«Зима 2025»

Жай сөйлемдерден өткенді қайталау

Қазақт сыныптарында оқитын 8 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары.

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Жай сөйлемдерден өткенді қайталау





Елезавета Канаева, Қанай мектеп-балабақша кешенінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

БҚО, Бөрлі ауданы, Қанай селосы




Кіріспе

«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Қазақ тілі – эстетикалық талғамы зор тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөздерімен даналық талғамын барлығын нұрландырып тұрған нәрлі тіл – қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі. Осылардың бәрін шәкірттерге танытып, бойларына сіңіру үшін бүгінгі күннің қазақ тілі мұғалімі адам ретінде ұлт рухын асқақтататын, аспандататын нағыз шебер болуы хақ.

Қазақ тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін - өздері тексеру арқылы, бірін-бірі бағалау арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады. Сіздерге тәжірибе алмасуға 13-14 жастағы 8 сынып оқушыларына арналған қортынды, бекіту сабағым. Бұл сабағымда әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, топта жұмыстануға, бірін-бірі бағалай білуге үйрету мақсатында топтық жұмыстар, бірін-бірі бағалау, ыстық үстел,интербелсенді тақта мүмкіндіктерін пайдалану, ойын әдіс- тәсілдерін қолданып отырмын.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жай сөйлем түрлері тақырыптарынан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, нығайту.Синтаксис саласы туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдануға, ойын ашық айтуға бағыттау, сөздік қорларын байыту;

Тәрбиелік: Сауатты, ұқыпты жазуға баулу, синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру; Еңбексүйгіштікке,тапқырлыққа, 

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, конверттер, интерактивті тақта

Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен амандасу

ә) оқу-құралдарын тексеру

б) кезекшімен сұхбат

в) сынып гигиенасы


«Кемпірқосақ» тренинг

Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару, көңіл –күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізу. (Алдын- ала дайындалып қойылған ақ параққа салынған тұзды түрлі –түсті бормен бояп, бір ыдысқа жинап, әр түске сипаттама беру)

ҚЫЗЫЛ- ұжымдықтың белгісі

ЖАСЫЛ- нәтиже шығарайық

САРҒЫШ- көтеріңкі көңіл күй

КӨКШІЛ- ерекше күн

КӨК - бір-бірінен өзгеше

КҮЛГІН – тату –тәтті болайық

ҚЫЗҒЫЛТ – бар күшімізді салайық

Сонымен балалар, бүгін бізде ерекше күн, біз ұжымда, бірақ та бір-бірімізден өзгеше, көтеріңкі көңіл күймен ашық сабағымызды өткізіп, нәтиже шығаруымыз керек.

Енді балалар мен сендерді екі топқа бөлемін. Топтың ішінен басшыны сайлаймын. Басшының міндеті сабақтың әр кезеңінде топ ішіндегі оқушыларына берілген кесте бойынша баға қойып отырады. Сабақтың соңында қорытындылаймыз.

Топқа бөлу (8 оқушыны төрт-төрттен): оқушылар бөлек –бөлек қиылған сөздер таңдап алады (мақал-мәтелдер), оқушылар қолдарындағы сөздерді қосып мақал-мәтел шығарады.

1.Өнер алды-қызыл тіл

2. Отан оттан да ыстық


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сұрақтарға жауап беру

Оқулықпен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Дидактикалық тапсырма

Тест жұмысы

1








2








3








4









Үй тапсырмасын тексеру

Тіл туралы мақал – мәтелдерге синтаксистік талдау жасау



Өткен тақырыпты пысықтау


«Ыстық үстел» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне кезекпен-кезек сұрақтар қояды)

  1. Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің түрлері

  2. Жай сөйлемнің неше түрі бар?

  3. Жақты сөйлемнің жақсыздан айырмашылығы

  4. Не себепті жай сөйлем толымсыз деп аталады?

  5. Жайылма сөйлем жасау үшін қандай сөйлем мүшелері қажет?

  6. Қыс. Дала. қандай сөйлемдер?

  7. Толымды сөйлем дегеніміз не?

  8. Жалаң сөйлем қандай сөйлем мүшелері арқылы жасалады?

  9. Атаулы сөйлемдер қалай жасалады?

  10. Жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіру


Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


Оқулықпен жұмыс


118,119- жаттығу. Қарамен жазылған сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау


Шығармашылық жұмыс


Сәйкестіру (сөйлемдердің қасына сөйлем түрін жазу) (Оқушылар интерактивті тақта арқылы дұрыс жауаптарын сәйкестіндіреді)


    Жауын жауып тұр. Жақсыз сөйлем

 — Анау Ақбоз сенікі ме? Жақты сөйлем

     Түн. Күз. Жайлау. Толымды сөйлем

  Бұл өмірден жылап кеткім келмейді! Толымсыз сөйлем

   Егіншілер егін басында жүр. Жалаң сөйлем

   Жұмысшыларға келуге болмайды. Жайылма сөйлем

   Партизандар ұйықтап кетті. Атаулы сөйлем


Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


Дидактикалық тапсырма


«Конверт» толтыру

Әр оқушыға бір конверт және бірнеше сөйлемдер беріледі. Сол конверттің сыртында жазылған сөйлем түріне сай, ішіне қажетті сөйлемдерді салу қажет (жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы)

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


Басқатырғыны шешу (егер дұрыс шешсеңдер, еңбекке қатысты мақал – мәтел оқисыңдар) Мақал- мәтелге синтаксистік талдау жасаңдар



Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз не өнеді.

(мақалдың мән- мағынасын оқушыға айтып түсіндіру)

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


Қорытынды

Тест жұмысы

Жай сөйлемдерден өткенді қайталауға арналған тест тапсырмасы.

(Оқушылар тақтаға қарап, бір-бірінің жауаптарын тексеріп бағалайды)

«5»- 9-10 дұрыс жауапқа

«4» - 6-8 дұрыс жауапқа

«3»- 4- 5 дұрыс жауапқа


Үйге тапсырма

Ережелерді қайталау. Әдеби кітаптардан жай сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіру.


Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылардың қорытынды бағаларын қою










Қорытынды:

Өткен тақырыптарды пысықтауға арналған сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Топтық жұмыста оқушылар топ басшысын сайлау арқылы, оларды бағалауға сенімділік танытты. Топ болып жұмыстан уақытта оқушылар қабілеті төмен оқушылар ат салысып қатысуға, өздерінің тобына көмектесуге тырысты. Оқушылардың пікірлері бойынша сабақ ұнады, өткен тақырыптардың барлығын әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы қайталап шықты.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее