«Весна — лето 2024»

"Табиғат аясына саяхат"

Данная разработка является коррекционным занятием с детьми старшего дошкольного возраста с высоким уровнем тревожности. Целью занятия

  1. повышение самооценки ребенка;
  2. обучение ребенка способам снятия мышечного и эмоционального напряжения;
  3. отработка навыков владения собой в ситуациях, травмирующих ребенка
Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Тақырыбы:  Табиғат аясына саяхат

Мақсаты: Балалардың ішкі күйзелісін түсіру арқылы психоэмоционалдық жағдайдын жайландыру. Өзіне деген сенімділігін, позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: саяхат картасы, ватманнан жасалған кеме, команданың ұраны

Сабақтың барысы

1. Сәлем беру рәсімі «Жүрек жылуы»

Психолог: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңберге тұрып, әдеттегідей сәлем беру рәсімін жасайық.

«Мен саған жүрегімнің жылуын сыйлаймын»

Психолог: Тамаша. Ал менің берік батырларым, тағы да қош келдіңдер. Мен сендерді мына біздің кеменің үстінде көріп тұрғаныма қуаныштымын

Біздің ұранымызды еске түсірейікші.

Біз «Батырдан» батырлармыз,

Таласпаймыз, ұрыспаймыз.

Көмек керек болса егер,

Әрқашанда біргеміз, бірігеміз бәріміз!

Балалар, біз бүгін төртінші рет саяхатқа шығамыз. Өткен сабақта біз қай жаққа сапарға шықтық, есімізге түсірейікші. Менің қолымда саяхат картасы, қалай ойлайсыңдар біз бүгін қай жаққа саяхатқа барамыз? .... Дұрыс айтасыңдар!

2. «Кеме мен жел»

Мақсаты: Жұмысқа әрекет жасауға ынталандыру.

Жүзіп келе жатқан кемеміз жел болмағандықтан бір орында тоқтап тұр. Табиғат аясына жету үшін кеме желкенің ауаға толтырып алып, алға қарай жылжиық. Ол үшін желкенді қалай ауаға толтыратынымызды есімізге түсірейік. Ауаны ішке жинап алып, екі ұртты ауаға толтырып, барлық күшімізбен үрлейміз. (осылайша үш рет қайталаймыз)

Психолог: Тамаша! Міне, көрдіңдер ме? Кемеміз орынан жылжып, алға жүзіп бара жатыр. Сиқырлы көздерімізді жұмып, кеменің үстінде отырғанымызды елестетейік. Кемеден құлап қалмау үшін , қолдарымыздан мықтап ұстайық. (Осы кезде әуен- 30-40 сек.). Балалар, біз жағаға жеттік. Көзімізді ашайық, кемеден түсіп менің солымнан еріңдер.

Психолог: (балалардың назарын тақтаға аударады) Балалар, бүгін сендерді сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын. Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі, табиғат қандай көркем (музыка)

3. “ Соқпақ ” ойыны

Балалар, біз өзімізді сиқырлы орманның ішінде жүрміз деп елестетіп көрейікші. Орман өте әдемі, онда неше түрлі аңдар, ағаштар, бұталар, шөптер, кездеседі. Орман ішінде сан алуан кедергілер кездеседі. сол кедергілерден өтіп көрейікші. Дайынсыңдар ма? Ендеше, менің сонымнан еріңдер, бір аяқ жолмен жүріп өтейік. Қарандаршы, бұталы ағаштардың арасынан жүріп келе жатырмыз. Ақырын, бұтақтар көзімізді сырып кетпесі үшін, қолымызбен бұтақтардын арасын ашып жолымызды ашайық. Алдымыздан шалшық су кездесті, аяқтарымызды былғап алмайық . Кәне, шалшық судан секіріп өтейік. Балалар мына жерде құмырсқаның илеуі бар екен, олар тынымсыз еңбек үстінде, илеуін бұзып алмай ақырын айналып өтейік. Мына жерде көпір бар екен, көпірдің астындағы суға түсіп кетпес үшін, көпірдің жиегінен ұстап, ақырын, жайлап өтейік. Міне біз бірнеше кедергілерден сәтті өттік, сендер батылдық таныттыңдар, жарайсыңдар.

Психолог: Балалар, орманда әртүрлі аңдар, құстар, құрт-құмырсқалар мекен етеді. Мына жылжып бара жатқан не нәрсе, бұл жұлдызқұрт қой! Ол қалай жылжып бара жатыр, оған жан бітіріп көрейікші.

4. «Жұлдызқұрт» ойыны

Мақсаты: Топ балаларының бір-біріне сенім арта білуге үйрету

«Балалар, біз үлкен жұлдызқұрт болып белгі берілген кезде тізбек бойымен ауа шарын ішіміздің тұсына қоя отырып, қолды алға созып, алдыңғы тұрған баланың иығынын үстіне қолымызды қоямыз. Осы бойда ауа шарын еденге түсіріп алмай алға жылжимыз. Тізбегімізді үзіп алмай, белгіленген бағытпен жүріп отырамыз. Қозғалыс кезіңде сөйлеуге болмайды.»

Психолог нұсқауларды (оңға, солға) өзі беріп отырады.

Психолог: Бәрекелді! Сендер тапсырманы дұрыс, жақсы орындадыңдар! Енді сендерге басқа ойын түрін ұсынғалы тұрмын. Ойынның аты «Қояндар мен арыстандар»

5. «Қояндар мен арыстандар»

Мақсаты: Балаларды өзін батыл, күшті екенің сезіне білуге, өзін-өзі дұрыс бағалай білуге үйрету


Психолог: Алдымен біз қорқақ қояндар боламыз.

-Қоян қорыққан кезде қауыпты жағдайды сезгенде не істейді?
-Балалардың жауабы.

Психолог: Дұрыс, дірілдейді

-Кәне қалай дірілдейтінің көрсетіндерші! Жиырылып, құлақтарын төмен түсіріп, көріңбейтін, кішкентай болып тырысады.

-Балалар, қоян қасқырды көргенде не істейді.

-Балалардың жауабы.

Балалар жан-жаққа тығылады.

Психолог: Балалар сендер қорқақ қоянның кейіпін жақсы салдыңдар, ал енді аң патшасы арыстан болайықшы. Арыстанның еш бір аңнан қорықпай, батыл еркін жүретінің көрсетейікші. Жан-жағына маңғаздана қарап, орманның иесі екенің сезініп жүреді. Ал тамаққа тойып, күннің шуағына қыздырынып, керіліп жатқан арыстанның бейнесін көрсетейікші.


Ойынның сонынан балалар жартылай шеңберге отырып, ойынды талқылайды (қай аңды бейнелегені ұнады және не үшін)


Психолог: Сендер өздерінді аңдардың орына қойып, олардың мінез-құлқын жақсы көрсеттіңдер. Енді біз «Мадақтау...» атты ойын ойнаймыз

Мақсаты: балаларға жағымды кері байланысты орнату, өзіне деген сенімділігін арттыру.

«Қазір әрқайсымыз кішкене ойланып, өз көршіңнің бойынан көрген жақсы қасиеттер туралы айтып көрейік»

6. Рефлексия: Балалар , бүгінгі сабақта не істедік? Не көрдік? Сіздерге не ұнады?

7. Қоштасу рәсімі: «Көршіңе күлкі сыйла»













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее