«Зима 2025»

XXI ғасыр мұғалімі. эссе

жаңа ғасыр мұғалімі қандай болу керектігі туралы айтылған

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Фазылова Динара Сабитовна

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылы .М.Дулатов орта мектебі.

Химия пәнінің мұғалімі



Жаңа бағдарламаға сәйкес білім беру жүйесінде үштілді қолдану.

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тіл ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек »

Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан ».

Мен Бриджит Гудманның «Үш тіл – білім берудегі ресурс» тақырыбындағы дәрісті тыңдадым. Бриджит Гудман, Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің көптілді білім беру саласы бойынша доценті. Бриджит Гудман өткізген видео-дәріс маған ерекше әсер қалдырды. Бриджит Гудман, сабақты сергіту сәтінен бастады,ол:

  • What you know? - Сен не білесің ?

  • What you, want to know? – сен нені білгің келеді?

  • What you’ve learnt? - сен нені оқыдың? – деген сұрақтар берілді.

Топтық тапсырмалар берілген кезде студенттердің тек ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар орыс және қазақ тілдерінде де сөйлеуіне мүмкіндік берілді.Бұл дәрістің мақсаты – тілдерді үйрету, тіл сясатын жоспарлау және оны қолдану саласындағы зерттеулерге, сондай –ақ жеке өзі Укранада, ағылшын тілі оқыту тілі және академиялық контент ретінде пайдаланған ортада өткізілген зерттеуге сәйкес бұған неліктен рұқсат берілетінін білуге болады.

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үштұғырлы тіл саясатын бәрімізде қолдап отырмыз. Қазіргі таңда Н.Ә Назарбаев Университетінің қолдауымен химия, биология, физика, информатика пән мұғалімдері ағылшын тілін үйрену мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтіп жатыр. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді үйренген азаматтарға қарап қуанмын. Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бүгінгі елдің тыныс – тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты жағдай болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті.Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Қазіргі таңда орталықтарда тіл үйренем деушілерге қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде үйреніп жатыр. Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтарға қандай ортада жұмыс істеседе жолдары ашық. Ағылшын тілін білмеген азаматтарға қандай ортада жұмыс істеседе жолдары ашық. Бүгінде елімізде жұмысқа қабылданғанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Мемлекеттік тіл мемлекеттік өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлеуметтік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етілуде.

Мен өз тәжірибемде химия пәнінен ағылшын тілінде өткізетін болсақ, оқушының үлгіріміне және оқу бағдарламасын меңгеруге кедергі болады деген ойда болған едім. Осы ағылшын курсын оқу барысында ойымды түбегейлі өзерттім....

К.Ушкинский: «Бала – балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің өз қолнда», - деп айтқандай үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін тануына мүмкіншілік беретін бүгінгі күннің ең басты қажеттілігі.

Ойлану сұрақтарына келер болсам: Мұғалімдер сабақта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қалай қолдану керек? Әрине, бұл әр мұғалімнің өз тәжірибесіне сәйкес қолдану керек сияқты. Оқушыларға қиын болмау үшін бірінші мәтінді ана тілінде, жаңа сөздерді орыс тіліне аударып, ағылшын тілінде мағынасын ашу керек. Химия пәнінен ағылшын тілінде оқыту тиімділігі жоғары. Себебі көптеген химиялық терминдік сөздер, химиялық элементтердің атаулары ағылшынша жазылған. Ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушы терминдік сөздерді сабақ барысында қолдана алады.

Біз еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолында екенін айқын түсінеміз. Сондықтан, мен «үш тілді білім беру бағдарламасы» курсының тыңдаушысы болғаныма өте қуаныштымын. Маған бұл курс ерекше ұнады.

Сонымен қатар алдағы уақытта жинақтаған тәжірибемді, осы курстан алған білімімді өз пәніме, яғни химия пәнінің терминдріне жүйелі тізім жасап, әр сабағыма дидактикалық маатериалдар, үлестірмелі карточкаларға ағылшын тілін кіріктіру арқылы білім беріп, мектебімдегі пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, Отанымыздың болашағы бааянды болу үшін білім жолында, білім беру жүйесінде аянбай еңбек етемін.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее