«Осень 2024»

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» салтанатты жиын

салтанатты жиын жоспары. Үгіт -насихат тобының қойылымы

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки

1-жүргізуші: Армысыздар,осы жиын қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар таңы.
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты жиынымда
Беделін тіліміздің көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші

Әнұран:

ОҚУШЫ: Ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Ұлан байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп жазылған. Ата заңның талаптарын әрбір адам орындауға міндетті. Ана тілін сүйген азамат елінде, жерін де сүйеді. Тіл – ұлттың белгісі, мемлекеттік айбыны. 

ОҚУШЫ: Қымбат маған ана тілім,бал тілім,

Қымбат маған дана тілім ар тілім.

Ақ сүтіммен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар ойыма

ОҚУШЫ: Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар.

Туған тілсіз тірлік құрсын наныңдар,

Туған тілде намысым мен арым бар

Туған тілсіз тірлік құрсын наныңдар.

Оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім жүрек үнім наныңдар

Оқушы: Қазақ тілім саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім,ана тілім ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,

Жан сырларым,тілегім,бар арманым.

оқушы: - Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың,мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

оқушы: Тіл – мәдениет, тіл- әдебиет, тіл – тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салып, Ұлылардан қалған – ұлы сөздерге құлақ асайық. 
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілімен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу мәдениетсіздік».
М. Әуезов.
4-оқушы: Түрлі-түрлі байлық бар, солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық.
Ғ. Мүсірепов.

5-оқушы: Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік.
Ш. Мұртазы.
оқушы: Туған тілім – қасиетім, қорғаным,
Туған тілім – елім, жерім, орманым.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Қуантады сенің үстем болғаның.

Оқушы:Биылғы жыл қазақ әдебиетінде мерекелі жыл. Себебі, — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына жыл.

Оқушы:Аштың білім ұясын қазақ үшін,
Оқытамын деп қазақтың әр баласын.
Жақсартуға болашақ ел тынысын,
Білім беру жолында кетті – ау күшің.
оқушы: Поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың туғанына жыл. Мұқағали Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген

Оқушы: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.

оқушы: Үлгі тұтқан Махамбет, Абайларды,
Өлеңіне көпшілік қарайлайды.
Талай ақын өмірге келеді әлі,
Бірақ ешкім дәл сендей бола алмайды.

Оқушы: Қамшыдай қысқа өрілген өміріңде,
Қандай сызат түсті екен көңіліңе.
Мен де өзіңді мәңгі өлмес үлгі тұтам,
Өлеңдерің қуат берген көңіліме

Оқушы: айтыстың озық үлгілерінің бірі Біржан мен Сара айтысына жыл.

Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.

Оқушы: ақын, жазушы, жырау,жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына жыл. Жамбыл Жабаев 28 ақпан 1846 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Оқушы: XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына жыл. 

Оқушы: Ата – баба байлығының асылы,
Мына ғасыр, шын дамудың ғасыры.
Өз тілінде сайрағанға қуанып,
Тілін білмей күрмелгенге жасыдым.


оқушы:Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз».

Оқушы: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат

Ән:


Жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанатына арналған саптық жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее