«Зима 2025»

"Тәуелсіз елім-тірегім" кеші

16-желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шараның жоспары

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Тәуелсіз» елім-тірегім»

1-жүргізуші: Оқиға 16 желтоқсан күні бейбіт шеру ретінде Жаңа (Брежнев) алаңында басталған. 17 желтоқсан күні шерушілердің саны 20 мыңға дейін көбейіп, кейінен көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа айналды. Ресми деректер бойынша оқиға барысында екі адам қайтыс болған, бейресми деректер бойынша – 174 адам қайтыс болған.

Желтоқсан оқиғасының құрбандары Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтардың қатарында жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлт батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып кетті.

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-жүргізуші Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші:Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Сол жанын қиған жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

2-жүргізуші Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға. Атыңнан айналайын егенмен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер! – дей келе оқушыларымыздың Тәуелсіздік күніне арнаған жыр – шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Біздің мектебімізді де 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына куә болған азаматшаларымыз бар. Азаматшаларымызды ортаға шақырып, осы кісілермен ой бөлісейік. Мектебіміздің директоры Сарсенбаева Камила Аманбайқызы, Сыздықбаева Шәмшия Құрманбекқызы, Тілемісова Маргарита Кубайдоллақызын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші 16 - желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады. «Желтоқсан желі» әнін бәріміз бірге шырқайық. видео

12-жүргізуші 6 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні баршамызға құт береке алып келсін! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!!! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік.

1-жүргізуші: Келесі кезекте мың бұрала билеген қыздларымыздың орындауында қазақ биі қабыл алыңыздыр!

2-жүргізуші Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Тек алға» орындайтын: Марат Майра, Алмас Күнсұлу

1-жүргізуші: Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты. Келесі кезекте «Қуыршақ» биі.

2-жүргізуші Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Самға» орындайтын: Марат Майра , Тұрлыбек Аяулым

1-жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. Келесі кезекте көрініс «Абақты»

2-жүргізуші Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін. Ән: «Астана» орындайтын: Азнабай Фариза, Алмас Күнсұлу

1-жүргізуші: Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында. Келесі кезекте «Индия » биі.

2-жүргізуші Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын:

1-жүргізуші: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл. Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын : Айдар Берік

2-жүргізуші Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

1-жүргізуші: Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім!» атты кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее