«Зима 2025»

"Үй жануарларымен таныстыру"

Балалардың үй жануарларының атауларын дұрыс атай білуге үйрету. Неліктен үй жануарлары деп аталатынын, адамдар оларға қамқор жасайтынын түсіндіру. Төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналай білуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Тақырыбы: Үй жануарларымен таныстыру

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:Балаларды үй жануарларымен таныстыру.

Білімділік:Балалардың үй жануарларының атауларын дұрыс атай білуге үйрету. Неліктен үй жануарлары деп аталатынын, адамдар оларға қамқор жасайтынын түсіндіру. Төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналай білуге үйрету. Дамытушылық:Балалардың сөздік қорын молайту, ой өрістерін, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Қостілдік компонент:Үй жануарлары-домашные животные, үй жануарларын ата-назави домашние животных, сиыр бізге не береді- что нам дает корова, жылқы-лошадь, қой-баран, ешкі-коза, түйе-верблюд.

Құралдар:Үй жануарларының суреттері, видео, қағаз, қарандаштар

Оқу іс-әрекет қызметі

Тәрбиеші қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

қозғаушылық

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды

Ұйымдастыру

іздестіру

Балалар сендер жайлауға барғыларың келеді ме?

-жайлауға немен барсақ екен
-Дұрыс айтасыңдар пойызбен барайық.

-Міне жайлауға да келдік.

-Балалар нелерді көріп тұрмыз?

Жұмбақ жасыру

Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар. /түйе/

Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. /қой/

Екі айнасы бар, төрт тармағы бар,

Бір шыбыртқысы бар, қай жануар /сиыр/

-Ендеше біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелеседі екенбіз.

-Үй жануарларының дауысын естіп, оның дауыстарын айырып көрейікші.

Тіл жаттығуы.

Аз-аз келіп қалды жаз

Ой-ой қорады тұр қой

Ай-ай жайылып жүр тай

Ақ-ақ ойнақтайды лақ

Зы-зы секеңдейді қозы.

Слайд көрсету.

-Үй жануарларын ата?

-Неге үй жануарлары деп атаймыз?

-Үй жануарларының төлдерін ата?

Мына суреттерді алып әр үй жануарларының қандай пайда келтіретінін айтып беріңдерші.

Үй жануарларын ата-Назавите домашние животных,

Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе

сиыр бізге не береді- что нам дает корова,

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін табуға көмектес»

-Ата бабаларымыз барлық мал тұқымын төртке бөлген, төрт түлік атаған.

-Сол төр түліктің өз пірлері болады, сендер соны білесіңдер ме?

1.Шопан ата-қойдың пірі,

2.Зеңгі баба- сиыр пірі,

3.Қамбар ата- жылқының пірі,

4. Ойсыл қара-түйе пірі

Сергіту сәті.

Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мұрынын

Шүйіреді қошақан.

Әр балаға үй жануарларының суреті таратылады

-сендер әр үй жануарының дауысын келтірулерің керек.

Сиыр мө –мө,

Қой мә-мә

Жылқы ио-ио

Төрт түлік туралы тақпақты кім айтады.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Еш нәрсені білмейтін момыным деп.

Сиыр

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыға баспаған қорқағым деп.

Жылқы

Жылқы сүйеді баласын құлыным деп

Тұлпар болып жүгірер жұлыным деп

Түйе.

Түйе сүйеді баласын боташым деп,

Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.

Балалардың өз беттерінше жұмысы.

Үй жануарларын төлдеріне қосу керек.

«Үй жануарының айтысы»

Балалар шопан атаға «Төлдер » әнін айтады

Төрт түлік туралы мақал –мәтел.

«Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл көсір»

«Ат адамның қанаты, ас адамның қуаты»

«Малды баға біл, бабын таба біл»



Берілген сұрақтарға жауап береді.



Жұмбақтаң шешуі үй жануарлары екенін табады.







Тілдерін жаттықтырады.









Үй жануарларын атап, олардың төлдерін айтады да, олардың төлін тауып беруге көмектеседі.





Төрт түліктің пірлерін айтады.















Үй жануарлары туралы тақпақ айтып беріп, қағаз бетінде үй жануарларының төлдерін бір-біріне қосады

















Үй жануарларының төлдерін айтысын рольдерге кіріп ойнайды.

Өлең айтып өздеріне қуанышты көңіл күй сыйлайды Мақал-мәтелдір айтады

Рефлекстік түзетушілік

Сендерді ата-әжелерің, әке-шешелерің төрт түлік малға теңіп еркелетеді. Қошақаным, ботақаным, ботакөзім деп.

-Үй жануарларын атаңдар?

-үй жануарлары адамдарға қандай пайда келтіреді?

-Үй жануарлары қайда өмір сүреді?

Қортынды жасалып, балаларды мадақтау.


Ата- аналың, әке-шешелері қалай еркелететінін айтады



Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Балалардың үй жануарларының атауларын дұрыс атай білуге; неліктен үй жануарлары деп айтылу себебін түсіндіре біледі; Қандай түсініктерді игерді:Берілген сұрақтарға толық жауап беру арқылы сөз байлықтары одан әрі дамытады, Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Үй жаунарларының төлдерін дауысын келтіріп сахналай білуді меңгереді;





















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее