«Зима 2025»

Заманауи математика-жаратылыстану ғылымдарының дамуы

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Заманауи математика-жаратылыстану ғылымдарының дамуы



Ж.М.Сулейменова,физика пәнінің мұғалімі,

ғылыми жетекші,О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ,

Қарағанды облысы, Атасу кенті,Жаңаарқа ауданы

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі –оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Сондай инновациялық технологияларды пайдалану үлгісіне біз үштілді білім беру беру жүйесін қазіргі таңда қарқынды қолға алынып даму үстінде екенін байқаймыз.

Келешек ұрпақ өзге елдің азаматтарымен тең дәрежеде білім алып, шет елдерге еркін жоғарғы оқу орындарынының грандытына ие болуын қаласақ тіл білу өте маңызды екенін түсінеміз.Әрбір істі бастау қиын, алайда уақыт пен қажырлы еңбек арқасында алдағы бес жылдарда нәтижесі көрінетіне айқын сенемін.Жас маман ретінде жаңашылдықты қолдаймын ,он ай ағылшын тілін үзбей тегін оқу арқылы қазіргі таңда емін- еркін таза ағылшын тілінде сұхбаттаса аламын. Сондықтан да өз шәкірттерімнің сондай мүмкіндікті жібермей үйренгенін қалар едім.Әрбір істің оң және теріс жағы болатыны қай кезде де белгілі. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді орта мектепте ағылшын тілінде оқытудың бір кері әсері уақыттың жеткілікті болмауында. Басты мәселе сонда. Қырық минутта балаға ағылшынша ,қазақша түсіндіру және практикалық жұмыс орындау уақыт жағынан қиын. Үш тілде оқытылатын пәндерде сағат саны жеткілікті болса онда нәтижеде жақсы болары анық. Жағымды тұсы өте көп деп есептемін.Жаратылыстану –математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыта отырып біз оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырамыз,себебі қазіргі таңда барлығы ағылшын тілін қарқынды үйренуде және тілдік бағытта үйрене отырып қызығушылық артып ғылым мен инновацияның дамуына септігін тигізері анық. Кез-келген тіл практиканы қажет етеді.Күнделікті ағылшын тілін тек ағылшын сабағында ғана емес жаратылыстану пәндерінде де қолдансақ , оқушының дағдылануына негіз болады.

«Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте » деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей тіл білген сайын өз ойыңды жеткізіп шет ел азаматтарымен қатар тең дәрежеде әлемдік нарықта, тек қана Қазақстан Республикасы төңірегінде ғана емес, шет елдерде өз бағыңды сынап көруге үлкен жол ашылады. Жаңашылдыққа ұмтылу үшін оқушыға қолайлы мүмкіндік жасап, үйренудегі белсенді ісін қолдап, оның сын көзбен қарау қабілетіне сенім білдіріп, өз ойының дұрыстығын түсіндіріп еркіндікке баулып, өз тарапынан шешімді қабылдай білуге дағдыландыру. Бала жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады. “Шәкірт –шәкірт емес, ұстазын ол сүймесе, ұстаз-ұстаз емес, шәкірт үшін күймесе”,-деп ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін, мәдениетті ұстаз ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас ұрпақтарына жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз” Масырова Р.Линчевская Т –“Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару –белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.


















































ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

2.Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физики. –М.: Изд. центр «Академия», 2008 г.

3.Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003г

4.Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее