«Зима 2025»

Тақырыптық сабақ Бәрімізге ортақ - Жеңіс!

Тақырыптық сабақ II кіші топ Бәрімізге ортақ - Жеңіс!

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Бәрімізге ортақ – ЖЕҢІС!

Мақсаты: Балаларға Жеңіс күні мерекесі туралы мағлұмат беру.

1.Білімділік: Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Бала бойындағы патриоттық сезімдерін оята отырып, ер үрдісінің әрекеттерін нәтижелі орындау іскерлігін дамыту.

3. Тәрбиелік:. Балаларды адамгершілікке, Отанын қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілік: Жеңіс күніне арналған суреттер.

Қызмет кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, алтын Күн?

Амансың ба,көк аспан?

Амансың ба,достарым?

Сендерді көрсем қуаным.



Ұйымдастырушылық

іздестіру

Әңгіме: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі

«Ұлы Жеңіс» деп аталады.

Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын

тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды

күні.

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр.Мөлдір аспанды бұлт қаптады. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл

жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын, пида еткен, туған-туысқандарына, жақындарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен

соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді.

Балалар мен сендерге Т.Жароковтың өлеңін оқып

берейін.

Сүйінші,халқым,сүйінші!

Сүйіншіге сүйінші!

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан; аға-бабамыз.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен,

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той мереке.

Сергіту сәті:

Бала,бала,балақан!

Қане,қайсы,алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса,жаса алтын күн,

Жаса,жаса жарқын күн!

Балалар енді әдемі орындарымызға отырайық.

Кәне кім жеңіс мерекесі туралы тақпақ біледі екен?


Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.

(Іңкәр)

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән, көрік

Жеңіс келді,алақай,

Тоя жейтін нан болып!

(Естай)

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама!

Жеңіс келді әке боп,

Елдігі бар балаға.

(Нұржан)

От жалындай қайраты.

Сүйсініңдер қараңдар

Бейбіт өмір салдаты

Менің танкист ағам бар.

(Кәусар)

Жарайсыңдар балалар!Енді ойын ойнайық

Ойын: «Жалауша»

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп,алдыңғы екі баланың қолына жалауша беріледі. Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан-қолға бере бестайды. Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып, ойынды тез аяқтаса –сол топ жеңімпаз аталады.

Балалар енді

«Әрқашан күн сөнбесін»өлеңін айтайық.



Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды: Балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік?

Жеңіс деген сөзді қалай түсінеміз?

Соғыс дегенді қалай түсінеміз?

Біз қандай ойын ойнадық?

Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, халқымыздың ерлігімен, батырлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее