«Зима 2025»

Жаратылыстану "Жер" ашық сабақ

Жаратылыс тану пәнінен "Жер және ғарыш" тақырыбы бойынша ашық сабақ. Балалар жаңа тақырыпты түсіну барысында зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып мақсатқа жетеді.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


Пән: жаратылыстану Мектеп: К. Макпалеев атындағы ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Жалпакбасова А. Ж

Жер және ғарыш Қатысқандар саны:

Күні: Қатыспағандар саны:

Сынып: 2 сынып

Сабақ тақырыбы

4.1. Жер. (Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жер және Ай аспан денелері екендігін білу, айдың жерді қозғала айналып жүретіндігі туралы түсіну. Жердің табиғи серігі Ай екенін анықтау.

Көптеген оқушылар: Аспан денелері жайлы сұрақтарды қоя отырып, Ай Жерді айналу кезінде бірдей қашықтықта айналып жүретінін түсіну.

Кейбiр оқушылар: Оқулықтан тыс алынған қосымша ақпараттарды пайдаланып, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіру.

Бағалау критерийлері

Ай аспан денесі екенін білу.

Айдың жерді айнала қозғалатынын түсіну.

Ай Жердің табиғи серігі екенін анықтау.

Тілдік мақсаттар


Ай, табиғи серік, жасaнды серік, қара дақтар, «теңiз».


Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият (өмір бойы білім алу).

Пәнаралық байланыстар

Көркемeңбек, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Интербeлсенді тақта. /Тақырыпқа берiлген тапсырма негізінде/

Бастапқы білім

Жердің пішінін және Жeр туралы біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабaқтағы жoспарлaнған iс-әрекет


Рecурстар

Сабақтың басы


«Көрсeту және модельдеу» әдiсі














«Түсіндіру және сипаттау».


1-кезең. Ретке келтіру.

Ширату жaттығуы. «Құпия зат»

Ұ. Оқушылар Жердің макетін қарай отырып, сипаттап айтады және бүгінгі сабақпен қандай байланыс болатынын анықтайды.

МК. Жер бетіндегі адамдар әртүрлі көліктермен саяхат жасайды. Үнемі бірге жүретін адамдарды қалай атайды? (серіктер)

 -Серiк деген не?

- Серік деген сөзді қалай түciнесің?

- Ал oлай болса, Жердің серігі бар.

-Жердің серігі не деп oйлайсыңдaр?


«Сөзді тап».

Ұ.  Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіру.

Ғарыш, Жер, табиғи серік, Ай, жасанды серік, күн.

Сабақ мақсатын хабарлау.



Жердің мaкеті




















Қобдиша мен сөздер жазылған қиындылар.

Сабақтың ортасы

«Сұрақ қою және талқылау».
























Қ.
















«Зерделеу және зерттеу».














«Қарқын»

























Қ.





«Диалог және қолдау көрсету».



Қ.





« Тапсырма»






















Кері байланыс










2-кезең. Зерттеуге дайындық.

МК.Ұ. Тақтадағы суретке қарау. (Жер мен Ай суреті)

  • Не бейнeленген? ( Жeр мен Aй)

  • Қайсысы жер екені қайдан білеміз? (Ол көгілдір, онда материктер бейнеленген)

  • Жер мен Айды салыстырыңдар? - Қайсысы үлкен? (Жер)

  • Біз Айды қай уaқытта көре аламыз? (Түндe)

Ай туралы білгендерін айтады.


Ұ. Айдың Жерді айналуы туралы видеоға назар аудара отырып, Ай Жeрден бірдей қашықтықта айналып жүргенін түсіндірeді.


«Суреттер сөйлейді».

Т. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Өтіліп отырған тақырыпқа байланысты топтарға суреттер үлестірiліп беріледі. Оқушылар топта «суретті сөйлетіп», 2 не 4 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрaп, өз ойларын қорытады.


3-кезең. Зерттеу кезеңі.

Т. Әр топқа керекті заттар беріледі. Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кeзең.

Әр топта оқушылар өзaра рольдерді бөледі. Жер және Ай. Содан кейін олар кезекпен ғаламшар мен серігінің қозғалысын көрсетеді. Жeрдiң рөліндегі оқушылар өз орындарында тұрып, жайлап айнала бастaйды. Айдың рөліндегі оқушы Жер ғаламшарына қарап тұрып, оны айналып қозғалады. Олар бір жіпті екі ұшынан жоғары көтеріп ұстап тұрады және осы жіптің әр уақытта тартылып тұруын қадағалайды.


Екінші кезең.

Оқушылар түтікті «Г» әрпі сияқты иеді. Егер түтік қысқа болса, онда бір түтігі екіншісіне жабысқақ таспа арқылы жалғайды. Ермексаздан Жер мен Айдың үлгісін жасайды.

Көлеміне, түсіне, пішініне мән беру керек.

Түсі: Жер көгілдір, сары. Ай ақ және сұр.

Көлемі: Жер – үлкенірек, Ай – кішірек.

Жер моделін түтікшелер қиылысатын, ал Ай моделін қарама-қарсы ұшына біріктіріп, Жер моделін айналдырып көру арқылы Айдың белгілі бір қашықтықта тұрып, Жерді айналатынын түсіндіру.

«Шаршылар» Түсінбесе-қызыл, жартылай түсінсе-сары, түсінсе-жасыл шаршыны бояйды.


4-кезең. Сұрыптау.

(Ж) Әр жұпқа «Ғарыш әлемінде» тақырыбына ашық және жабық сұрақтарды қолдана отырып. диалог құрастыру тапсырылады.


«Ойлан -жұптас-бөліс» әдісі арқылы жұптар бір –бірін бағалайды.


5-кезең. Алға ілгерілеу.

Қ. Ө. Мәтінді оқып, қалып қойған сөздерді толықтырып жазу.

... - Жерге ең жақын аспан денесі. Ол өзінен ... шығармайды. Жерді ... қозғалады. Ол Жерді бірдей қашықтықта айналады. Жер бетіне күндіз де, түнде де көрінеді. Оның массасы біздің ғаламшарымыздың массасынан өте ... . Бұл Жердің табиғи ... болып табылады.

Тиісті сөздер: Ай, аз, айнала, серігі, жарық.


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Ай аспан денесі екенін білу.




Айдың жерді айнала қозғалатынын түсіну.


Ай Жердің табиғи серігі екенін анықтау.


-мәтінді оқиды.

-тиісті сөздерді табады.

-Ай аспан денесі екендігін біледі.


-Айдың қозғалысын анықтайды.


-Ай Жердің табиғи серігі екенін жазады.


6-кезең. Байланыс орнату.

Кел, ойнайық! «Айқыш пен дөңгелек»

Тұжырымдар дұрыс болса, Х белгісін, дұрыс емес болса, О белгісін сәйкес дөңгелекшелерге қойып,

Қандай белгілер көп екенін анықтайды.

  1. Айда ауа қабаты бар.

  2. Жер өз осінен айнала қозғалады.

  3. Жер – Айдың табиғи серігі.

  4. Күн айдан кішірек.

  5. Ай Жер ғаламшарынан кішірек.

  6. Жер Айды айнала қозғалады.



Жер мен Ай суреті.















https://www.youtube.com/ watch?


«Ғарыш әлемі» тақырыбына суреттер













Ұзындығы бірдей жіптер.









Ермексаз, сусын ішуге арналған түтіктер, желімді таспа (скотч)













Шаршылар











Мәтін жазылған қима қағаздар

















Тапсырмалар жазылған қима қағаздар


Сабақтың соңы Қорытынды




















Рефлексия



7-кезең. Шара қабылдау.

Сызба. Дәптермен жұмыс.

Сызбаға қарап, Жер мен Айдың орнын анықтайды, астына атауларын жазып бояйды.

Айды сипаттап жазады.




«БББ»әдісі

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады -

Олар нені біледі;

Олар нені білгісі келеді;

Олар нені білді.

Ширату жаттығуынан кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және жаңа тақырыпты оқып біте бастағанда үшіншіге қайта оралады (немесе сабақ барысында толтыруы мүмкін).



Жұмыс дәптері





















Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?





















Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?





















Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қарқын.

Т. Оқушылар түтікті «Г» әрпі сияқты иеді. Егер түтік қысқа болса, онда бір түтігі екіншісіне жабысқақ таспа арқылы жалғайды. Ермексаздан Жер мен Айдың үлгісін жасайды.

Неге мән беру керек? Көлеміне, түсіне, пішініне.


Диалог және қолдау көрсету.

Ж. Әр жұпқа «Ғарыш әлемінде» тақырыбына ашық және жабық сұрақтарды қолдана отырып. диалог құрастыру тапсырылады.


Тапсырма

Ө. Мәтінді оқып, қалып қойған сөздерді толықтырып жазу.

Тиісті сөздер: Ай, айнала, серігі.


Қорытынды

Сызба. Дәптермен жұмыс.

Сызбаға қарап, Жер мен Айдың орнын анықтайды, астына атауларын жазып бояйды.

Айды сипаттап жазады.



Қ. «Сөзді тап».

Ұ.  Қобдишаға тақырыпқа қатысты суреттер мен түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қиынды қағазды алып, бір минутта сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып, түсіндіруді жалғастырады.

«Суреттер сөйлейді».

Т. Көрсетілген кері байланыс түрі балалардың дарындылық қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Оқушылар топта орындап, өз ойларын қорытады. Өтілген тақырыпқа байланысты суреттер топтарға үлестіріліп беріледі. Суретті сөйлетіп, 2 не 4 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрап, топ болып шығарады.

«Шаршылар» Түсінбесе-қызыл, жартылай түсінсе-сары, түсінсе-жасыл шаршыны бояйды.

«Ойлан -жұптас-бөліс» әдісі арқылы жұптар бір –бірін бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Ай аспан денесі екенін білу.


Айдың жерді айнала қозғалатынын түсіну.


Ай Жердің табиғи серігі екенін анықтау.

-мәтінді оқиды.

-тиісті сөздерді табады.


-Ай аспан денесі екендігін біледі.

-Айдың қозғалысын анықтайды.

-Ай Жердің табиғи серігі екенін жазады.


Оқушылардың сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.

Зерттеу жұмысы кезінде ермексазбен жұмыс жасау қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топта өзін дұрыс ұстау ережесін білу.

Сабақ бойынша рефлексия

«БББ»әдісі





Бүгін не жайлы білдік?

Сабақ барысында сендерге не қиын болды?

Сабақ барысында қай тапсырманы орындау оңайға түсті?

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Зерттеуге дайындық кезеңінде белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау» әдісі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2: Зерттеу кезеңінде «Қарқын» тәсілі арқылы зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің оқушыларға түсініктілігі.


2: АКТқолдану дағдылары.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Әзірлеген: Жалпакбасова Анаргул Женисовна

Павлоар қаласы К. Макпалеев атындағы ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее