«Весна — лето 2024»

Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»

Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қыдыр ата келеді. Қане, қарсы алайық.

Барлығы амандасады: Қош келдіңіз Қыдыр ата! Қыдыр ата: (бата береді) Жарқыра жайна Наурызым! Қабағы жаудың түйілсін Береке байлық –дәм тұзың Халқыма мәңгі бұйырсын Ұрпақтардың бағы болсын Арайланған таңы болсын Ақ батамен қол жайғанның Тілегінің бәрі болсын!

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»


Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қыдыр ата келеді. Қане, қарсы алайық.

Барлығы амандасады: Қош келдіңіз Қыдыр ата!
Қыдыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!

Жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең – жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

(ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашады).

Жүргізуші: Ал, енді көрініске кезек берейік. «Айгөлек» шағын орталығының ата – аналар атынан «Шілдехана» көрінісін тамашалаңыздар! (ата аналар көрініс көрсетеді).

Бекжан:

Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай
Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай


Наргиз

Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Аңсар

Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Жүргізуші: Шыға келді сыланып сылаң керлер

Қияндағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер – дей отырып алдарында балалардың орындауында « Қара жорға» биі.

Аян

Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің
Томирис

Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Мерей

Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!






Би : Жұмабай Альмираның орындауында шығыс биі

Махамбет

Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді

Назерке

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың

Құтты болсын қадамың

Жасай бер жаңа күн

Туа берсін жаңа күн

Дүр сілкінсін дала бір

Құтты болсын жаңа жыл

Құтты болсын Наурыз – той

Құтты болсын жаңа жыл

Бейбарыс

Наурыз тойы - береке

Наурыз тойы - жыр аңыз

Қызып дулы мереке

Қызық думан құрамыз

Аида

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды

Жүргізуші: Би билеп, ән салайық,

Наурыз тойда, думандап – дей отырып тәрбиешілердің орындауында ән: «Жаңа жыл».

Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее