«Зима 2025»

Тақырыптық сабақ "Әз -Наурыз"

Тақырыптық сабақ II кіші топқа арналған наурыз мерекесіне

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу.

Білімділік: Ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбиелік: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мереке сай безендіру.

Әдіс -тәсілдер:Шаттық шеңбер,әңгімелесу,сұрақ жауап,түсіндіру,көрсету,ойын ойнату,қорытындылау.

Қызмет кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Көктем келді, шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай - ау, алақай,
Көктем қандай, көктем қандай көңілді!


Ұйымдастырушылық

іздестіру

Жүргізуші: Балалар бүгін үлкен мереке – Наурыз тойы. Ұлыс күні. Наурыз мерекесін біз жыл сайын айрықша өткізіп келеміз. Наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн тенеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз- жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той-думан мен ойын-күлкі,ән-жыр мен атап өткен.

Наурызбенен ұласып, көктем жеткен

Үлкен-кіші көңіл көкке өрлеткен!

Жан-жануар, табиғатты түрлентіп

Ескі жылмен, реніш өкпе кеткен!

Төрт түлігім төлдесін, ақ мол болсын,

Ел тоқ болсын!

Жүргізуші: Балалар біз бүгін мерекені ауылға барып қарсы алайық. Балалар, ана бір тұстан түтін шығады, малды ауыл бар ғой деймін, (балалар жақындайды). Наурыз көже ішіп отырған әжелер, аталар қонақтарды орындарынан тұрып күтіп алады. Балалар амандасады.

Әже: Қош келдіңдер,балалар! Төрлетіңдер. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.

Іңкәр: Әже, Наурыз көже дәмді екен, оны қалай дайындадыңыз?

Әже: Қарақтарым, Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қосылады. Жеті саны киелі сан. Наурыз көже тоқшылықтың белгісі. Оның құрамында бидай, қыстан қалған сүр ет, айран, сүт,тұз,құрт,тары қосылады.

Жүргізуші: Әже, ата балалар мұсылман қауымының төл мерекесі Наурыз тойына әзірлеген тақпақтарын айтып берсін.

Асанәлі: Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырып тұр күн мен ай,

Құтты болсын, Наурыз той!

Алихан: Наурыз,наурыз,жыл басы,

Жасыл көктем құрдасы

Төл мереке, кел мереке.

Қалижан: Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Кәусар: Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

Нұрәсем: Наурыз-бабамның сөзі,

Наурыз-анамның сөзі.

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі.

Ақниет: Құтты болсын, Наурыз.

Арманымыз,әніміз.

Наурызды қарсы алып,

Қуанамыз бәріміз!

Ерболат: Армысыздар, халайық!

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып

Жылда қарсы алайық.

Әли: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арнаған

Бүгінгі ән жырымыз

Көркем: Наурыз тойы – елдің тойы

Көктем тойы – төлдің тойы

Ән айтайын күн бойы,

Жақсы көрем Наурыз тойын.

Мансұр: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың

Жүргізуші: Балалар енді әжеге арнап өлең айтып берейік.

Көктемім төкті нұрды,

Көңілдің кетті мұңы.

Кел достар ән шырқайық

Ұлыстың ұлы күні.

Ән: «Әжетайым»

Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.

Баланы бесікке салайық. Ендеше әже сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді әжесіз. Бесікке сіз салыңыз.

Әже: Кәне, бесікті әкел.Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер      жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.

Балалар: Апа мына бесік тесік қой.
Әже: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі. Енді отқа табыну ырымдары бар,от жағып бесікті бәле - жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.
Әжесі бата береді:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл,өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандықтан тәлім алмасын!
Әжесі: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды. Енді бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтатайық.

Әлди, әлди, бөбегім,

Бесікке салып бөледім.

Өзіңе арнап өмірді,

Мейірім нұрын төгемін.

Әдемі сөздер теремін,

Ертеңгі сая-терегім.

Ақылың асқан дана бол,

Үмітті жалғап сенемін.
Жүргізуші:Рахмет әже Бүгін біз сізден көп нәрсе үйрендік.

Әже: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың қалған қазақтың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.

Жүргізуші:Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.

Жүргізуші: Балалар енді ойын ойнайық. « Шаңырақ» ойыны.

Жүргізуші: Балалар, Наурыз мейрамында ата-бабаларымыз, үлкендер бір-біріне жақсы тілектер айтқан. Бізде бір-бірімізге жақсы тілектер білдірейік.

Жарқын: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын,сапар шексең жол болсын!

Айжұлдыз:Ұлыс бақты болсын, төрт-түлік ақты болсын!

Сабина: Ұлыс береке берсін.

Жүргізуші: Қане балалар енді би билейік.

Би: «Қара жорға»

Төрде отырған қария балаларға бата береді.

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс мереке болсын,

Бәле-жала жерге енсін.

Қайда барсаңдар жол болсын!


Жүргізуші: Балалар енді балабақшамызға оралайық. Ата мен Әжемен қоштасайық.



Рефлексивті-

түзетушілік

Жүргізуші жетекші сауалдар қойып, балалардың мерекеден алған әсерлерін тыңдап, ертеңгілікті қорытады.

-Біз қандай мерекені тойладық?

-Мереке қай жерде өтті?

-Әженің үйінен қандай дәм таттық?

-Әже балаға қандай рәсім жасады?

-Наурыз көже неден жасалады екен?

Балаларды мадақтау.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее