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те фашистік Германия Совет одағына соғыс ашты.
2-оқушы. Елімізге бас салған жау күшті, әрі қатал болды. Фашист басқыншылары өз солдаттарымен Кеңес адамдарын мейірімсіздікпен қыруды талап етті. Олар жауынгерлерді, қарттарды, балаларды өлтірді, халықты аяусыз азаптады. Олардың өткен жерлерінде адамдардың өлігі, өртенген үйлер, ауылдар қалды. Осы соғыста Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсетті.
3-оқушы. Бұл соғысқа Қазақстандықтардан 1 миллион 196 мың 164 адам соғысқа аттанды.
4-оқушы. 500-ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың 98- і қазақ.
5-оқушы. Кейбірінің есімін атап кетейік.Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова.
6-оқушы. Москва қаласын ерлікпен қорғаған 28 панфиловшыларды, жау тылындағы жас гвардияшыларды, мыңдаған батырларды мақтанышпен еске аламыз.
7-оқушы. Ел басына күн туғанда біздің туған жерден Катонқарағай өңірінен 3500-дей адам майданға аттанып, 1902 сарбаз майдан даласынан елге оралмады.
«Қатардағы жауынгер» әнін тыңдаңыздар.
1944 жылдың 22 ақпанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. II-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Бейбіт еңбекте Ленин орденін кеудесіне тақты.
Соғыстан кейінгі жылдарда Алматы қаласында тұрып 1966 жылы 7 желтоқсанда дүниеден озды. Қазіргі кезде Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылындағы бір көше батыр жерлесіміздің атымен аталады.
Біздің сыныбымыздың оқушысы Тошантаев Мәдиді ортаға шақырамыз.
Менің атам Құрманов Тошантай 1920 жылғы. Монғолиямен шекаралас Тошанты деген жерде дүниеге келген. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 1941- 1945 жылдарда соғыста болды.
Украинаның Щипила елді мекенін азат етуде взвод командирі қаза табады, сонда атам взводты өз қолына алып, үлкен ерлік көрсетті. 2- рет жараланып 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталып старшина атағын алады. 1946 жылы елге оралады. Үшбұлақ ауылында ауылдық кеңесте председатель болады. Атам мен апам 3-баласын өсіріп жеткізді. Балаларынан 4 –немере, 2-шөбере көрді. Атам 1983 жылы қайтыс болды.
Осы күнде мені көрген ата-апалар, «сенің атаң еңбекқор болған, сен оның ұрпағысың»- деп айтады. Отан үшін, ел үшін от кешкен, еңбек еткен атамды мақтан тұтамын.
Бақыттымыз, біз соғысты кермедік.
Сыныбымыздың қыздарының орындауында «Катюша» биі»
Біздің сыныбымыздың оқушысы Уалханова Шынарды ортаға шақырамыз.
Мен, Ұлы Отан соғысының ардагері болған Камчинов Нұрахмет атаға зерттеу жұмысын жүргіздім.
Нұрахмет ата 1923 жылы қараша айының 7-сінде «Чернова» ауылында дүниеге келіпті. Осы ауылда латынша 5 класты бітірді. 1939 жылы Пахомов атындағы колхозға жұмысқа кірді. 1942 жылы соғысқа шақыртты. Сталинград қаласында 2 ай дайындықта болып, сол қала түбінде шайқасқа қатысты.
Соғыстан туған ауылына оралып, колхозда жұмыс істеді. 1957 жылы жұмыста үздік шыққаны үшін Нұрахмет атаны « Бүкілодақтық ауылшаруашылық» көрмеге қатысуға Москва қаласына жіберді. Сонымен қатар, мал басын дұрыс сақтап қарағаны үшін мақтау қағазымен марапаттады.
1957 жылдан атауы өзгерген «Чернова» совхозында жұмыс істеді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. 1984 жылы көп жылғы еңбегі үшін «Еңбек Ардагері» медалімен марапаттады. Көптеген мерекелік медальдармен марапатталды. 1997 жылы 22 қаңтарда Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталды. 2004 жылы Жеңістің 60 жылдығы медалімен марапатталды.
Жанұясында 8 баланы тәрбиелеп, өсірді. 2005 жылы қайтыс болды.
8-оқушы:
Ел басына күн туған сол бір жылдарда, біздің ауылдан Базарбаев Қалиқан, Жұмағұлов Қадөш, Жаманбаев Ақтайлақ, Караваев Сергей Васильевич, Қамшынов Нұрахмет,Құрманов Тошантай, Қабабаев Мұқтари, Құлшынов Қазыбек, Немков Михаил Иванович,Шегіров Абдолда т.б кеудесін оқ пен отқа төсеп елін жаудан қорғады. (слайд көрсету)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Сол жолда бір ғана біздің Қатонқарағай өңірінен қолына қару алып,майданға аттанған азаматтардың жартысына жуығы елге оралмады.Олардың көпшілігінің қай жерде,қалай қаза тапқандарын біз әлі толық білмейміз.
1-оқушы: 1941-1945 жылдардағы аса ірі жауынгерлік операциялар мен шабуылдардың барлығына қатысып, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын желбіретуде өлшеусіз үлес қосты.
2-оқушы: Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті.
3-оқушы: Туған жеріміз Катонқарағайдан кеткен 226 жерлесіміз Отанымыздың жоғарғы наградаларына ие болды.
4-оқушы: Аса ерлік көрсеткен, жауынгерлік ордендерімен марапатталған 12 Катонқарағайлықтар 1945 жылдың маусым айының 10-шы жұлдызы күні Москвада өткен Жеңіс парадына қатысты.
Мұғалім: Ұлы Отан Соғысына Катонқарағайдан кеткен 1902 боздағымыз кескілескен қырғын, алапат айқаста мерт болып, сағынышпен күткен ата-анасына, жан жарына, бала-шағасына қайта оралмады. Олардың есімдері Ұлы Жеңістің шежіресіне алтын әріппен жазылды.
(Соғыстан оралмаған азаматтар тізімі оқылады. 1 минут үнсіздік. Сахнада жасалған мәңгілік алауға оқушылар гүл шоқтарын қойды)
5-оқушы:
Арылтып жерден жауымды,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күн?
(9-мамыр хормен)
6-оқушы:
Кептерлер шалқып, ұшып
Мәре – сәре, мәз – мейрам,
Отанымыз той – тойлап,
Десеңдер бұл қай күн?
(9-мамыр хормен)
Мұғалім: Соғыс жылдарында ауылда қалған ақсақалдар мен әйелдер буыны бекіп бұғанасы қатпаған жас өспірімдер егін егіп, мал бағып майдан даласына азық-түлік, киім-кешек жөнелтіп тұрды. Катонқарағайлықтардың 280 адамы 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан Соғысы кезіндегі тылдағы ерлік еңбегі үшін медальдармен марапатталды.
(Тылдағы еңбек көрінісін бейнелеу)
Мұғалім: Жеңіске сеніммен қарап, аянбай еңбек еткен, балалық шағын соғыс үзген бүгінгі ақ шашты қарияларды жеңістің жарқын мерекесімен құттықтаймыз.
(Тыл ардагеріне сөз беріледі)
7-оқушы:
Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт келер мұхит, не бір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естіліп,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.
«Ақ көгершін» әні
8-оқушы:
«Бейбітшілік» нұрына
Дүние жүзі сенеді,
Соғыс өртін өшіріп,
Бейбітшілік жеңеді
«Отан» әні (оқушылар хормен орындайды)
Біздің тілек: (оқушылар өз тілектерін жазады)
Мұғалім: Ұлы Жеңістің бақыты мен қуанышын сыйлап,ел мен жер үшін аямай қан мен тер төккен асылдарымыздың өмірі бізге үлгі.Олардың ерлігі мен істері біздің есімізден мәңгі шықпайды.Ұрпақтан-ұрпаққа өшпес мұра болып қалады.
«Бейбітшілік туы берік қолда» әнін оқушылар хормен айтады.
Сабақтың тақырыбы:«Бейбітшілік ел ұраны.»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі:Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.
Сабақтың барысы:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар!
Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған салтанатты кешімізге қонаққа келген ұлттармен таныс болайық.
ІІ жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Ендеше бірінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарымызды ортаға шақырамыз. Корей ұлты, Орыс ұлты, Қытай ұлты, Өзбек ұлты, Түрік ұлты, Қазақ ұлтықарсы алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 6 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
ІІ жүргізуші:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.
І жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы – дей келе біз екінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезең бойынша әр ұлт құттықтау тілектерін айтады.
ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы - дей отырып, үшінші кезеңімізді бастаймыз. Үшінші кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді. Келесі кезекті корей ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! –дей отырып біз төртінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттардың сән үлгілерін тамашалаймыз.
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып біз бесінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарды ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.
І жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей отырып алтыншы кезеңімізді бастаймыз. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Ол тағамның аты, қалай жасалғандығын және қандай көкеністерден дайындалатынын айтып өту керек.
ІІ жүргізуші:
Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін №21 орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Умирбекова Мереуерт апайға және әділ-қазылар алқасына беріледі.
І жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Осымен бүгінгі мерекелік кешімізі аяқтаймыз. Қош сау болыңыздыр!