«Зима 2025»

Жыл мезгілдері(ертегі)

Бұл материал 2 сынып мұғалімдеріне арналған.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы

Жыл мезгілдері (ертегі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.1. сөйлеу барысында мақал - мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану .

2.2.6.1. кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс- әрекетін бағалау.

2.3.2.1. мұғалімнің көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып өлең шумақтар мен санамақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін көрсете алады.

Көбі: мәтіннің мазмұнын түсінеді, түсінгені бойынша өз сөзімен түсіндіреді

Кейбірі: Жыл мезгілдеріне өлең, жұмбақ құрастырады

Жетістік критерийлері

Оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді, түсінгенін жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Жыл мезгілдері- времена года -seasons

Күз - осень - autmn Қыс - зима- winter

Көктем - весна- spring Жаз - лето-summer

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын

АКТ қолдану

Слайд, интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мәтінді мазмұндау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






8 минут

Психологиялық ахуал

Кәне шеңбер құрайық,

Дөңгелене тұрайық.

Жасырынған сөздерден

Тобымызды табайық.

" Бір қадам артқа" әдісі

Алдыңғы білім " Ағаштар неге ашуланды?" мәтінін мазмұнын сұрау.

- Ағаштар ашуланбағанда не болатын еді?

- Алмабекке ағаштарды қалай күту керектігі жайлы қандай кеңестер бересің?

Жыл мезгілдеріне байланысты сөз тіркестері жазылып тасталады.Оқушылар бір-бірден алады.(Ақ түтек, жаңа жыл, көк шалғын, төлдеген мал, ұйтқыған боран,сұр бұлт, сарғайған жапырақ, құстар дауысы,аналар мерекесі,күн мен түн теңеледі,аптап ыстық, мол жауын, оқушылар демалады, сабақ басталады,жасыл дала, шаңғы тебу)

- Әр топ аталған сөз тіркестері қай уақытқа тән. (қыс, көктем, кұз, жаз) Сол сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтады.

-Осы жыл мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер қазақша, орысша немесе ағылшынша?

- Не себептен қолдарыңыздағы парақшалаларыңыз түсі осы сөздерге байланысы бар ма? Неліктен?

- Осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтуға болады?

- Қандай жыл мезгілдерін ұнатасың ? Неліктен?

Слайд




смайликтер


Жыл мезгілдерінің суреттері


Сабақтың ортасы 5 минут







7 минут
























4 минут


















7 минут







5 минут

Сабақтың тақырыбын білім алушыларға тапқыза отырып, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ертегінің авторы Ш. Күмісбаев туралы оқушылардан білетіндерін сұрап, қосымша мәліметтер беру. (Бұл жерде "оқушының үніне" көңіл бөлу)

"ДЖИКСО" әдісі

Мәтінді топтарға бөліп беріп өз беттерімен оқытып, тізбектей, дауыстап оқыту. Сағат тілімін топ басшылары барып түсіндіру.

" Ойлан- Жұптас - Талқыла"

1- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Көктем

Көрікті, сұлу қыз, жаны нәзік



2- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Жаз

Ашық- жарқын, жайдарлы мінезді, адал, таңғы шықтай мөлдір, көңілді қыз.



3- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Күз

Сәл нәрсеге ренжиді, бұртиып қабағын түйеді, көз жасын тыя алмайды, жомарт және ақкөңіл ерке ұл.



4- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Қыс

Шатақ мінезді, сотқарлау, бірбеткей, шымыр.басынан сөз асырмайтын қиқар ұл.


Кері байланыс : "Жұдырықтан бес саусаққа дейін"

Жұдырық - егер тапсырмада көп қателер жіберсе;Үш саусақ - егер тапсырма - егер тапсырма жақсы деңгейде орындалса; Бес саусақ - егер тапсырма өте жақсы деңгейде орындаса .

Шығармашылық тапсырма:

1- топ:

...... - көрікті. ...... - жайдарлы. .... - жомарт. ......- қаһарлы.

2-топ:

Шырша неге жыл бойы жап - жасыл?

3- топ:

Топ аттарына сәйкес жұмбақ құрастыру.

4- топ:

Топ аттарына сәйкес өлең шығару.

Дескриптор: білім алушылар

- Жыл мезгілдерінің атауын жаза білді.

- Дереккөздерді пайдаланып сұраққа жауап береді.

- Жұмбақ құрастыра білді.

- Өлең құрастыра білді.

Саралап оқу: " Конверт- сұрақ" әдісі (үлгерімі төмен оқушыларға) Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша сұрау.

1. Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)

2. Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

3. Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)

4. Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Қорытындылау: «Тілші» әдісі арқылы өтілген сабақ бекіту.

- Егер табиғатта жыл мезгілдері ауыспаса не болар еді?

- Тек қана қыс немесе көктем, жаз немесе күз болып тұрса қалай болар еді?

- Ертегідегі жыл мезгілдерін кейіпкер сипаттағандай өмірдегі адамдардың мінез- құлқы сәйкес келе ме?

- Өмірде осындай мінезді адамдар кездесе ме?


Автор Ш. Күмісбаев портреті










А3 парақтар, маркер













смайликтер






А3 парақтар, маркер




Ауызша кері байланыс







Суреттер




Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия «Блоб ағашы»






Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы

Қолдау көрсету.

Топта деңгейлері әртүрлі балалар отырады, қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен топтық тапсырманы бірлесе орындайды.

Қабілеті жоғары оқушылар оқыған мәтінді мазмұнын өз сөзімен келесі топтарға түсіндіріп береді, тақпақ жазады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқыған мәтін мазмұны бойынша , суретке сәйкес сөздер мен сөз орамдарын айтады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Көшеде ауа райына байланысты сақтау қажет ережелерді айту.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее