«Зима 2025»

Жақсылықпен жаным дос

1Бөлім. Жақсылықпен жаным дос 1 сынып дүниетану пәніне арнап құрылған жоспар.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Маңғыстау гуманитарлық колледжі



Сабақ жоспары

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты

Орындаған: Асанова А.





























2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты

Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқудың мақсаттары, маңыздылығы туралы студенттерге мағұлмат беру.

  2. Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқудың жолдарын,оқыту үдерісін дамыту.

  3. Студенттерді білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта



І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ

Жоспар:

«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері



«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті.

Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.

Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай, және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу - негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

Аудио-визуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, б ерілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.

«Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар мыналарды үйренеді:







пікір алысуға



танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге



өз ойын, сезімін білдіруге,









оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге





армандары мен мақсаттары туралы еркін жеткізіп айта білуге











«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:

  • мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.

  • қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;

  • қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;

  • сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құрау, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;

  • жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;

  • тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда ьтуындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;

  • меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

  • қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;

  • оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;

  • оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;

  • жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);

  • өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

  • тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;

  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;

  • «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;

  • оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;

  • оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу;

  • оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері

«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

  • таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

  • алдын-ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

  • белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)

  • бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

  • ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

  • берілген тақырыпқа диалог құрастыру;

  • экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

«Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

  • мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);

«Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • қысқаша хабарлама жазу;

  • тыңдаған, оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;

  • белгіленген суреттер, диаграмма,түрінде ақпарат ұсыну;

  • сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;

  • сұхбатқа сұрақтар дайындау.



















1.Тыңдалым.




1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып

Зейін қойып тыңдау

Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды

Ауызша айтылған және есту және көру материалындағы қарапайым сөз орамдарын қайталайды

Теле\радио хабардағы негізгі ойды беруде қолданылатын

ерекшеліктерді анықтайды



Адамның жасына, туыстық ерекшеліктеріне және қатысым мақсатына байланысты сөйлеу стиліндегі өзгерістерді анықтайды

Сөздің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну



Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді



Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді


Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі тұстарды түсінеді

Аудио-визуалды материалдағы сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді



Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау

Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды

Тыңдалған/қо-йылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Тыңдалған/қойылған материалдағы негізгі идеяны түсінеді, кейіпкерлерді сипаттайды, оқиғаларға талдау жасайды

Тыңдалған/қойылған материалдағы оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын болжай отырып, мазмұнын түсінеді (идея, кейіпкерлер, оқиғалар)

Әдеби тіл нормасын түсіну

Сөздерді тыңдайды және дыбыстық құрамын ажырата алады

Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді


Күнделікті өмірге қатысты және таныс сөздерден құралған қысқа мәтіндерді түсінеді, сөздің тұлғасын анықтайды (зат есім, етістік)


Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қарапайым және қысқа мәтіндердегі, сондай-ақ есту және көру материалдардан грамматикалық бірліктерді анықтайды

Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру

Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді

Әңгіме және есту және көру материалдағы оқиғалардың мәнін сипаттай отырып түсінеді

Әңгіме және есту және көру материалдарындағы оқиғалардың мазмұнын және кейіпкерлерді сипаттай отырып түсінеді

Есту және көру материалы мазмұнындағы негізгі ойды анықтайды







2. Айтылым


1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып



Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандылығы

Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді

Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді

Сөйлеуде мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолданады

Қажетті сөздерді қолдану арқылы әңгімеге, өзара сөйлесуге қатыса алады



Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу

Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды

Оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды таныс сөздерді қолдану арқылы әңгімелейді

Тыңдаушының қызығушылығын туғызу мақсатында өлеңнің немесе әңгіменің мазмұнын мәнерлеп айтады

Өлең мен қысқа әңгімені өз қызығушылық деңгейіне қарай таңдайды, мәнерлеп, нақы- шына келтіріп айтады


Мәтіннің негізгі қырларын анықтау және талқылау

Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады

Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/ сурет көмегімен көрсетеді

Тілді қолдану дағдыларын көрсете отырып, негізгі ойды анықтайды

Тыңдағаны/ оқығаны бойынша талдау жасайды және бағалайды (үлкендердің көмегімен)

Диалогке қатысу

Анық әрі айқын сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді


Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады

Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, күнделікті өмірге байланысты диалогке сенімді қатысады

Берілген жоспар бойынша диалог құрастырады


Медиа құралдар арқылы тілді дамыту




Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды


Медиақұралдар-ды пайдалану арқылы дауыс ырғағын мәтін мазмұнына, оқиға желісі өрбуіне сай өзгерте отырып, дұрыс және анық айтады

Медиақұралдар-ды пайдалану арқылы оқиғаларды өз тәжірибесіне сүйене және жеңіл салыстырмалар жасай отырып әңгімелейді және сипаттайды

Медиақұралдар-ды пайдалана отырып, өзінің пікірін дәлелдейді




Сөйлеу мәнерін бағалау

Қарапайым айтылымдарды қайталайды


Түсінгені бойынша өзінің келісетінін/

келіспейтінін айтады

Түсінгені бойынша өзінің ойын айтады


Басқалардың пікірлерін бағалайды (келісу\келіспеу)



3. Оқылым


1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып



Зейін қойып оқу

Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді


Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді

Таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердің негізгі тұстарын түсінеді

Таныс емес сөздерден құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі мәселені түсінеді



Мәтін түрі мен стилін анықтау


Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі


Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды

Әңгіменің кіріспесін, негізгі кейіпкерлерін, ондағы оқиға желісін түсінеді


Көркем және басқа әдебиеттерді ажыратады




Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау

Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды

Оқылған мәтіннің неліктен ұнайтынын/ұна-майтынын түсіндіреді

Оқылған оқиғалар желісі бойынша сұрақтар құрастырады

Әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнамағаны жөнінде өз ойын білдіреді



Іріктеп оқу және жоспар құру





Өз бетімен оқу үшін кітап таңдайды және оны таңдау себебін түсіндіреді




Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер-ді оқу

Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды

Ақпаратты беру мақсатында мәтіндердің әліпби ретімен қолданылатындығын түсінеді

Сөздіктерден және анықтамалықтардан қосымша ақпараттарды іздеу жолын біледі

Қажетті ақпараттарды табу үшін әртүрлі дереккөздерді қолдана біледі



Салыстырмалы талдау жасау



Оқыған әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнама ғаны туралы пікір білдіре отырып талқылайды

Оқиғалар мен кейіпкерлерді, негізгі ойды түсінгенін болжау жасай алуы арқылы көрсетеді








4. Жазылым


1-сынып

2-сынып

3 -сынып

4-сынып



Әртүрлі стильде жазу

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады

Жай сөйлемдерді жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады

Шағын көлемді мәтіндер жазады/мәтінді

құжаттар редакторында баса алады (2-3 сөйлем)

Мәтін түрлерін құрастырып жазады/мәтінді құжаттар редакторында баса алады



Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

Қарапайым, түсінікті тілмен жазады


Сипаттауыш сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады


Мәтін бөліктерін (басы, ортасы, аяғы) сақтап, кейбір теңеу сөздер арқылы қарапайым әңгімелер жазады

Тілдік көркемдегіш құралдарды (орнын, уақытын, кейіпкерлерін) пайдалана отырып, хабарлау мәтінін жазады

Шығармашы-лық жұмыс

Жазуда сипаттауыш сөздерді жазады

Үлгі бойынша бірнеше сөйлемдер жазады




Өздігінен бірнеше сөйлемдер немесе қысқа өлең жазуға талпынады

Өз бетінше шағын өлең, ән немесе қысқа оқиға, әңгімелер жазу сияқты шығармашылық жұмыстарды орындайды



Грамматика-лық норма және сауатты жазу

Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады


Орфография талаптарын ескере отырып, жаңа сөздерді дұрыс жазады. Үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырып жазады

Зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, жалаң және жайылма жай сөйлемдерді құрастырып жазады


Грамматикалық нормаларды (зат есім, сын есім және етістікке қатысты) дұрыс сақтай отырып, сөйлемдер құрастырады.

Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады

Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады

Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ, леп белгілерін қолданады

Өз бетінше нүкте, сұрақ, леп белгілерін және үтірді қолданады

Сөйлем мен сөз орамдарын жазу барысында тыныс белгілерін (үтірді) саналы түрде қолданады



Аудио-визуалды материалдар бойынша естіген, көргені негізінде жазу

Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады

Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпараттарды жай сөйлемдермен сипаттап жазады

Естіген, оқыған, көргені бойынша оның идеясы мен негізгі ақпаратын жазады

Аудио-визуалды құралдар көздерінен алынған ақпаратты (баяндама түрінде емес) деректер, ойлар, тақырыптар, ізімдер түрінде жазады







ІІІ. Сабақты бекіту.

Ауызша сұрақтар

  1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы нені қалыптастырады?

  2. Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі қандай әрекеттер арқылы жүзеге асады?

  3. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты

  4. «Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар нені үйренеді?

  5. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар ата.

  6. «Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері қандай?



IV.Үйге тапсырма.

V.Бағалау.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее