«Зима 2025»

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы

Токтың жұмысы мен қуаты. джоуль ленц заңы тақырыбына құрылған сабақ жоспары

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Сыныбы: 8 сынып

Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы.

Мақсаты:

Білімділік: Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңа ұғым жөнінде түсінік қалыптастыру. Электрлік құбылыстар тарауы бойынша білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, «Мозайка» әдісі, «Рефлексиялық нысана» әдісі, «Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс: электроника, электротехника, тарих, қазақ тілі, математика т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кестелер, карточкалар

Жоспар:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. «Электр энергиясы – ХХІ ғасырдың қуат көзі» үй тапсырмасын тексеру

ІУ. «Жұмыс пен қуат. Джоуль – Ленц заңы » тақырыбы бойынша алған түбегейлі білімдерің электр қуатын тұтынуда көмегін тигізеді» жаңа сабақ

У. Осы тақырып бойынша берілген кез келген есептерді бөгелмей шығарып үйрену. Бұл өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі.

УІ. Бейнематериалмен жұмыс.

УІІ. Тұжырымдамалық карта

УІІІ. Рефлексия.«Рефлексивті нысана»

ІХ. Үйге тапсырма

Х. Бағалау

ХІ. Қорытынды


І. Ұйымдастыру бөлімі:

- амандасу;

- түгеңдеу;

- топқа бөлу.

Good afternoon children!

- Good afternoon teacher!

- How are you?

- Fine. And you?

- OK. Thanks.

- Sit down please.

ІІ. Топқа бөлу «Мозайка» әдісі

ІІІ. Электр энергиясы – ХХІ ғасырдың қуат көзі.

Есіңе түсір «Бағдаршам» әдісі (үй тапсырмасы)

(оқушыларға қызыл, жасыл түсті қағаздар таратам, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоям, сұрақ жауабын білетін оқушы жасыл түс, білмейтін оқушы қызыл түс көтереді)

- Are you ready? (дайынбызба)

1.Электр тогы дегеніміз не?

2. Токтың қандай әрекеттері бар?

3.Ток күші дегеніміз не? формуласы, өлшем бірлігі, өлшейтін құрал?

4.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?

5. Электр кернеуі дегеніміз не? формуласы, өлшем бірлігі, құрал?

6. Кедергі дегеніміз не?

8.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не, формуласы өлшем бірлігі?

9. Өткізгіштерді жалғау тәсілдері қандай?

10. Резистор, реостат қандай құралдар?

ІУ. «Жұмыс пен қуат. Джоуль – Ленц заңы » тақырыбы бойынша алған түбегейлі білімдерің электр қуатын тұтынуда көмегін тигізеді.

Жаңа сабақ

  • Оқушылар, жаңа тақырып бойынша маңызды мәліметтер осы бөлменің

кез келген жерінде жазулы тұр, сол мәліметтерді өздеріңіз оқып келіп, есте сақтап, орындарыңызға келіп постерге жазып, тақтаға шығып қорғайсыздар. 5- 7 минут уақыт берем.

  1. Электр тогының жұмысы.

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.

A=qU; I=q/t

Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:

A=IUt егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q

SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.

1 Дж = 1А·1В · 1 с

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады

Токтың қуаты

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:

P=A/t=IU

егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R

Джоуль- Ленц заңы.

Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:

Q=I2Rt

У.Үйреніп ал, қажетіңе жарайды!

Электр санауыш туралы мәлімет. (слайд)

Электр санауыштардың пайда болу тарихы XIX ғасырдан басталады. XIX ғасырдың бірінші жартысында электр және магниттік қасиеттердің біртұтастығы теория жүзінде дәлелденді. XIX ғасырдың екінші жартысында теорияны практика жүзінде дәлелдеу басталды. Су турбинасына, санауышқа, ток трансформаторына, әр түрлі двигательдерге, динамо- машинаға, шамдарға патент берілді, яғни бұл қондырғылар әр түрлі мақсаттарға қолданыла бастады. Осыған дейін трансформатор жасаған венгр Отто Титус Блати және динамо-машина жасаған Аньош Йедлик и Вернер фон Сименс ең алғашқы индукциялық электр санауыш жасады. Тағы да бұдан басқа (Галилео Феррарис— 1885 жылы, Никола Тесла — 1888жылы, Шелленбергер — 1888жылы), сол кездегі ұдайы электромагнитизмді теориясын дамыта отырып, электр энергиясын өлшейтін электр санауыштардың пайда болуына үлес қосты.

Бұл комерсиялық өнім көпшіліктің сұранысына ие болды. Осы электр санауыштардың көмегімен тұтынған электр энергиясын есептеуге мүмкіндік туды.

1888 ең бірінші айнымалы токтың электр санауышын жасаған ғалымдар Оливер Б. Және Шелленбергером.

Электр санауыштар классификациясына, түріне, құрылысына қарай бөлінеді.

Электрөлшеуіштер өлшеу шамасына қарай бір фазалық (айнымалы ток өлшеу үшін 200В, 50 Гц) және үш фазалық (380 В, 50 Гц).

У. Осы тақырып бойынша берілген кез келген есептерді бөгелмей шығарып үйрену. Бұл өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі.

Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ қалада 7 теңге тұрады?

Шешуі :

А=Р*t

А= 100 Вт *180 сағ.=18000 Вт*сағ= 18 кВт*сағ

құны – 7 теңге * 18 кВт*сағ =

= 119 теңге

Жауабы: А= 18 кВт*сағ, құны 119 теңге

  • Open your books

  • Go to page one hundred eighty one (181 бетті ашыңыздар)

Оқулықтағы 21 – жаттығу.

УІ. Бейнематериалмен жұмыс.

«bilimland.kz» сайтынан алынған бейнематериалдарды қарап, тапсырмаларын орындау.

  1. Тапсырма. Токтың жұмысы.

Құралдарды аз жұмыс атқаратын құралдан бастап, көп жұмыс атқаратын құралдар тәртібінде қойыңыз, q заряд пен құрал арқылы өтетін кернеу U берілген.

Шам 

U=6 В, q=9 Кл


Кішкентай желдеткіш

 U=12 В, q=1 Кл

Камера

U=7 В, q=3 Кл

Магнитофон

U=9 В, q=3 Кл

2 – тапсырма.

P=A/t=UIt/t=UI

P=UI

Құрылғыны ретпен ең азынан аккумулятор көрсеткішінің ең көбіне дейін орналастырыңыз. Құрылғы бар қуатымен жұмыс істейді деп есептейік.


автомобиль шамдары:

60 Вт, 12 В


камера: 9 Вт, 9 В

ноутбук: 

20 Вт, 16 В

магнитофон: 

12 Вт, 8 В


УІІ. Тұжырымдамалық карта

Оқушының аты-жөні-------------------------------

Электр тогының қуаты

1.Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы______________________

___________________________________________________болып табылады.

2.Қуат қандай әріппен белгіленеді? ___________________________________

3.Токтың қуатын табу үшін__________________________________________

________________________________________________________табу керек.


4.Халықаралық бірліктер жүйесінде ток қуаты__________________________

__________________________________________________________________

1ватт (1Вт) қуат бірлігіне____________________________________________

_______________________________________________________қабылданған.

5.Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап ______________________________

6.Электр есептеуіш не үшін қажет?____________________________________


Тұжырымдамалық карта

Оқушының аты -жөні-------------------------------

Джоуль-Ленц заңы

Өткізгіш бойымен ток өткенде, өткізгіш қызады,яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады.

1.Электр энергиясын жылу энергиясына айналуын кімдер ашты?

________________________________________________________________

2. Орыс ғалымы Эмилий Ленц пен ағылшын физигі Джеймс Прескотт Джоуль бір мезгілде әрі бір-біріне тәуелсіз______________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________тағайындады.

3.Формуласын жаз, түсіндір:



Мұндағы:________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

4.Джоуль мен Ленц қандай тәжірибе жасады____________________________

_____________________________________________________________________


УІІІ. Рефлексия.«Рефлексивті нысана»

Оқушылар сабақ бойынша белсенді қатыстым, қызықты болды, түсінікті болды және жаңа нәрселер білдім деген нысана бөліктеріне бүгінгі сабақта жаңадан не білді, қай тапсырманы орындауға белсене қатысты, қай тапсырманы орындаған қызықты болғаны туралы стикерлерге жазып жапсырады.

ІХ. Үйге тапсырма:

Тақырыпты оқу, 21- жаттығу, №6 үйде орындалатын эксперименттік

тапсырма

Х. Бағалау.

ХІ. Қорытынды




















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее