«Зима 2025»

"Тышқан мен кірпі" ертегі

Оқушы шығармашылығы. Өздігінен шығарған ертегі. қиял ғажайып

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тышқан мен кірпі

Тышқан мен кірпі дос болыпты.Олар бір-біріне көмектесіп жүреді.Бір күні кірпінің анасы сырқаттанып қалады.Олар лезде дәрігер шақырады.Дәрігер кірпіге айтады:

- Анаң өте қатты сырқаттанып қалған .Егер анаң жазылсын десең,бұлақтың суын алып кел,-дейді.

Тышқанға кірпінің анасы өз анасындай болып кеткен.Тышқан кірпіге көмектеседі.Тышқан мен кірпі жолға қамдана бастайды.Бірақ олар бұлақтың қайда екенін білмейтін еді.Олар жолға шығады.Жолда келе жатыр еді алдыларынан қу түлкі шығады.Тышқан мен кірпі түлкіден бұлақтың қайда екенін сұрайды.Түлкі оларға өтірік жол сілтеп жібереді.Олар сеніп қалады.Олар түлкі айтқан жолмен барып еді,түлкінің айтқаны өтірік болып шығады.Кірпі дәл сол сәтте жылай бастайды.Тышқан оны жұбатуға тырысады.Жолда келе жатыр еді, аң патшасы арыстанға кездеседі.Арыстанға болған жағдайды айтып береді.Арыстан оларға көмектеседі.Яғни,дұрыс жол сілтейді.Олар риза болып рахметін айтады.Көп ұзамай бұлаққа жетеді.Кішкене су құйып алады.Олар көп ұзамай үйлеріне жетеді.Анасына суды береді.Кірпінің анасы аяғынан тік тұрып кетеді.Анасы да,баласы да өте қатты қуанышты.Дос деген әрқашанда қасыңнан табылатын жан емес пе?Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды деп бекер айтылмаған!

«С.Сейфуллин атындағы

7 мектеп-гимназиясы»КММ-нің

5А сынып оқушысы

Сырлыбаева Аяулым

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее