«Зима 2025»

2 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру

Оқушыларға 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдерін түсіндіру. Оқушылардың математикалық білім интеллектісін дамыту.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Математика, 2 «А» сынып.

Тақырыбы: 2 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау.

2.Оқушылардың математикалық білім арқылы интеллектісін дамыту. Есептеу машықтарын      жетілдіру. Өздіктерінен жұмыс істеу. Жеке, топтық жұмыста шапшандылық танытуға машықтандыру.

3.Өзін – өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.

Сабақ түрі: ойын

Көрнекілік: оқулық, көбейту кестесі, кескіндемелер

Сабақ кезеңдері:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа тақырып

ІҮ Логикалық тапсырма

Ү Кескіндемемен жұмыс

ҮІ Бағалау

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Психологиялық алхау:

Шөлеркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын,

Нұрын сыйлап біздерге

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Тірек білімдерін жетілдіру. «Иә, жоқ» арифметикалық ойын.

708 санында 7 жүздік 8 ондық бар (жоқ)

489 саны 490 санның алдындағы сан (иә)

920, 290, 209 сандардың әрқайсысында 9 жүздік бар (жоқ)

200+20+2 өрнегі 222 тең (иә)

Егер 300-ге 20-ны қосса 302 болады (жоқ)

499 саны 500-ден 1-ге кем (иә)

893 саны 839-дан артық (иә)

ІІ Үй жұмысын тексеру:

11+12+13+17+18+19=90

22+26+28+27+150+24+23=300

21+22+23+27+28+29=150

290+250+240+210=990

ІІІ Жаңа тақырып:

Жұптық жұмыс, 2-ге көбейту кестесін сұрау

Оқушыларды жреби арқылы топқа бөлу

№ 2 тапсырма  Есептердің шешуін жаз «Теңге алу ойыны»

а) Бір қорапта 6 қарындаш бар. Осындай 2 қорапта қанша

қарындаш бар?

ә) 12 дәптерді 6 оқушыға теңдей бөліп берді. Әр оқушы

қанша дәптерден алды

б) Дүкенде әрқайсысында 8 килограмнан 2 жәшік сәбіз

әкелінді. Барлығы қанша килограмм сәбіз әкелінді?

в) Бір қорапта 8 шырын бар. 2 қорапта неше шырын бар?

2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады.

2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады.

№3 тапсырма

1топ – 20-ға дейінгі жұп сандарды жазады.

2топ – 20-ға дейінгі тақ сандарды жазады.

ІҮСергіту сәті

№5 тапсырма. Есептерді шығар. Кері есептер құрастыр.

«Сақина тастау»

а) 18 бала жұптасып сапқа тұрды. Қанша жұп болды?

ә) Бір отрядта 6 ғарышкер бар. Екі отрядта қанша ғарышкер

бар?

№6 Логикалық тапсырма «Арқан тартыс»

Үстелде шие салынған 3 стақан тұр. Мәлік бір стақандағы

шиені жеп қойды да, бос стақанды үстелге қойды. Неше стақан қалды?

                    

Екінші ауысымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр. Олар

бірінші ауысымда оқитын үш жолдасын кездестірді. Мектепке барлығы неше бала

бара жатыр?

№7 кескіндеме «Бәйге»

ҮҚорытынды:

Бес жолды өлең

Зат есім - Көбейту кестесі

Сын есім – Қызықты

Етістік – Жарыстық

Синоним – Арифметика

Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма: 193бет №4 тапсырма



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее