«Зима 2025»

Жас педагогтардың кәсіби әлеуметтенуінің психологиялық аспектілері

Мақалада педагог мамандардың кәсіби әлеуметтендіру мәселелерi, оның принциптерi, бағыты және нәтижелі кәсіби әлеуметтендірудің педагогикалық шарттары қарастырылады.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ӘОЖ 37.08

Назарова Шынар Талғатқызы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ, БҚО, Орал қаласы


ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР


Аңдатпа: Мақалада педагог мамандардың кәсіби әлеуметтендіру мәселелерi, оның принциптерi, бағыты және нәтижелі кәсіби әлеуметтендірудің педагогикалық шарттары қарастырылады.

Тірек сөздер: тұлғаны кәсіби әлеуметтендіру, педагогтың кәсіби әлеуметтенуі, педагогикалық шарттар.

Аннотация: В статье рассматривается проблема профессиональной социализации педагога, ее принципы, направления, а также условия успешной профессиональной социализации.

Ключевые слова: профессиональная социализация личности, профессиональная социализация педагога, педагогические условия.

Abstract: The article deals with the problem of professional socialization of the teacher, its principles, directions, as well as the conditions of successful professional socialization.

Key words: professional socialization of the person, professional socialization of the teacher, pedagogical conditions.


Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші - жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты - біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды [1].

«Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында: «Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын, қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді» [2]. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады [3].

Кәсіби әлеуметтенудің заманауи тұжырымдамасы француз әлеуметтанушы Г. Тардттың кәсіби әлеуметтену теориясынан бастау алады. Өрісі кең кәсіби әлеуметтену теориясын индивидтің қарым-қатынас барысында жалпыға міндетті қабылданған нормаларды меңгеру арқылы әлеуметтік жүйеге араласу процесін сипаттайтын Т.Парсонс өңдемелеген.

Педагогикалық тұрғыда кәсіби әлеуметтену - адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету болып табылады.

Жас мамандардың жеке тұлғасын кәсіби әлеуметтендіру төмендегі негізгі міндеттерді көрсетеді:

  • жас мамандардың жеке тұлғасы болашағын, саяси және әлеуметтік маңыздылығын өзектендіру;

  • интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға шоғырландыру;

  • ашық ақпараттық, білім беру, жеке тұлғаны кәсіби әлеуметтендіру, қалыптастыру, кәсіби әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, жас мамандардың жеке тұлғалық жауапкершілігін сезіну және өз бетінше дербестік қасиетін сақтай отырып, кәсіби әлеуметтік ортаға бейімделуі;

  • жас мамандарды рухани, интеллектуалдық және өз денсаулығы мен кәсіби әлеуметтік біліктігі мен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыру;

  • жас мамандардың әлемдік және ұлттық мәдениетті игеруіне байланысты толеранттылыққа, келісім және ұлтаралық мәдениет пен қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

  • қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа жағымды көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін кәсіби әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;

  • кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін-өзі іске асыруына және өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттігін тудыру.

А.В. Мудрик кәсіби әлеуметтенудің факторлары ретінде макрофакторларды, мезофакторларды және микрофакторларды бөліп көрсетеді [4].

Педагогтың кәсіби әлеуметтенудің макрофакторларына біз әлемде болып жатқан процестердің Қазақстандағы білім беру процесіне әсер ету факторы ретінде қарастырамыз. Қазақстанның білім беру жүйесінің шетелдік, соның ішінде Еуропалық білім беру стандарттарына сай болуы. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» - баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді [5].

Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек [6].

Кәсіби әлеуметтенудің мезофакторларына - республикалық деңгейде қабылданып жатқан педагог мамандарға қойылатын талаптарды жатқызамыз. Оларға: біліктілікті арттыру курстары, семинарлар мен конференциялар, шебер сынып, іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар, экскурсия, театр, мұражай, концерт, газет-журналдар, әдебиеттермен жұмыс (әдістемелік, ғылыми, көркем), жаңартылған білім беру бағдарламасына сай келетін, құзіреттілігі жоғары педагогтармен жұмыстану жатады. Педагог мамандардың кәсіби әлеуметтенуіне әсер етуші мезофактордың мақсаты - педагогиканың философиялық көзқарастарын өзгерту, білім беру философиясының парадигмасын қабылдау болып табылады [7].

Келесі факторлар тобына микрофакторлар жатады. Педагог мамандардың кәсіби әлеуметтенудің микрофакторларына - мектептегі ортаны алуға болады, яғни, педагогтардың кәсіби ортаға сіңуі. Мектеп ішінде болып жатқан жаңартылған білім беру процестері педагогтың кәсіби өсуіне, жетілуіне жағдай жасайды және жас мамандардың нәтижелі кәсіби әлеуметтенуіне тікелей әсер етуші факторларды бірі болып табылады. Тәлімгерлермен жұмыс, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы, білімді жетілдіру курстары, ашық және тәрбие сағаттар, әртүрлі деңгейдегі шаралар мен конкурстарға қатысу, тренингтер және т.б. жатқызылады [8, 1].

Жас педагог мамандардың кәсіби әлеуметтенуіне ықпал етуші факторларды анықтау олардың жетістікпен нәтижелі кәсіби әлеуметтенуін қамтамасыз ете алатын педагогикалық шарттар жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші педагогикалық шарт - кәсіби даярлау мазмұнының жас мамандардың кәсіби әлеуметтік интеллектісін дамытуға бағыттылығының қамтамасыз етілуі. Бұл шарттың жүзеге асырылуы болашақ мамандардың өзінің кәсіби даярлығының мәнін жете түсінуімен, олардың кәсіби әлеуметтік білімдерін, кәсіби әлеуметтік өзара әрекет етулерінің және кәсіби әлеуметтік болмыстың құндылықтарын санамен пайымдауларының қажеттігімен анықталады. Кәсіби әлеуметтік интеллектінің дамуы болашақ мамандардың әлеуметтік құзыреттілігінің когнитивтік компонентінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Осы орайда әрбір нақты тұлғааралық жағдаяттардағы мінез-құлыққа қатысты өз бетімен шешім қабылдауға қабілеттілігінің дамуына басты назар аударылады.

Екінші педагогикалық шарт - болашақ мұғалімдердің кәсіби әлеуметтік мәліметтермен жұмыс жүргізу іскерліктерін дамытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жетілдірілуі. Бұндай шарттың жүзеге асырылу қажеттілігі мамандардың кәсіби іс-әрекетінде әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық мәліметтердің атқаратын рөлімен анықталады. Әлеуметтік мәліметтерді иелену қоршаған ортада дұрыс бағдар ала білуіне және кәсіби ұжымда қабылданған нормалар мен құндылықтарға табиғи сәйкес келіп өзінің мінез-құлқының барабар бағытын құруға мүмкіндік береді. Осы орайда педагогикалық жұмысты бірнеше бағытта ұйымдастыру шамаланады:

  • мәліметтерді іздеу және жүйелеу іскерлігін дамыту;

  • талдаушылық қабілеттерін жетілдіру;

  • ұжымдық жұмыс істеудің жаңа технологияларын меңгеру;

  • өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқару.

Жас педагогтардың нәтижелі кәсіби әлеуметтенудің үшінші педагогикалық шарты - болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық сапа-қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізетін практикалық бағыттылық әлеуметтік маңызы бар іс-әрекетте тарту. Бұндай шартты таңдауға болашақ мұғалім еңбегінің ерекшелігі негіз болды. Олар біріншіден, кәсіби сипаттағы сан қырлы міндеттерді өз бетімен қоя білу және шешімін табу қабілеттілігіне; екіншіден, баламалы шешімдерді ұсыну және олардың қатарындағы тиімдісін сұрыптау өлшемдерін таба білу іскерлігі; үшіншіден, кәсіби әлеуметтік және өндірістік ортадағы жайсыз, қолайсыз факторларға төтеп беру тұрақтылығы. Осы орайда жеке тұлғаның іскерлік бағыттылығы, өзіне деген сенімділігі, психологиялық такті, жоғары жауапкершілігі, бастамашылдығы, ынтымақтастыққа және шығармашылыққа даяр болу сияқты сапа - қасиеттері алдыңғы қатарға шығады. Осындай сапа - қасиеттерінің дамуына болашақ мұғалімдердің жүйелі түрдегі практикалық бағыттылық кәсіби әлеуметтік маңызы бар іс-әрекетке тартылуы септігін тигізеді. Бұндай нәтижелерге жетудің пәрменді құралдары санатына кәсіби әлеуметтік процестерді бақылау іскерлігін белсендіру, болашақ мамандарды біріккен іс-әрекеттерге қатысуға ынталандыру және өзін-өзі басқару жұмыстарына тарту, кіші командаларды кәсіби әлеуметтік мәні бар іс-әрекеттерге қатысуы жатады [9].

Қазіргі оқу орнын бітірген жас маман - еліміздің келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады [10]. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай жас мамандардың кәсіби әлеуметтенуіне педагогикалық шеберлік қажет. Жас маманның бойындағы педагогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Осы орайда жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетіп отырудың маңызы зор.

Жас маманның нәтижелі кәсіби әлеуметтенуінің төртінші шарты ретінде оның әдістемелік жағынан білімдерін, дағдыларын, құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіруді негізге алу. Әдістемелік жұмыс дегеніміз - ғылым мен озат тәжірибе жүйесінің тұтас жетістігі, бір-біріне қатысты жан-жақты білімі жетілген өз ісінің маманы, шебер ұстаз ісіне бағытталған, ұжымының шығармашылық деңгейде болуына және дамуымен тығыз байланысты. Әдістемелік жұмыста бастысы:

1. Жас маман жұмысындағы қиындықты анықтау.

2. Өз уақытында көмек беру.

3. Ғылыми жетістіктерімен таныстыру.

Жас маманның нәтижелі кәсіби әлеуметтенуіне басты әсер ететін көрсеткіштер: бәсекеге қабілеттілік, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, зерттеушілік, әлеуметтік тұлғалы ақпараттық құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілігі, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу. Егер жас маман ізденуден жалықпайтын шығармашыл тұлға болса, ол сабақты түрлендіріп, тұлға жүрегіне жол таба біледі. Сондықтан олардың функционалды сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыруда мұғалім жұмысын жаңашыл педагогтар еңбектерімен таныстыру жұмыстары жас мамандардың үздіксіз ізденісін айқындайды.

Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын [8, 2].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. www.akorda.kz/.../kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-n., 16.01.2019

  2. https://baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-44473, 11.12.2018

  3. Бортко Т.Г. Проблемы социализации учащихся общеобразовательных школ Казахстана. - Алматы, 2005. – 45 б.

  4. Парсонс Т. Понятие общества: компоненты и их взаймоотношения. / Под. ред. В.И. Добренькова. - М., 2000. – 99 б.

  5. melimde.com/bolasha-mamandardi-kesibi-izifushilifin-alipta, 16.01.2019

  6. http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/janartyilgan-bagdarlama-blm-berudeg-jana-mazmun-103589/, 16.01.2019

  7. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010. – 52 б.

  8. Скендірова А. Жаңа формациядағы педагогтың жеке элитарлы тұлғалық үлгісімен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері. // «Педагогика және психология». №1 - Алматы, 2009. - 127-130 бб.

  9. https://aikyn.kz/2018/07/09/59872: сілтемеге жүгіну күні – 11.12.2018

  10. Педагогический энциклопедический словарь / Гл.ред. Б.М. Бим-Бад; - М., Большая энциклопедия, 2003. – 528 б.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее