«Осень 2024»

Тәрбие тағылымы

Бала тәрбиесіне бағытталған материал камтылды

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие тал бесіктен


Баланы дүниеге әкелуді жоспарлап, оның алдағы өміріне деген мақсат-мұраттарды қоятын ата-аналарды көп кездестіре бермейміз. Неге дейсіз бе? Әрине, өмірде бәрін біліп, жоспарлау мүмкін емес. Дегенмен, ата-ананың перзентті өмірге әкелудегі басты себебі өзі жетпеген шыңды баласының бағындыруы немесе табиғат заңдылығына сүйеніп, өз ұрпағы арқылы өмір жалғастыру болып табылады. Әр баланың қуанышына бар ықыласымен шаттанатын, сәтсіздігіне перзентінен бетер күйінетін де, әрине, ата-ана. Қасиетті кітаптарда да ата-анасының разылығын алып, ықыласына бөлене алмаған баланың құны бақыр тиын екені айтылған. Демек, өзін өмірге алып келген, ауырғанда жан ұшыра шырылдаған, «сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деген аяулы жандарды біздің сыйламауға хақымыз жоқ. Бірақ, кезінде дұрыс отырғызылмаған жас шыбыққа қанша амал жасасаң да өзгермейтіні сияқты, баланы да дүниеге келісімен бар айтқан еркелігін, қылығын «балалыққа» салсақ, меніңше, біз керісінше тәрбие берудеміз. Бұл дүниеде барлығының тек адал еңбекпен келсе ғана өнетінін, жалған сөйлемесең ғана бар ісінің зейнетін көретінін айтып және айтумен ғана шектелмей, өз ісіңмен дәлелдей білсең ғана бала нағыз қуанышыңа айналары хақ. Ақыл айту оңай екені де рас, бірақ, жалпы айналаға, мынау қабаттасып, арпалысып жатқан заманда сәл ғана кідіріс жасап, қарасақ, не байқаймыз? Ойлаңызшы, біріміз өзгені «бақытсыздығымызға» кінәлап жүргенімізді байқасақ, екінші біріміз салғырттыққа салынып, бар кінә толған арқанды мойнымызға іле саламыз, келесіміз тіпті не болып жатқанын да байқамауымыз мүмкін. Бірді бастап, екіншіге ауысып кеткен жоқ па деген сауалыңыз болса ол заңдылық. Менің айтайын дегенім жас өскелеңнің тәрбиесіне жалғыз ата-ана емес, біз қоғам, жауаптымыз. БАҚ да жарияланатын ашық тақырыптағы әңгімелер, ғаламтордағы бассыздық, үйдегі, қоғамдық жердегі толып жатқан сұмпайылық, анайылық бұның бәрі кері тәрбие. Біз қарап тұрсақ, мән бермейміз, байқамаймыз, бірақ, үйдегі отағасының отанасын балағаттап, ұрып соққанын көрген бала, ағасының жұмыссыздықтан араққа салынып, мына жалғаннан баз кешкенін көрген бала, көптеген өз қолымызбен жасап жатқан әділетсіздікті көріп, өскен бала болашақта қандай жол торабына түсері айдан анық. Оқып отырған кейбір жеңгелеріміз менің балам ақылды, сабақты беске оқиды, маған қатысы жоқ деуі де мүмкін. Әрине, бүкіл өскелең сұмдық, тәрбиесіз деуден аулақпын. Ата анасын қуантып, үлкен жетістікке жеткен бала қаншама. Бірақ, сіз олардан байқайсыз ба, кәдімгі қарапайымдылық, бір таза шынайылық көруіміз сирек.

Неге? Бәлкім, кезінде көрсек те көрмегендей болған жалғандықты өзіміз өсіріп жүрген болармыз. Кезінде қытай елінің данасы Конфуций: « Егер де адамда шынайылықтан тәрбие басым болса, адам жабайыға айналады, ал егер тәрбиені шынайылық жеңсе, онда ол жай адам болады. Тек шынайылық пен тәрбие тең дәрежеде болған жағдайда ғана толыққанды адам қалыптасты деуге болады» деген екен. Сөзімізді сабақтасақ, тәрбиені бердім деу аз, өмірде шынайылықты артық санайтын, көзге тура қараудан қашпайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Ең бастысы, біз өзіміз балаларымызға айна екенімізді ұмытпағанымыз жөн.

Мақбал Жусанбаева

40 А.Қыраубаева атындағы

орта мектеп мұғалімі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее