«Осень 2024»

"Табиғатты аяла"

Білімділік оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы.. Табиғатты аяла

Сабақтың мақсаты;

Білімділік оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Көрнекі құралдар; интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, өлең шумақтары, суреттер.

Сабақтың түрі; дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой- толғау сабағы

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ – жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар

Сабақтың барысы

Қайырлы күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат –Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат – Ана бізді несіменқуантты, б»зге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат –Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет

Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы «Табиғатты аяла»

Мақсатымыз Біз бүгін сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат – Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Табиғат – Анадан мейірімділікті үйренеміз

Табиғат адамзаттың жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Барлығымыз орындарыңа отырыңдар. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға не жатады?

Ауа, су, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар т.б.

Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқугшыларға беріледі.

1-оқушы(слайд көрсетіліп тұралы)Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі - ауа

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында даауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар жоғы бір - екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат – Ананы ренжітсе, екіншіден өзіне - өзі қастандық жасады. Дүниеге келген сәби мүгедке болып болып жарық дүниеге өксікпен өткізеді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адмадар, Табиғат – ана саған дем ал деп ауауны сыйлады, өйткені ло өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауны ластама!

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Иә, балалар ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал, тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінщі аялдамамыз «Тіршілік көзі - су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?

2- оқушы(слайд көрсетіліп тұрады) Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдырып байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланады. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып уау қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұд да адам қоынан жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.

Ойлау керке Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл саыйын.

Өзімізде асыраушы табиғаттай - ананы

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Сонымен су- табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке билеп тұрған не? Ол – өсідіктер.

Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы - өсімдіктер» деп аталады. Табиғат байлығының бір тобы - жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Олар туралы не айтамыз?

3- оқушы(слайд көрсетіліп тұрады)Өсімдіктер, ағаштар табиғатымыздың түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқолығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Елімізде сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр.сондықтан мен осы отырған барлығымызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағыңа.

Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал, әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?

Олай болса келесі аялдамыз»Орман сәні - құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

4- оқушы.(слайд көрсетіліп тұрады)Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар- табиғат сақшылары. Егістіктің, бау – бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата- бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін – жерін татап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

Сары шымшық ысқырса – шынымен күз болғаны

Қарға қарқылдаса - қар жауады

Жыл құсы қаптап кетсе- көктем ерте түседі

Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді

Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылижы

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанаттар» деп аталады.

5- оқушы(слайд көрсетіліп тұрады) Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден- ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздардың «Ботагөз» деп атаған. Бүгін де орманның сәнін келтіретін жан –жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілікетіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі – Ақбөкен бодып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзнен өкпе қабынуынан, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Қазақта киікті «қасиетті аң», «киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бүгінде ақбөкенді, қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып, түрлі жұмыстар жасауда

Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйренейік!»

Әр оқушы бір – біріне жақсы, мейірімді сөздер айтады

«Егер табиғатқа тіл бітсе»Оқушылар шығармашылығы (Табиғатқа арнаған шығармаларын оқиды, салған суреттері бойынша сөйлейді)

Слайд «Табиғатты қорғау - блашақты ойлау» Экологиялық тақырыпқа байланыста ( өндірістер, қалдық зиянды заттар, судың ластануы т.б.)

Табиғатты қорғап жүрейік, ағайын!

Ән «Табиғатым»






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее