«Зима 2025»

Желтоқсан желі ызғарлы (кездесу кеші)

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»



Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта



Сабақтың барысы:

1-жүргізуші. Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 23 жыл толып отыр.

2-жүргізуші. «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

1-жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.

Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.

«Желтоқсан желі ызғарлы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

1-оқушы:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

2- оқушы:

Жазалаушы қара құрттай қаптады,

Қазағымды қырып – жойып таптады.

Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,

Қарсы шығып ел сенімін ақтады.

3- оқушы:

Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

4 – оқушы:

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

5- оқушы:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

6 – оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршыннан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

7 – оқушы:

Желтоқсан – қайсар, ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған –

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

8 – оқушы:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

Көрініс студенттердің алаңға шығуы

  1. Жүргізуші:

Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.

9- оқушы: Ләззаттың анасының жоқтауы:

Оу, көздің жасын бұлайын,

Жүректі жеді – ау уайым.

Саған ғұмыр бермеді – ау

Жарылқағыш құдайым.

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман.

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін Алладан.

Құлыным менің қор болды –ау?!

Заманың сенің зор болды –ау?!

Желтоқсанның қайғысы

Сан анаға сор болды – ау?!

Заманына қайқайып,

Қарсы тұрған боташым.

Алтын сақа асықтай

Алшы тұрған боташым.

Дәл өзіңдей қыз туған

Менде арман бар ма екен?!

Конінір Сабина

2- Жүргізуші:

Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.

10-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

1-жүргізуші. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

Корініс Кайраттын туткындалуы





1- жүргізуші:

1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.

12 – оқушы:

Көзіңнен айналайын төңкерілген,

Көрікті қабағыңмен көмкерілген,

Жанарың алға ұмтылып атылып тұр

Сұмдардың өткеліндей өңменімен.

Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,

Үстінде топырақтан ба шатыр?

Жазықсыз, жас тәніңді қинағанда

Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?

Ақиық ақын болып кетер ме едің,

Туғаннан «Халқым» дедің «Ұлтым» дедің.

Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің,

Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер

Жолыңа құрбан болып кетер едім.

13 – оқушы:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

14 – оқушы. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

15- оқушы:

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шығары

16-оқушы:

Тәуелсіздік! Берекенің біл басы

Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы

Қазақстан, сен бір елсің жаһанға

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы

  1. жүргізуші

Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет, Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті ұғым тізгіні берік қолда.

17 – оқушы Қазақстанның жаңа ел ордасы Астана туралы.

Биіктігі 91м Қазақ елі монументі, Призидент резиденциясы, Ақорда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік Бәйтерек, Пирамида, 2 мың орындық Думан ойын –сауық орталығы, 30 мың кісілік Астана жабық стадионы- осының бәрі Тәуелсіз мемлекет Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтады.

13- оқушы:

1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее